Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Өркениет: даму ерекшеліктері
|
Мектеп: ФМБ НЗМ
Астана қ.
|
Мерзімі:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Несипов Б.Р., Шагимолдин Е.О.
|
Сынып:
|
Қатысушылар саны:
|
келмегендер:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Орталық Азия:тарихи және географиялық аспектілер ұғымы (1 сабақ)
|
Сабақтың типі
|
Жаңа материалмен таныстыру сабағы
|
Оқу мақсаты
|
10.1.1.1-аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін «Орталық Азия» ұғымын қолдану
|
Оқу мақсаты
|
Орталық Азияның ерекшеліктерін сипаттайды
|
Бағалау критериилері
|
Бағалау критериилері
|
Оқыту мақсаты
|
аймақтың тарихи және географиялық ерекшеліктерін сипаттау үшін «Орталық Азия» ұғымын қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу мен түсіну / Қолдану /
|
Дескриптор
|
Оқушы:
Орталық Азияның ерекшеліктерін біледі;
Орталық Азияның географиялық айырмашылықтарын түсінеді;
Орталық Азияның тарихи даму ерекшеліктерін талдайды
|
|
Тілдік дағдылар
|
Оқушылар таратпа материалдарды пайдалана отырып, орта ғасырдың хронологиялық және тарихи ерекшеліктерін анық көрсететін инфографиканы жасайды;
Тақырыпқа қатысты сөздік және терминология:
Орта Азия, көшпелі өркениет
Диалогке қажетті сөз тіркестері:
Келесі себептер / факторлар қысқа мерзімді / орта мерзімді / ұзақ мерзімді болып табылады ...
Ең маңызды себептер (факторлар) / болды ...….
|
Құндылықтарды дарыту
|
Басқа өркениеттер мен мәдениетке құрметпен қарау;
Әлемдік тарихты отандық тарих контексінде қарастыра отырып дәстүрлі мәдениетке құрметтеу қарауды қалыптастыру
|
Пәнаралық байланыстар
|
Геграфия, дүниежүзі тарихы
|
АКТ-ні пайдалану
|
Бұл сабақта интерактивті тақтаны және презентацияны пайдалануға болады
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар бұған дейін кейбір Орталық Азия елдерінің аймақтық ерекшеліктерімен таныс
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 мин
|
Кіріспе
Жеке жұмыс.
Педагогикалық ойын әдіс көмегімен тарихи талдаудың мәнін және жеке пікірдің дәлелді мәлімдемесінің қажеттілігін түсіндіру керек.
Оқушыларға өздеріне қатысты өткен жылы болған 5 маңызды оқиғаларды жеке өмірінен мысалға келтіре отырып, бұл оқиғалардың шын мәнінде болғандығын дәлелдеуді ұсыну.
5 минуттан кейін оқушыларға оқиғаларды тізімдеу сұралады.
Оқушыдан аталған оқиғалардан бір оқиғаны дәлелдеуді ұсыныңыз.
Оқушының келтірген мысалдарын сынға алыңыз
Мысалы, Түркиядағы тарихи мұражайда болғаныңызды қалай білуге болады?
Оқушы мүмін суретті көрсету арқылы дәлелдей алатынын айтуы мүмкін. Оқушыдан қосымша дәлелдемені талап ету және Түркиядағы мұражайға барудың сенімді екендігіне күмәндану. Қосымша сұрақтар қойыңыз. Мысалы, фотосуреттер Photoshop арқылы алынды ма?
Оқушы оқиғаның дәлелі туралы ойлана бастайды. Егер оқушы қиналса, диалогты оқыту әдістерін қолдану керек.
Сыныпқа төмендегідей сұрақтар қою ұсынылады:
Сіз оны қалай дәлелдей аласыз ба?
Басқа қандай дәлел бере аласыз ба?
Оқушылар өз ойларын ұсына бастайды, олар тақтаға жазылуы керек.
Ең бастысы, оқушыларға тарихта өз пікірлерін ұсынып қана қоймай, оны дәлелдеуге тура келетіндігін айтыңыз, бірақ сіз оны тарихи дереккөздерді қолдана отырып әртүрлі аргументтерге сілтеме жасау арқылы дәлелдеулеріңізге тура келеді.
Дерек көздерінің түрлері:
Нақты;
Жазба;
Ауызша және көрнекі;
Педагогикалық оқыту әдісінің мәні оқушыларға тарихта өздерінің пікірлерін дәлелдер мен фактілерге сілтеме жасау арқылы дәлелдеуі керектігі және тарихи дереккөздерді пайдаланып, қолданылған дереккөзге міндетті түрде сілтеме жасау керек.
|
Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне және қабылдауына, өзінің пікірін дәлелді ұсыну қажеттілігіне назар аударыңыз.
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Сыныпты жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттарымен, сондай-ақ бағалау критерийлерімен таныстыру. Сыныпты шағын топтарға бөліңіз. Топтарға бөлу кезінде дифференциациялау әдістерін қолдану ұсынылады.
Зерттеу
Оқушыларға осы оқу жылында тарихты өркениет контексінде оқитынын айту. Оларды көрсету және Орталық Азияның географиялық ерекшеліктері туралы мәтінді көрсету.
Оқушылар Орталық Азия аумағын анықтап, Орталық Азия аумағы туралы болжамды бағалауы керек. Олардың көзқарасы бойынша қай теорияның дәлірек екенін, тарихи даму ерекшеліктеріне сүйене отырып дәлел келтіру.
Орталық Азияның аумақтық шекараларын көрсету қажет екеніне оқушыларға нұсқау беріңіз.
Орталық Азияның аумақтық шекарасы туралы гипотезаны қалайша ерекшелендіретіні және қазіргі теорияны бағалайтыны туралы Орталық Азия аумағы туралы өздерінің гипотезасын жасауы керек.
|