Пәні:
|
Материалтану
|
Тобы:
|
3б КШТ
|
Уақыты:
|
9.12.2014жыл
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оригами.Мерекелік шарлар дайындау
|
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:
|
А) Ақпараттық құзыреттілік: Оригами туралы білімдеріне сүйене отырып, білім және іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Ә) Коммуникативтік құзыреттілік: Қағазды көркем бүктеу арқылы, мерекелік шарларды бүктеу әдістерін меңгерту.
Б) Проблеманы шешу құзыреттілігі: Меңгерген білімдерін кgүнделікті өмірде пайдалана білуге, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін дағдыландыру.
|
Сабақтың түрі:
|
Аралас сабақ, дамытушылық сабақ
|
Сабақтың типі:
|
іскерлік пен дағдыны қалыптастыру
|
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:
|
А) Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландырудағы негізделген технологиялар: ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру
Ә) Әдістемелік білім жетілдіру және дидактикалық қайта құрастыру негізіндегі педагогикалық технологиялар: дидактикалық бірліктерді ірілендіру, ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру, модульдық
Б)АКТ
|
Сабақтың әдісі:
|
А) білім алу көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, көрнекілік, практикалық
Ә) таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер:
түсіндірмелі-иллюстративті, репродуктивтік, проблемалық, ішінара зерттеу, эвристикалық
В) білімді бақылау, бағалау әдістері т.б.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Сызу, оқу шеберханасындағы практикум, сурет, қолөнер
|
Оқыту құралдары:
|
«ОРИГАМИ» Эйлин О Брайн и Кейт Нидхем
«Оригами» Т.Б.Сержантова «Еңбекке баулу әдістемесі» М.Н.Сүлейменов, Л.А.Жайманова
|
Сабақтың барысы:
|
Оқытушының қызметі
|
Студенттің қызметі
|
Күтілетін нәтиже
|
І. Ұйымдастыру бөлімі Психологиялық кезең
|
Оқушыларды түгелдеу.
Барлық топтын оқушылары орындарынан тұрып, бүгінгі сабаққа тілек айтады.
Топ студенттерін төрт топқа бөлемін.
|
Студенттер мұғаліммен амандасады, Әркім көршілеріне сәттілік тілейді!
-
Ісмерлік шеберлігіңді өте жақсы орындауыңа тілектеспіз!
|
Сабаққа дайын болу, бір-бірімізге психологиялық көңіл –күй тілеу.
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақты пысықтау
| -
«Сәйкестендір»
-
«Базалық форманы ата»
-
«Сәйкестендір»
-
«Базалық форманы ата»
|
Әртоптан бір оқушыдан кезек-кезек келіп тапсырманы тақтада орындайды.
-
Үй
-
Есік
-
Кітап
-
Қос үшбұрыш
-
Құймақ
-
Құс
-
Балық
-
Батпырауық
-
Катамаран
-
Үш бұрыш
|
Коммуникативтік құзыреттілік қалыпдастыру, сөйлеу мәдениетін дамыту. Проблема ны шешу құзыреттілігін мәселе қою арқылы оның жолын таба білу шеберлігін анықтау.
Қағазды бүктеу арқылы бұйымдар жасау
Қағазды ширату арқылы бұйымдар жасау
Кез-келген бұйымды заман талабына сай орындау
Жапсыру арқылы орындалған жұмыс
Өткен сабақты қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді жинақтау.
|
ІІІ. Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалды қабылдауға дайындық
|
|
Техника қауіпсіздік ережелерін жұмбақтар арқылы шешу.
-
Жоқ өзінде баста, қаста, мойын да,
ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)
2. Жарқылдаған қос қылыш,қолға тисе жоқ тыныш.(қайшы)
|
Коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру
Студенттердің ойлау қабілеттерін ашу, сөйлеу қабілеттерін дамыту
Жұмбақ шешу техникасы арқылы ойлау қабілетін дамыту, және қауіпсіздік ережелерінде ұғындыру
|
IV. Жаңа білімді бекіту
|
Қытайлық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңалық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алынған жаңқаны жұқалап, түрлі бейнелер салуға пайдаланыпты. Осылайша, қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады.
VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алса, бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберектен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.
Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі.
Тек қиялымызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны.
|
Әр топтағы оқушылар бұйымның жасалу кезеңін ретімен тақтаға орналастырады.
Қолөнердің квиллинг, оригами, скрапбукинг (ағыл. scrapbooking – «құрақкітап»), папье-маше (фр. papier mâché – шайналған қағаз), аппликация (лат. аpplication – жалғау, жабыстыру). Демек мұнда пайдаланылатын негізгі материал – қарапайым қағаз.
|
Проблеманы шешу құзыреттілігі
|
V. Машықтық кезең
|
Тапсырма: Бұйымның технологиялық картасын дұрыс орналастыр.
|
Студенттер әр топтан бір студенттен шығып,бұйымның жасалу кезеңін ретімен көрсетеді. Кезеңдерін дұрыс тапқаннан кейін әр топ орындарынан берілген тапсырманы орындайды.
|
Іскерлік пен дағдыны практика мен ұштастыру.Балаларды бірлікке,ұжымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу
|
ҮІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау.
ҮІІ. Бағалау.
|
Рефлексия.
Оқушыларға:
-
Кімге бүгінгі сабақ ұнады, қолдарынды жоғары көтеріндер?
Мұғалім:
-
Маған да ұнады.Өте қызық сабақ болды.
Cендерге әр тапсырма сайын берілген «смайликтерді» санап шығайық! Қай топтың көңілді смайликтері көп болса сол топқа жақсы ұпай беріледі.
Қане, барлығымыз мерекелік шарларымызды көрсетейік! Барлық студенттер бағаланады! Қателік тұстары айтылып, түзетіледі.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар құрметті студенттер!
|
Барлығы қолдарын жоғары көтереді!
Студенттер бұйымдарын, тобы мен бірге қорғайды. бағаланады.
Сауболыңыз!
«Жас технологтар» 40 ұпай
«Шеберлер» тобы 50 ұпай
«Дизайн» тобы 50 ұпай
«Оригами» тобы 60 ұпай жинап алға шықты.
|
Студенттер бос уақытын тиімді пайдалану. Алған білімдерін өмірде, практикада қолдану.
Бағалану, мұғаліммен қоштасу
|