Сабақтың тақырыбы: Наурыз. Наурызда берілетін баталар. Сабақтың мақсаты: Білімдік



Дата07.07.2016
өлшемі49.92 Kb.
#183931
түріСабақ
Күні: 22.02.13

Пәні қазақ тілі

Сыныбы: 4г

Пән мұғалімі:

Хидуллина З.Ж.

Сабақтың тақырыбы: Наурыз. Наурызда берілетін баталар.

Сабақтың мақсаты:

Білімдік:


  • жуан және жіңішке буындарды ажырата алуға дағдыландыру;

  • жаңа сөздерді қарым-қатынаста қолдана алуға бейімдеу;

  • Наурыз мейрамы, наурызда берілетін бата туралы мәлімет беру.

Дамытушылық:

лексикалық тақырып бойынша ауызекі және жазба тілін дамыту.



Тәрбиелік:

  • достыққа, татулыққа, шақыру;

  • өзара ынтымақтастық орната алуға баулу.

Күтілетін нәтиже:

  • наурыз мейрамы, бата туралы толық мәлімет алады;

  • салт-дәстүрлер модулін аяқтап, пысықтау тапсырмаларын орындайды;

  • өткен грамматикалық тақырыптар бойынша алған білімді бекітеді.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, аударма жұмыстары, венн диаграммасы, бес жол өлең, топтастыру.

Көрнекілігі: слайд, бата түрлері, наурыз туралы ән-жырлар, жарапазан.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру: (3 мин)

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Сабаққа бейімдеу (тіл дамыту сұрақтары)

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?



- Қыс айларын атаңыздаршы?

- Қыста күн қандай болады?

- Бүгін ауа-райы қалай?

- Жұма қандай күн?

- Бүгін аптаның қай күні?

- Кеше қандай күн болды?

- Ертең қандай күн?

Енді балалар, суретке қарап, мынандай сұрақтарға жауап беріңіздер.(тақтада слайд арқылы өткен тақырыптар бойынша суреттер көрсетіледі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру (слайд аспаптар, ұлттық киімдер, киіз үй)(7 мин)

Ұлттық музыкалық аспаптардың суретін көрсету арқылы түсінік беруді сұрау;

Ұлттық киімдер туралы сұрау. Қазақ халқының ұлттық киімдері нені білдіреді? Ер адамдардың киімдері қандай?

Әйел адамдардың киімдері қандай?

Киіз үй туралы сұрау.


  1. киіз үй қай халықтың баспанасы?

  2. киіз үйдің негізгі бөлшектері нелер?

  3. «қара шаңырақ» деген қандай ұғым?

Салт-дәстүрлер туралы сұрау

  1. Біз сіздермен қандай салт-дәстүрлермен таныс болдық?

  2. Қазақ халқында той көп пе?

  3. Бала дүниеге келгенде қандай той жасайды?

  4. Бала жүре бастағанда қандай той жасалады? Тойда қандай жыр айтылады?(Қаз-қаз балам, қаз балам...)

  5. Бала мектепке барғанда қандай той жасалады?

  6. Шашу қандай дәстүр?

  7. Қазақ халқында тағы қандай үлкен той бар, көктемде тойланады?

Үй тапсырмасын бекіту: «Бес жол өлең» стратегиясы(3 мин)

Той


Көңілді, қызық, әдемі

Билейді, ән айтады, бата береді

Тойға көп қонақ жиналады

Мереке
ІІІ Жаңа сабақ: (слайд наурыз, музыка)



Мұғалімнің кіріспе сөз: Балалар, слайдтан қандай мереке туралы көрдіңіздер? (наурыз туралы қысқаша баяндаймын) ( 5мин)

Оқулықпен жұмыс.(20 мин)

Сөздікпен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.(слайд)

Үндестігін – гармонию

Теңеледі – равняется (день равеноденстивя)

Бұлақ – родник таза бұлақ, мөлдір бұлақ

Қадірлі – уважаемый қадірлі кісі. Менің атам қадірлі адам.

Кісі – человек

Ынтымақ – солидарность

Бірлік – единство Елімізде бірлік болсын!

Құт-береке – благополучие отбасыңа құт-береке тілеймін.

Ежелгі - древний



Оқылым. (слайд)

1-жаттығу. Оқы, аудар.

Наурыз – жыл басы. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз мейрамы - Ұлыстың ұлы күні.

22 Наурызда күн мен түн теңеледі. Халық мерекеге дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады, ағаш отырғызады. Әжелер, аналар дәмді тағамдар пісіреді. Дастарқанның басты тағамы - наурызкөже. Мерекеде жастар ән салады, би билейді. Үлкен кісілер бата береді.


