Тақырыбы: «Отбасы сүйіспеншілік пен жанашырлық мекені» Ұйымдастырушы: Доскариева К. Г



Дата17.04.2024
өлшемі18.64 Kb.
#499052
ата ана сцен 19а (1) (1)


Тақырыбы: «Отбасы – сүйіспеншілік пен жанашырлық мекені»
Ұйымдастырушы:Доскариева К.Г
Түрі: ата – аналар мен студенттерге арналған коворкинг
Мақсаты: педагогикалық процестегі үштік одақ: студент , ата – ана, колледж арасындағы байланысты нығайту және қоғамдағы өзекті мәселелерді бірлескен түрде шешу арқылы тәрбиелеу.
Міндеті:
1. Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау;
2. Өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу;
3. Көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;
4. Адамгершілік құндылықтарды дәріптеу;

I Құрметпен, қошеметпен ата-ананы қарсы алу.
Музыка қосылып, Студенттер қызыл кілемнің екі жанына тізіліп тұрады.
Әр студент өз анасын құрметпен ішке кіргізіп жайғастырады, қалған студенттер қошемет көрсетеді.
II Танысу шеңбері.
Куратор: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және студенттер!
Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің Филология бөлімінде ұйымдастырылып жатырған ата- ана мен студенттерге арналған «Отбасы – сүйіспеншілік пен жанашырлық мекені» коворкингке қош келдіңіздер!
Мен сіздермен көріскеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі құрметті қонақтарымыз - 1/9/ А тобының ата-аналары. Ендеше ата-аналар бір бірімен жақсылап танысуға мүмкіндік бергім келіп тұр. Ол үшін Сіздерді ортаға шақырамын.
Танысу шеңбері.
Шарты: Сыртқы шеңбер сөйлейді, ішкі шеңбер тыңдайды.
Ата-аналар сыртқы және ішкі шеңбер құрап тұрады. Сыртқы шеңбер ішкі шеңберге 30 секунд ішінде өзіне қарсы тұрған адамға өзі туралы таныстырады. Уақыт біткен кезде сыртқы шеңбер сағат тілі бағытымен келесі адамға өзі жайлы таныстырады. Осылай барлық адамдарға өзін айтып шығады. Енді ішкі шеңбер сыртқы шеңберге ауысады да ол өзін барлығына кезек – кезегімен алдымен өзін таныстырып өзіне қарама -қарсы тұрған танысқан адамы туралы есінде қалған ақпаратпен бөліседі. Және Танысқаныма қуаныштымын деп келесі адамға қозғалады.
III TEAMBUILDING
Екі топқа бөліп отырғызу. Конфеттерге жазылған мақалдың сыңарын табу арқылы топтастыру Қыздарға қатысты мақал мәтелдер және ұлдарға қатысты мақал-мәтелдер жалғасын табу арқылы екі топқа бөлінеді
Мысалы:
Қыздар тобына
«Қызым саған айтам ...» жалғасын табу керек «келінім сен тыңда»
«Қыз өссе ....» жалғасын табу керек «елдің көркі»
«Гүл өссе ...» жалғасын табу «жердің көркі»
Ұлдар тобына
«Ата көрген жалғасын табу оқ жонар»
«Жігітке ..... жалғасын табу жеті өнерде аз»
«Ұл туғанға ...... жалғасын табу күн туған»
«Ұлың үйленсе ...... жалғасын табу ырысың»

IV Жасырын камера. Топтағы қызықты сәттер және колледждегі тыныс тіршіліктері.

  1. Ата-аналар назарына балаларының колледждегі жүріс-тұрысынан, сабақ барысындағы әрекеттерінен жасырын видео көрсету.

  2. Колледж қабырғасына келгеннен бүгінгі күнге дейінгі жасалған жұмыстарға шолу.

V «КІМ ЖЫЛДАМ?»

  1. ата- ана өз баласының көз жанарын ұсынылған суреттерден табу керек.

  2. Экранда жасырылған жұмбақтар арқылы өз баласының атын табу керек.

VI «Психолог құмырасы»
Психолог маман құмыра арқылы баланың ішкі және сыртқы күйін сипаттау жұмыстарын жүргізеді.
VIІ «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні»
Экранда әртүрлі жағдаяттарға байланысты әртүрлі суреттер көрсетіледі, ата – аналар топтаса отырып мағынасын ашатын мақал немесе мәтелдер келтіру керек.
Қыздың аңқауынан сақта мақал
Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала
Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер
Кішіпейілділік – кішілік емес кісілік
Семіздіктк қой ғана көтереді
Ұяңда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің
Білім инемен құдық қазғандай
Батамен ел көгереді, жаңбырмен жер көгереді
Тәкәппарлықты тәңір сүймес
VIІI Қоғамдағы актуалды проблема.
Арнайы бейнекөріністе көрсетілген екі түрлі тәрбие жағдаятына байланысты мәселені шешуге бағытталған креативті постер немесе шығармашылық жұмыстар жасау ұсынылады.
1 топ: Ақылсыз бала таққа отырса әкесін баса жаздайды
2 топ: Тәрбие тал бесіктен
IX «Кітап кейіпкерін тап»
Қатынасушыларды ортаға шақырып , кітапта жасырынған кейіпкерді үш сөйлеммен сипаттау.
(бұл жерде кітап ішінде жасырылған айнадан кейіпкер өзін көріп, қандай ата -ана екендігін сипаттайды)
Х Қорытынды
Ата – аналарға колледж директорының атынан Алғыс хаттар табысталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет