Шамиганова Алмагуль Манаповна
бастауыш сынып мұғалімі
Көкшетау қаласы «№17 орта мектебі» ММ
Сабақтың тақырыбы: «ӨТКЕНДІ ПЫСЫҚТАУ»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету; танымдық қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру; ұжым болып жұмыс істеуге төселдіру; жылдамдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, практикалық сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Пысықтау, сұрақ-жауап, озық технологиялар элементтері, танымдық тапсырмалар, ойын
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, ойындар, ойыншықтар, «математика ассоциациясы», математикалық жұмбақтар, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг. Оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
«Қар қиыршықтары» ойыны. Сынып оқушылары ортаға шығып тұрады. Қолдарында өз есімдері жазылған ақ парақшалары болады. Оқушылар қолдарындағы ақ парақтарын умаждап қар сияқты дөңгелетіп, бір-біріне лақтырады. Жерде жатқан қар қиыршықтарын қолдарына ала отыра қағазды қайтадан ашады. Қағаз ішіндегі баланың есімін оқиды және оған міндетті түрде «саған бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!» деген сөздерді айтуы керек.
ІІ.Сайыс жоспары:
-
Таныстыру, ұрандарын айтқызу.
-
Математика пәні бойынша есептер шығару.
ІІІ. Топтармен таныстыру
«Білгірлер» тобы. Ұраны: «Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ».
«Тапқырлар» тобы. «Есептеуді білмейтін адам, түк білмейтін надан»
«Алғырлар» тобы. «Ақыл – азбайды, білім - тозбайды».
«Зеректер» тобы. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»
ІҮ. «Математика» сөзіне ассоциация жасау.
«Күннің шуағын шашайық» ойынын ойнау. Бұлт арасына жасырылған күннің шуағын ашу. Ол үшін берілген сұраққа жауап беру.
-
47 санын 3-ке арттыр;
-
100 санын 15-ке кеміт;
-
50 мен 12 сандарының айырмасының мәнін жаз;
-
90 санынан 70-ті азайт;
-
7 ондық 6 бірліктен тұратын санды жаз;
-
1 сағатта неше минут бар?
-
72-ні 8-ге бөлгенде неше болады?
-
Бірінші көбейткіш 100, екінші көбейткіш 5, көбейтіндінің мәні нешеге тең?
логикалық ғылым оқулық
есептер
сандар, цифрлар сөзді есептер
-
Көбейту кестесі фигуралар
амал, таңба
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Біз бүгінгі сабағымызда топтар арасындағы жарыс түрінде өткіземіз. Жарыс барысында сендер ауызша, жазбаша есептерді жарыса шығара отыра сендердің танымдық білімдерін дамытылады. Балалар, сендер «Әлемдегі жеті кереметті» естіген, білетін шығарсыңдар. Оларды еске түсірсек:
1.Египет Пирамидасы
2.Тажд Махал мазары
3.Үлкен Каньон
4.Ұлы Қытай қорғаны
5.Рим колизейі
6.Петр Иорданийдің ғиббадатханасы
7.Перу қаласындағы Мачу-Пикчу көне қалашығы.
Әлемдегі осы 7 кереметті біз естіп, көріп, біліп жатырмыз. Ал балалар, бүгінгі күні адамға ең қажет, адам үшін өмірдің 7 кереметі бар екен, сол 7 кереметті сендер білесіңдер ме? Енді адам үшін өмірдегі 7 кереметтің қалай аталатынын сабақ барысында біз таныса отыра, топтар арасындағы жарысымызды бастаймыз.
1.Адам үшін өмірдің бірінші кереметі – бұл «КӨРУ»
1 – тапсырма: а)«Ойлан, тап!» ойыны. №1. (Қарап тұрып тез жауабын беру)
«Білгірлер» «Тапқырлар» «Алғырлар» «Зеректер»
12∙2= 12∙4= 350:5= 600:3=
140:20= 600:20= 48:2= 7∙12=
ә)Логикалық тапсырмалар орындау: (қарап тұрып тез жауабын беру)
-
Тауық 1 аяғымен тұрса 3 кг болады, екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3кг)
-
Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды столдың үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды. ( 5 )
-
Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды. (түйеқұс ұша алмайды)
-
Бір- бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір түлкі Бәрі нешеу кім білді? /сегіз/
2.Адам үшін өмірдің екінші кереметі – бұл «ЕСТУ»
2 –тапсырма: «Тез ойла!» (тыңдай отыра есептің жауабын анықтау)
№2.Сөзді есептер шығару.(ауызша)
А) Ерлердің 40 сырт киімін тігу үшін 200 м мата керек. 60 м матадан осындай неше киім тігуге болады?