  • Балалар, біз сіздермен бұдан бұрын бата туралы естідік пе?

  • Қане, кім айтады кім қандай бата біледі? (Тілашар тойында берілетін бата туралы еске түсіру)

  • Ақылды бол, дана бол,

  • Адасқанға пана бол.

  • Жақсыны мақта,

  • Нашарды жақта,

  • Момынды сыйла!

  • Келесі мәтінге көңіл бөліңізші.

Бата беру – қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Жасы үлкен қадірлі кісілер тойда, қонақта бата береді. Әр тойдың өз батасы болады. Наурыз мерекесінде де бата беріледі. Батада жақсылық, ынтымақ, бірлік, құт-береке тілейді.

Орыс тіліндегі аудармасы:

Наурыз – начало года. Это праздник показывает гармонию человека и природы. Наурыз мейрамы – это Великий день. 22 марта равняется день и ночь. Народ готовится к празднику. Они очищают родники и сажают деревья. Бабушки, мамы готовят вкусные блюды. Главная еда дастархана – наурызкоже. На празднике молодежь танцуют и поют. Старшие дают благославение.

Благославить – древняя традиция казахского народа. Старшие по возрасту уважаемые люди дают благославление на паздниках и на гостях. У каждого праздника бывают свои благославения. И на празднике Наурыз дают благославение. В тексте благословения желают доброту, солидарности, единства и благополучия.
Мәтінді бекітуге арналған тест тапсырмасы. Айтылым.(слайд)
1.Наурыз ...

а) жыл басы

ә) жыл ортасы

б) жыл аяғы

2. Ұлыстың ұлы күні ... тойланады

а) 31 желтоқсан

ә) 8 наурыз



б) 22 наурыз

3. Наурыздың басты тағамы...

а) бауырсақ

ә) ет


б) наурызкөже

4. Наурыз мерекесінде не беріледі?

а) сыйлық беріледі

ә) бата беріледі

б) шай беріледі

5. Наурыз қандай мейрам?

а) тамаша мейрам

ә) отбасы мейрамы

б) ұлттық мейрам

Деңгейлік тапсырмалар. Айтылым. Жазылым.(слайд)
ІІІ деңгей. Айтылым.

3-жаттығу. (103бет)

1. Жақша ішіндегі сөздердің лайықтысын тап.

2. Күн,ұлы сөздеріне фонетикалық талдау жасау


ІІ деңгей. Айтылым.

2-жаттығу. (103бет)

1. Наурыз мерекесін қалай тойлайсың? Әңгімеле.

2. Күн,ұлы сөздеріне фонетикалық талдау жасау


І деңгей. Жазылым. Тақтамен жұмыс.

5-жаттығу. (103бет) Көп нүктенің орнына керекті әріптерді жаз.

1.Ұлы күні ұлыстың

Күн мен түнді теңеген.

Тәтті дәмін ырыстың

Таттық наурызкөжеден

2.Күн,ұлы сөздеріне фонетикалық талдау жасау
Наурыз сөзін топтастыру (слайд)
Наурыз - мейрам, ұлттық мейрам, Ұлыстың ұлы күні, жыл басы, жаңа күн, рамазан, күн мен түн теңеледі, бата беріледі, Қыдыр ата,

ІV Сабақты қорытындылау:

а) Венн диаграммасы (3 мин)

Еуропаша Жаңа жыл мен Наурыз – жыл басын салыстыру.

ә) Сөздіктегі жаңа сөздермен жұмыс. Сәйкесін тап.

Үндестігін родник

Теңеледі древний

Бұлақ гармонию

Қадірлі равняется (день равеноденстивя)

Кісі солидарность

Ынтымақ уважаемый

Бірлік благополучие

Құт-береке единство

Ежелгі человек


б) Енді бізге сабағымызды қорытындылау үшін Турихан деген оқушымыз Наурыз батасын береді.

Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың!

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барсаң, жол болсын!

Әумин!
V Релаксация.

Тақтаға құмыраның суретін іліп қойып, арнайы қиылған гүлдерге Наурыз мейрамына арналған жақсы тілектерді жазып гүл шоғырын дайындау.

VІ Үйге тапсырма:

а)103 беттегі 4-жаттығу өлеңді жаттау;

ә)Жаңа сөздерді қайталау.(1 мин)

VIІ Бағалау (1 мин) әр қатарда белсенді жұмыс жасаған оқушыларды мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет