Сабақтың мақсаты: оқушыларға өзін тани білудің маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Білімділік: оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды шынайылыққа тәрбиелеу
|
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
1. https://infourok.ru
2. https://www.zharar.com/kz
|
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.
1. №1 - сабақ. Дәптеріндегі суреттерді бояу.
2. Келесі сабақ. №2, Василий Сухомлинский «Сенің өзің» әңгімесін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Өзіңе өзің қызмет ету дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Қанағатшыл болуға үйренудің маңызы қандай?
3. Жақсы қасиеттерді шыңдаудың қандай пайдасы бар?
4. Өзің күнделікті немен шұғылданасың?
|
Т – ережесі:
1.Тәртіп.
2.Талап.
3.Тыныштық.
4.Тазалық.
5.Татулық.
|
3. Сабақтың дәйексөзі.
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)
“Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп”.
Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.
Сұрақтар:
1. Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі?
- Сөзбен, көзқараспен, күлімсіреумен, жанасумен, іспен, түсінісумен, оймен.
2. Жүрегіміздегі сүйіспеншілік гүлінің ашуына не ықпал етеді?
- Біз тек риясыз қызмет еткенде ғана жүрегіміздегі риясыз сүйіспеншілік гүл жарады.
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
|
4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)
Жаратылыс табиғаты.
Бір адам судан бір құлап-бір тұрып шыға алмай тұрған шаянды көреді. Шаянды құтқару ниетімен адам қолын созғанда шаян оны шағып алады. Адам шаянды сонда да судан құтқаруға тырысады, бірақ шаян қайта шағады. Мұны көрген біреу жақындап қайта-қайта шаққан шаянды несіне құтқарасың деп ақыл айтады. Сонда жаңағы кісі: “Шағу шаянның табиғатында бар нәрсе. Менің табиғатымда болса сүю бар. Неге шаянның табиғатында шағу бар деп мен өзімнің сүю табиғатымнан бас тартайын?” дейді.
Сұрақтар:
1. Әңгіме ұнады ма?
2. Адам баласының бойында қандай құндылықтар мен қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?
3. Әңгіме қай құндылық туралы айтылған?
4. Өздеріңнің өмірлеріңде осындай жағдайлар кездесті ме? Әңгімелеп беріңдер.
|
|
5. Шығармашылық жұмыс:
Тапсырма: Берілген сұрақтар бойынша ой – толғау жазыңдар.
Мен кіммін?
Менің мақсатым қандай?
Менің арманым не?
|
|
6. Топпен ән айту
«Көңілді күн».
Әні: Ұ.Жолдасовтікі
Сөзі: А.Дүйсенбі
1. Теріп едік жемісін сезім бақтың,
Сыйластықтың алауын өзің жақтың.
Сенің думан тойыңның әнін естіп,
Есігіңді шыдамай өзім қақтым.
Қайырмасы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,
Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп.
Есігіңнен мен кіріп келгенімде
Қуандың ау балаша мені көріп.
Қайырмасы:
Бүгін қандай тамаша
Көңілді күн 3-рет
Сені қуанышыңмен құттықтаймын
Бақытты бол, жан досым!
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. №2 - сабақ. Жоба тапсырмасы
Әрбір адамды оның келешегі қызықтыратыны сөзсіз. Ал келешегіңнің жарқын, ашық болуы тек өзіңе байланысты. Сондықтан жобадағы алғашқы қадамың – «Жақсы адам қандай қандай болу керек?» деген сұраққа жауап іздеу.
Мұны түсіну үшін өзіңе сұрақтар қойғаның жөн.
- Менің қалауым не?
- Мен нені жақсы көремін?
- Мені не қызықтырады?
2. Келесі сабақ. №3, «Ағаштағы ұлу» аңызын оқып келу.
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|