Сабақтың тақырыбы: «ms excel-дің мүмкіндіктері»



бет1/5
Дата10.11.2023
өлшемі1.35 Mb.
#482956
түріСабақ
  1   2   3   4   5
ms-excel-din-mumkindikteri-54284f0d14ae4


Информатика 8 класс
Өткізген: Еренова Назгүл Бексұлтанқызы,
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
Ембі қаласындағы №2 орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі


Сабақтың тақырыбы: «MS EXCEL-дің мүмкіндіктері»


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға EXCEL бағдарламасы бойынша білімді меңгерту
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік, ақпараттық-технологиялық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелілік: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, интерактивті тақта, мультимедиа құралдары.


Сабақтың әдісі:

  1. Баяндау

  2. Сұрақ-жауап

  3. Практикалық жұмыс

  4. Ойын

  5. Тест



Пәнаралық байланыс: математика, география


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Қайталау

  4. Практикалық жұмыс

  5. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  6. Ойын

  7. Тест

  8. Сабақты бекіту

  9. Оқушыларды бағалау

  10. Үйге тапсырма



1. «Кім білімпаз?» Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Электрондық кесте неден тұрады?

Жауап: Excel-де құрылған файл жұмыс кітабы болып табылады. Кітап жұмыс парақтарынан тұрады. Жұмыс парағы кесте түрінде беріледі.


  1. Excel-де бағандарды қалай белгілейміз?

Жауап: Бағандар латын алфавиттың әріптерінен және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттың 26 әріпінен кейін АА, АВ,.....ZZ әріп комбинациялары басталады.


  1. Excel-де жұмыс парағы неше бағаннан тұрады?

Жауап: 256 бағаннан тұрады.


  1. Excel-де жолдарды қалай белгілейміз?

Жауап: Excel-де жолдарды сандармен нөмірленген.


  1. Ұяшық дегеніміз не?

Жауап: Ұяшық баған мен жол қиылысынан тұрады. Әрбір ұяшықтың баған мен жол атынан құрылған адресі болады. Мысалы F


  1. Excel-дің кеңейтілуі?

Жауап: Excel-дің объектілерімен өңделген .xls кеңейтілуі түрінде берілген файл оның құжаты болып табылады.


  1. Excel-де жұмыс парағы неше жолдан тұрады?

Жауап: Excel-де жұмыс парағы 65536 жолдан тұрады.


  1. Электрондық кесте ұяшығына деректердің кандай типтерін енгізуге болады?

Жауап: Электрондық кесте ұяшығына сан, формула, мәтіндік ақпараттарды енгізуге болады.


  1. Мәтіндік, сандық, дата, уақыт жазбаларына мысал келтіріңдер

Жауап: Санның мәндері бүтін, ондық бөлшектер, арнайы символдар: доллар, процент, плюс, минус т.с.с. Мәтін алфавиттік-сандар симводарынан тұрады. Уақыт, дата арасында нүкте бар сандардан тұрады.


  1. Электрондық кестедегі формула деп нені айтады?

Жауап: Тең болады таңбасымен басталып енгізілген ақпаратты айтады. Формула математикалық амалдармен жұмыс жасауға арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет