Сабақтың тақырыбы: Негіздердің химиялық қасиеттері, олардың қолданылуы.
Сабақтың мақсаты:білімділік: суда еритін негіздер-сілтілер мен ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттерін салыстыра
сипаттау арқылы білім, білік дағдысын қалыптастыру;
тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу,
экономикалық тәрбие беру;
дамытушылық: химиялық заттармен жұмыс істей білу; химиялық реакция теңдеулерін сипатты жазу дағдысын дамыту; тіл шеберлігін,
білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Әдісі: дамыта оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Лабораториялық тәжірибелерге қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер; видеопроектор, экран, интерактивті тақта.
Сабақтың жоспары:
-
Қайталау – оқу анасы.
(Не білемін...)
-
«Сен оқысаң, мен тоқығам!»
(Зертханалық тәжірибелер)
-
«Білегі күшті бірді, білімі күшті мыңды жығады»
(Тапсырмалар)
-
«Білімнің басы бейнет, түбі зейнет»
(Қорытынды)
Жүрісі:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды топ деңгейлерін ескеріп, 3 топқа бөлу; тапсырмалар, лабораториялық тәжірибелер жазылған үлестірмелерді тарату, әр топтың алдына
қажетті зертханалық жабдықтар, реактивтер қойылды.
ә) Сабақтың ұстанымы, жоспары таныстырылды.
б) жинақтылық, зертханалық тәжірибеде қышқыл, сілтімен жұмыс істеудің сақтық ережелерін еске салу.
-
Өткен тақырыпқа шолу жасау:
-
Негіздер дегеніміз не?
-
Негіздер қалай жіктеледі?
-
Суда еритін сілтілерді ата?
-
Қандай индикаторларды білесің? Сілтілер индикаторларды қандай түске бояйды?
-
Жаңа сабақ:
1. Лабораториялық жұмыстар:
а) Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуі:
NaOH + HCI = NaCI + H2O
Cu(OH)2 + 2HCI = СuСI2 + H2O
ә) Сілтілердің қышқылдық оксидпен әрекеттесуі:
Cа(OH)2 + CO2 = CaCO3 + H2O
б) Сілтілердің тұздармен әрекеттесуі:
2NaOH + CuSO4 = Cu(OH)2 + Na2SO4
в) Суда ерімейтін тұздардың қыздырғанда айырылуы:
Cu(OH)
2 t CuO + H
2O
Оқушылар (әр топтан бір оқушыдан шығып) зертханалық жұмыстарды жүргізу арқылы қорытынды жасап түсіндіреді және реакция теңдеулерін сауатты жазып, түсіндіреді.
Мұғалім видеопроектордан көрсетілген схемамен негіздердің химиялық қасиеттерін (оның ішінде жаңа ұғым – бейтараптану реакциясына баса назар аударып) қорытындылайды.
1. Негіздердің қолданылуы:
Видеопроектордан негіздердің: NaOH
КOH
Cа(OH)2
қолданылуын суретті көрсетілімнен оқушылар өздері әңгімелейді (3 оқушы).
Мұғалімнің түсініктемесі:
Cа(OH)
2 Cа(СІО)
2 алыну жолы
2Cа(OH)2 + 2CІ2 = Cа(СІО)2 + 2H2O
хлор әгі, кальций гипохлориті
Cа(СІО)2 + CО2 + H2O = CaCO3 + 2НСІО
хлорлау қышқыл
2НСІО = 2НСІ + O2
Хлор әгінің зарарсыздандырғыш қасиетін түсіндіреді.
-
Бекіту.
Деңгейлік тапсырмалар:
І-топ – № 1; № 5.
ІІ-топ – № 2; № 10.
ІІІ-топ – № 9; № 13
«Кім жылдам?» ойыны.
-
Зат есім.
-
Физикалық қасиеті.
-
Химиялық қасиеті.
-
3 топ NaOH; КOH; Cа(OH)2 бойынша жарысады.
-
Қолданылуы.
-
Синонимі.
-
Қорытындылау.
Венн диаграммасы арқылы сілтілер мен ерімейтін негіздердің қасиеттерін қорыту.
Н е г і з д е р
-
Сілтілер:
-
Суда ериді.
-
Индикатор түсін өзгертеді.
-
Термиялық тұрақты.
-
БейМехОу әрекеттеседі.
-
Тұздармен әрекеттеседі.
|
Қышқылмен әрекеттесуі
|
Ерімейтін негіздер:
-
Суда ерімейді.
-
Индикатор түсін өзгертпейді.
-
Термиялық тұрақсыз.
-
БейМехОу әрекеттеспейді.
-
Тұздармен әрекеттеспейді.
|
-
Үйге тапсырма:
§43. І-топ – № 6.
ІІ-топ – № 12.
ІІІ-топ – № 8.
Шығармашылық тапсырма:
IV тарауға «Су. Ерітінділер. Негіздер.» Сөзжұмбақ, ребус құрастыру.
Сілті мен қышқыл ерітінділерінің әсерінен индикаторлар түсінің өзгеруі
-
Индикатор
|
Ортадағы индикатордың түсі
|
Қышқылдық
|
Сілтілік
|
Бейтарап
|
Лакмус
|
қызыл
|
көк
|
күлгін
|
Фенолфталейн
|
түссіз
|
таңқурай түсті
|
түссіз
|
Метилоранж
|
қызғылт
|
сары
|
қызылсары
|
Химиялық қасиеті:
-
қышқылдармен: 1. сілті + қышқыл → тұз + су Бейтараптану
2. ерімейтін негіз + қышқыл → тұз + су реакциясы
-
қышқылдық оксидпен: кальций гидроксиді + көміртек (ІV) оксиді → кальций карбонаты + су
-
тұздармен: 1. сілті + тұз → суда ерімейтін негіз + тұз
2. суда ерімейтін негіз + тұз → әрекеттеспейді
-
қыздырғанда: 1. сілті ыдырамайды
2. ерімейтін негіз → оксид + су