Сабақтың Тақырыбы Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Кребс циклі. Жалпы мақсаты



Дата03.04.2024
өлшемі201.82 Kb.
#497494
түріСабақ
митохондрия


Бекітемін: Тобы: Пәні: биология
Күні:  Пән мұғалімі: Б.Р.Әдна

Сабақтың
Тақырыбы

Митохондрияның құрылымы мен қызметтері. Кребс циклі.

Жалпы
мақсаты

Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тынысалу үдерістерінің өзара байланысты орнату.

Күтілетін нәтиже

Митохондрия құрылымдары мен жасушалық тыныс алу процестерінің арасында байланыс орнатады.
Митохондрияның құрылымы мен қызметтерін сипаттайды;

Пән аралық байланыс

Жаратылыстану пәндері.







Қолданылатын ресурстар

А4 қағаз, түрлі-түсті қаламдар, Оқулық, қосымша материалдар,А3 қағаз, түрлі-түсті қаламдар, таратпа материалдар

Ұйымдастыру кезеңі


Сабақтың басы

І.Ұйымдастыру кезеңі:
Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу.
«Көңіл-күйді анықтау»стратегиясы (белсенді оқыту әдістері)
Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйі арқылы жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту, арттыру.
Қолданылуы: Оқушылар өзінің көңіл-күйлерін келтіретін смайликтерді немесе табиғат құбылыстары арқылы да көрсетуге болады. Олар суреттерді бір-біріне көрсетеді. Сабақ соңына дейін көңіл-күйді көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс түрі: Топпен
Митохондрия-ұзындығы 1,5-10 мкм, ені 0,25-1,00 мкм-дей екі мембраналы органоид. Барлық эукориоттық жасушаларға тән. Созылмалы органоидтер. , рет 1850ж жәндіктердің бұлшықетінде Р.А.Келликер анықтады. Оларға «саркосома» деп атау берді.1894ж Р.Альтман «биопласт»,ал 1847ж К.Бенда «митохондрия деп атады.
Оқулық мәтінімен жұмыс:
Білім алушыларға мәтін бөліктерін бөліп беремін.
1. Неге әртүрлі жасушаларда митохондрияның мөлшері мен пішіні әртүрлі..
2. Митохондрияның сыртқы және ішкі мембранасын құрылысының ерекшеліктері бойынша салыстырыңдар.
Дескриптор:
- әртүрлі жасушаларда митохондрияның мөлшері мен пішіні әртүрлі болу себебін анықтайды;
- Митохондрияның сыртқы және ішкі мембранасын құрылысының ерекшеліктері бойынша салыстырады.

А4 қағаз, түрлі-түсті қаламдар 

А3 формат,СТО Бағалау













Сабақтың ортасы:

2.Тапсырма: Митохондрияның құрылымы сипатталған 1.1.сурет арқылы оның негізі A, B, C, D белгіленген бөліктерін анықтаңыздар:

Дескриптор:
митохондрияның құрылымын сипаттайтын A бөліктерін анықтайды;
-митохондрияның құрылымын сипаттайтын B бөліктерін анықтайды;
-митохондрияның құрылымын сипаттайтын C бөліктерін анықтайды;
-митохондрияның құрылымын сипаттайтын D бөліктерін анықтайды;
Бағалау:Келісемін. Келіспеймін

Оқулық, қосымша материалдар

А3 қағаз, түрлі-түсті қаламдар



Сабақтың соңы

«Баспалдақ» стратегиясы (белсенді оқыту әдісі)
- Сабақ басында қойылған мақсаттарға жеттік бе?
- Күтілген проблемалық мәселелерді шеше алдық па?
Рефлексия:
Студенттер сабақ соңында алған білімдерін «Баспалдақ» стратегиясы көмегімен бекітеді.

Үй тапсырмасы:
Тақырыпты толық оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беру;

Таратпа материалдар


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет