Күні: 12.11.14
Сынып: 2 "ә"
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік - тірі организм.
Мақсаты:
Білімділік: Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдіктің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың жүйелі ойлау қабілетін дамыта отырып, танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс істеп, қорытынды шығаруға машықтандыру.
Тәрбиелік: Байқағыштыққа, бір – бірін құрметтеуге, қоршаған ортаға қамқор болуға, табиғатты сүюге баулу.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, өсімдік суреті
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, баяндау, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу
- Өткен сабақ бойынша ой-пысықтау
- Сабақтың мақсатымен таныстыру
2. Өткенді пысықтау.
-Табиғат нешеге бөлінеді?
-Тірі табиғатқа нелер жатады?
-Өлі табиғатқа нелер жатады?
-Өсімдіктер неге тірі табиғатқа жатады?
3. Жаңа сабаққа кіріспе.
с
4. Жаңа сабақ.
Өсімдіктер – тірі ағза, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік етеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жер бетінде тек гүлді өсімдіктердің ғана 300 мыңға жуық түрі өседі. Кейінгі кездері мектеп, балабақша, салтанат сарайында, әсем ғимарат орындарында гүл өсіру мәселесіне аса мән берілетінін көріп жүрміз. Түрлері де көп. Ендеше гүлді тек жердің көркі деп түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді. Оларды аялап, күтсең оның да саған деген пайдасы болмақ. Адам баласының өсімдік өсіруге ерте кезден-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі - бөлме өсімдіктерінің сәндік мақсатта өсірілуі. Тіршілік үшін өсімдіктің алатын маңызы зор. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, өсімдіктерді қорғау — басты міндеттің бірі. Өсімдіктер қоры таусылатын, бірақ қайтадан қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Ғылыми деректерге қарағанда, отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек. Біздің ормандарымызда жыл сайын ағаш қосымша өсіріледі де, 460 млн га кесіледі. Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен толықтырылып отыруы керек. Республиканың табиғи өсімдіктерінің 400-ден астам түрі қала парктерін, көше бойларын және жекелеген алаңдарды көріктендіру үшін пайдаланылады.
Оқулық бойынша мәтінді оқушыларға оқытқызу.
Ойын: «Ағаштағы жапырақты жинау»
- Балалар, біздің ағашымызда біраз жапырақтар қалып қойыпты. Қане, соны біз теріп алайық. Егер ағашта жапырақ қалып қойса не болады? (Қар жауғанда қардың салмағымен ағаш сынып кетуі мүмкін)
- Дұрыс. Олай болса біз ағашта қалып қойған жапырақты жинап, ағашқа көмектесейік. Бірақ бұл ағаш жай ағаш емес, бұның жапырағының артында бізге берілген жұмбақтар, сұрақтар, мүмкін есептер де бар. Қане соны орындап көрейік. Егер біз бұларды орындасақ, онда ағащқа көмектескеніміз.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағашатар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен болып өседі.
Қорытынды: Бүгінгі сабақтан "Не білдім?", "Не білгім келеді?" өз ойларын жазғызу.
Күн қуатынан және топырақтан қоректеніп, өсімдік өседі, гүлдейді, жеміс, тұқым береді. Өсімдік болмаса, тірі организмдер өзіне қажетті қоректі таба алмайды. Орман, шалғын, дала өсімдіктері жануарлардың тіршілік ететін ортасы. Адам өмірінде жасыл өсімдіктің маңызы өте үлкен. Қолайлы жерлерге өсімдікті отырғызып, күтетін себебі, олар ауаны тазартады, шуды азайтады, шаңдарды бойына жұтады.
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үй тапсырмасы: "Өсімдік- тірі ағза" мазмұндау.
Машықкер: ____________ А.А.Сағынаева
Әдіскер: ______________ Г.А.Шакирова
Сынып жетекші: _______ М. Жамбыловна
Достарыңызбен бөлісу: |