Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы Кейіпкерлер әлемі. Сабақ



бет1/5
Дата19.05.2022
өлшемі226.58 Kb.
#457197
түріСабақ
  1   2   3   4   5
қмж адебиет 2


Сабақ 3

Мұғалімнің аты-жөні: Сапуанова Махаббат Еркебулановна

СЫНЫП: 8



Қатысқан оқушылар саны: 23



Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақтың тақырыбы:



Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы
Кейіпкерлер әлемі.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

8.Т/Ж3.Көркем шығармадағы образ.Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу

Сабақ нәтижесі:



Оқушылардың барлығы:
Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбының идеялық мазмұнын ашады.
Оқушылардың көбісі:
Міржақыптың проза саласына қалам тартқан жазушы екенін, «Бақытсыз Жамал» тұңғыш роман екенін таниды
Оқушылардың кейбірі:
өз бетімен оқып -үйрену дағдыларын қалыптастырады, өзіндік пікір айтуға үйренеді

Бағалау критерийі

Тақырыптың үзіндісін мәнерлеп дұрыс оқиды.
Үзіндідегі кейіпкер бейнесіне талдау жасап, кейіпкер образын анықтайды.
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашады..

Тілдік құзіреттілік

кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездеме

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі.

Алдыңғы оқу

Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман-“Бақытсыз Жамал”. Автор бейнесі

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы
5 минут

Бағалау парақшасымен таныстыру
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Үй жумысын тексеру.
Міржақып Дулатовтың қандай қырларымен таныстық?

Міржақып Дулатов өмірі мен шығармашылығы оқушылардың білімдерін жинақтау үшін «Жылдар сөйлейді» жарысын ұйымдастыру. /Интербелсенді тақтада көрсетілген 7 сұраққа топ бойынша жауап беру керек/. Бағалау парақшасында топ басшысы бағалайды.
І топ
1. 1885 жылы ( Торғай уезінің , Сарықопа болысының бірінші ауылында дүниеге келген)
2. 1897 жылы ( Мұқан Тоқтабайұлынан дәріс алады)
3. 1904 жылы ( Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұзтазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі)
4. 1909 жылы( Уфада «Оян, қазақ!» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көреді)
5. 1913 жылы (А.Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетінде жұмыс жасайды)
6. 1915 жылы («Терме» атты кітабы шығады)
7. 1935 жылы (Балтық теңізі , Сосновец тұтқын лагеріне жер аударылады, сол жерде көз жұмады)
8. 1988 жылы( қылмыстық ісі қайта қаралып , біржола ақталды)
9. 1993 жылы ( оның денесі Балтық теңізінен өзінің туған жеріне әкелініп, қойылды)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет