Мұғалім: М.Әуезовтың әйгілі туындысы «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді оқып берейін. «Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып «Әй. Шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр,.. Сәлем бер – деді. Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде қонақ үйдің сыртында қасында екі-үш үлкен кісі бар – Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды». Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалмасын», «Әкең жіберсе бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңе керегін дайында» деп әкеге құрмет көрсетуге қызмет етуге баланы жасынан анасы үйретіп отырады.
Мұғалім: Адам жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды.
Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей, ата-анаңды аялап бақсаң, армандарың орындалады. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
Ана деген – асыл жандар болаттай,
Ана деген – мөлдір жандар бұлақтай,- деп ақын жырлағандай, әйел тек аяулы ана, нәзік қыз ғана емес, сонымен қатар белсенді қызметкер. Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен. Ана – перзент тәрбиешісі.Ана – қызметкер,
Ана – ғалым, Ана – зейнеткер.
Елін ,жерін сүйетін, ей,адамдар!
Алдымен ананы аялаңдар!
Ана – алып бәйтерек.
Бәйтеректің бауырына топтасып саялаңдар!
Құрметтесек ана қауымын құрметтейік.
Айзере: Үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана
Аят: Дүниедегі ең сұлу - әйел. Әйел – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әлемдегі ізгі адам. Әйел – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірбан ана. Ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.
Қ:Балам, мен көрші сыныпта болғалы жатқан «Әке жүрегі таудан үлкен, ана жүрегі теңізден терең» атты ашық тәрбие сағатына бара жатырмын. Сен әлі жассың-дей бергенде,