Ә) Ерлердің 40 сырт киімін тігу үшін 200 м мата керек. Ал баланың 1 сырт киімін тігу үшін, ересек адамның бір киіміне қарағанда 3 м мата кем пайдаланылады. Баланың 1 сырт киімі үшін неше мерт мата жұмсалады?
№3. Сөзді есепті шығару.
Б) бірінші орамда 120 м, ал екінші орамда 60 м мата бар. Бір креслоны қаптау үшін 4 м мата керек. Осы матаның барлығы неше креслоны қаптауға жетеді?
3.Адам үшін өмірдің үшінші кереметі – бұл «СЕЗІНУ»
3-тапсырма: Сергіту сәтін өткізу: (музыка әуенін сезіну)
Музыка әуенімен би қимылдарын жасау.
4.Адам үшін өмірдің төртінші кереметі – бұл «ДӘМ СЕЗУ»
4 – тапсырма: «Сыйлық» ойыны (кәмпит жей отыра өрнектердің мәнін табу. Кәмпит қағазында жасырылған өрнек жазылғаны келген оқушы сол өрнектің жауабын айтады)
Тақтамен жұмыс. №4.
«Білгірлер» «Тапқырлар» «Алғырлар» «Зеректер»
84:3= 52: 4= 15∙5= 27∙3=
620:20= 760:4= 18∙40= 570:3=
290∙3= 16∙2= 840:20= 65:5=
5.Адам үшін өмірдің бесінші кереметі – бұл «СИПАП СЕЗУ»
5 – тапсырма: «Математикалық жұмбақтар» (оқушылар көздерін жұма отыра математикалық жұмбақтың шешімін алдарындағы ойыншықтарды сипап-сезу арқылы жауабын табады)
«Білгірлер» «Тапқырлар»
Аулада 5 үйрек, 11 түйе, 5 жылқы,
Қорада 3 үйрек. 2 сиыр, 2 ешкі.
Бір үйрек тығылды, 2 қоян, 3 түлкі
Бір үйрек жығылды. Таба алмасаң бол күлкі (25)
Қалғаны неше үйрек? (6 үйрек
«Алғырлар» «Зеректер»
Орманнан шықты 40 аң, Алдында үш балапан,
Қайтып кетті 15 аң. Артында үш балапан.
Қайтпады олардың нешеуі, Ақ тауық пен балапан,
Кәне, кім тез шешеді? (25) Айтшы санын балақан. ( 8 )
6.Адам үшін өмірдің алтыншы кереметі – бұл «ҚУАНУ»
6 – тапсырма: «Тапқыр болсаң ұтып көр» ойыны (берілген өлшем бірліктеріне айналдыру, дұрыс жауапқа қол шапалақтау)
№6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыр:
«Білгірлер» «Тапқырлар»
3 тәул.= сағ 4 ғ.= жыл
4 ц 15 кг= кг 5 ц 2 кг= кг
2 дм 7 см= см 8 м 9 см= см
45 см= дм см 120 мин= сағ
«Алғырлар» «Зеректер»
6 сағ 20мин= мин 12 мин= с
2 ғ. 50 жыл= жыл 4 тәул. 4 сағ= сағ
8 м 80 см= см 25 дм 8 см= см
700 см= м 3 ц 12 кг= кг
7.Адам үшін өмірдің жетінші кереметі – бұл «ЖАҚСЫ КӨРУ»
7-тапсырма: «Кім жылдам» сайысы (мұғалім дұрыс өрнек құрастырған оқушыны құшақтай отыра оған жақсы сөздер айтады)
№5. Берілген цифрлардан үштаңбалы ең үлкен және ең кіші сандар құрастыру. Олардың айырмасын тап. Нәтижеде алынған сандардың цифрларынан үштаңбалы ең кіші және ең үлкен сандар құрастыр. Олардың айырмасын тап. Осы тәсілмен 3 рет қайтала. Өрнектерді жаз:
«Білгірлер» «Тапқырлар» «Алғырлар» «Зеректер»
7, 2, 3 5, 6, 7 4, 3, 8 2, 6, 9
Қорытынды:
Сабаққа қорытынды жасау.
-Сабақ сендерге ұнады ма? Сабақтың қай кезеңдері ұнады?
-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Жеңімпаз топты жинаған ұпайларына сәйкес анықтау.
Мұғалім: Сонымен сабағымызды қорытындылай келе, сөз соңында айтарым адам өмірі қызығы мен қайғысы, қуанышы мен реніші бірдей өтетіндіктен, адам өз өміріндегі осы 7 кереметін бағалап, сақтай отыра дұрыс өмір сүре білсе, ал сендер де өз бойларындағы осы 7 кереметті күнделікті өмірде бағалай алыңдар. Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқандарыңа өз алғысымды білдіремін.
Бағалау:
Балалардың білімдерін сабақ барысында топтардың алған ұпай сандарын есептей отырып бағалау.
Үйге тапсырма беру: №7, 51-бет
1 – кезең: а)«Ойлан, тап!» ойыны. №1. (дәптерге жазу)
«Білгірлер» «Тапқырлар»
12∙2= 12∙4=
140:20= 600:20=
ә)Логикалық тапсырмалар орындау (ауызша)
«Білгірлер»: Тауық 1 аяғымен тұрса 3 кг болады, екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
«Тапқырлар»: Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелдің үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды.
«Алғырлар»: Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
«Зеректер»: Бір- бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір түлкі. Бәрі нешеу кім білді?
4 – кезең: «Сыйлық» ойыны
Тақтамен жұмыс. №4. (дәптерде орындау)
«Білгірлер» «Тапқырлар»
84:3= 52: 4=
620:20= 760:4=
290∙3= 16∙2=
5 – кезең: «Математикалық жұмбақтар» (ауызша)
«Білгірлер» «Тапқырлар»
Аулада 5 үйрек, 11 түйе, 5 жылқы,
Қорада 3 үйрек. 2 сиыр, 2 ешкі.
Бір үйрек тығылды, 2 қоян, 3 түлкі
Бір үйрек жығылды. Таба алмасаң бол күлкі.
Қалғаны неше үйрек?
«Алғырлар» «Зеректер»
Орманнан шықты 40 аң, Алдында үш балапан,
Қайтып кетті 15 аң. Артында үш балапан.
Қайтпады олардың нешеуі, Ақ тауық пен балапан,
Кәне, кім тез шешеді? Айтшы санын балақан.
№6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыр: (жазбаша)
«Білгірлер» «Тапқырлар»
3 тәул.= сағ 4 ғ.= жыл
4 ц 15 кг= кг 5 ц 2 кг= кг
2 дм 7 см= см 8 м 9 см= см
45 см= дм см 120 мин= сағ
7-тапсырма: «Кім жылдам» сайысы . №5. Берілген цифрлардан үштаңбалы ең үлкен және ең кіші сандар құрастыру. Олардың айырмасын тап.
«Білгірлер» «Тапқырлар» «Алғырлар» «Зеректер»
7, 2, 3 5, 6, 7 4, 3, 8 2, 6, 9
1 – кезең: а)«Ойлан, тап!» ойыны. №1. (дәптерге жазу)
«Алғырлар» «Зеректер»
350:5= 600:3=
48:2= 7∙12=
ә)Логикалық тапсырмалар орындау (ауызша)
«Білгірлер»: Тауық 1 аяғымен тұрса 3 кг болады, екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
«Тапқырлар»: Үстелдің үстінде 5 стақан сүт тұр еді, Әсел 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелдің үстіне қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды.
«Алғырлар»: Үш түйеқұс ұшып келе жатты.Аңшы олардың біреуін атып алды. Олардың қаншасы қалды?
«Зеректер»: Бір- бірімен жарысқа Төрт аю, бір арыстан Екі қой мен бір түлкі. Бәрі нешеу кім білді?
4 – кезең: «Сыйлық» ойыны
Тақтамен жұмыс. №4. (дәптерде орындау)
«Алғырлар» «Зеректер»
15∙5= 27∙ 3=
18∙40= 570:3=
840:20= 65:5=
5 – кезең: «Математикалық жұмбақтар» (ауызша)
«Білгірлер» «Тапқырлар»
Аулада 5 үйрек, 11 түйе, 5 жылқы,
Қорада 3 үйрек. 2 сиыр, 2 ешкі.
Бір үйрек тығылды, 2 қоян, 3 түлкі
Бір үйрек жығылды. Таба алмасаң бол күлкі.
Қалғаны неше үйрек?
«Алғырлар» «Зеректер»
Орманнан шықты 40 аң, Алдында үш балапан,
Қайтып кетті 15 аң. Артында үш балапан.
Қайтпады олардың нешеуі, Ақ тауық пен балапан,
Кәне, кім тез шешеді? Айтшы санын балақан.
№6. Көрсетілген өлшем бірліктеріне айналдыр: (жазбаша)
«Алғырлар» «Зеректер»
6 сағ 20мин= мин 12 мин= с
2 ғ. 50 жыл= жыл 4 тәул. 4 сағ= сағ
8 м 80 см= см 25 дм 8 см= см
700 см= м 3 ц 12 кг= кг
7-тапсырма: «Кім жылдам» сайысы . №5. Берілген цифрлардан үштаңбалы ең үлкен және ең кіші сандар құрастыру. Олардың айырмасын тап.
«Білгірлер» «Тапқырлар» «Алғырлар» «Зеректер»
7, 2, 3 5, 6, 7 4, 3, 8 2, 6, 9
Достарыңызбен бөлісу: |