Педагогтің аты-жөні
|
Шарипканова Альбина Сергеевна
|
Күні:
|
08.12.2024
|
Сынып: 7 «А»
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Отбасы—өмір аясы
|
Сабақ мақсаты
|
Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
|
Құндылық
|
Ар – ұят
|
Сабақтың барысы.
|
|
Сабақтың кезең
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурс
тар
|
Басы
|
Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Әнұран орындалады.
|
Психологиялық ахуалға берілген тақпақтарды дауыстап айтып, тілді жаттықтыру және жаңа сабаққа назар аудару.
|
|
Психологиялық ахуал.
|
Ортасы
|
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға
салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.
Балаларға сұрақ қою.
1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,
Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
|
Берілген сұраққа жауап беріп, өз ойларын білдіру.
|
Форма
тивті бағалау.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
.
|
|
Соңы
|
Қорытынды:
Отбасы:
• сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді;
• жақсылыққа жетелейді;
• еңбектенуге, білім алуға көмектеседі;
• үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.
Балалар отбасы әр адамның жақсылық бастауы, тәрбие көзі екенін түсіндіріп, оқушылардың бойында өз отбасына деген сыйластық қарым-қатынасының дами түсуіне ықпал жасайды.
|
Балалар бір біріне деген тілектерін білдіреді.
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |