Әож 341. 215. 4: 347. 152: 394 адам өмірі мен қҰндылықтары мемлекеттің басты байлығЫ



Дата13.06.2016
өлшемі92.65 Kb.
#133635
    Бұл бет үшін навигация:
  • Sаmmary
ӘОЖ 341.215. 4:347. 152:394
АДАМ ӨМІРІ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ
АБУБАКИРОВА ГҮЛНҰР МУРАТБЕКҚЫЗЫ

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Құқықтану кафедрасының оқытушысы

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары [1].

Сондықтан қандай жағдай болмасын, өлім жазасын қолданситетініуды мүлдем қолдамаймын. Лондон қаласында адам құқығына қатысты мамандар бас қосып, өлім жазасына қатысты мәселелерді талқылап, жиын өткізілді. Көптеген елдер қылмыскерге өлім жазасын қолдануға қарсы. Біздің еліміз осыдан сегіз жылдай бұрын өлім жазасына мораторий жариялады. Мораторийді бұдан әрі соза берудің қажеті жоқ. Алдағы уақытта өлім жазасын мүлдем алып тастауымыз қажет. Өйткені өлім жазасының елдегі қылмыс­тық ахуалды жақсартуға, қылмыскерді түзу жолға салуға ешқандай оң әсері жоқ.

Бұған әлемдегі талай зерттеушінің жүргізген көптеген зерттеуі мен ғалымдардың келтірген пайымдауларын дәлел ретінде келтіруге болады. Осы орайда әлемдік деңгейде терроризм секілді қауіпті әрекеттердің өршуіне орай елімізде өлім жазасын қалдырудың қажеттілігі жоқ.

Ал өте ауыр қылмыс түрлері саналатын әрекеттерге барған қылмыскерлерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажет. Бүгінде көптеген ел өлім жазасының орнына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолданып жүр. Әлем бойынша өршіп бара жатқан терроризм қаупінің сейілуіне де өлім жазасы оң әсер етеді деп ойламаймын. Өйткені террористер – онсыз да басын өлімге тіккен жандар. Ендеше, олар­ды өлім жазасымен қорқытамыз деу – күлкілі нәрсе. Рас, соңғы кездері елімізде педо­филдердің әрекеті өршіп кетті. Өз басым педофилдерге кастрация жазасын қолданған дұрыс деп санаймын. Өйткені көптеген ел педофилдердің істеген қылмысына қарай ең әділ жаза ретінде кастрацияны қолдануда. Егер педофил өз әрекетін қайталайтындай қауіп танытса, онда өмірлік бас бостандығынан айыру қажет.

Жалпы, терроризм қаупін сейілтеміз десек, өлім жазасынан гөрі, қоғаммен жұмыс істеу арқылы адамзаттың санасын сауықтыру әлдеқайда үлкен нәтиже берер еді. Біз қылмыскерді жазалаудан бұрын адамды қылмысқа итермелейтін нәрселермен күресіп, қылмыстың алдын алу жұмыстарын жүргізумен айналысуымыз қажет. Ешкім бас бостандығынан айырылып, түрмеде төрт қабырғаға қамалып отырғысы немесе өлім жазасына кесіліп, өмірден өткісі келмейді. Сондай-ақ адам өзінен-өзі террорист болмайды. Оны белгілі бір топ террорист болуға итермелейді. Сондай-ақ көбінесе жетім балалар үйінің тәрбиеленушілері қылмыскер болып шығады. Сондықтан балалар үйінің балалары кәмелеттік жасқа толған соң, қайда барады, қай жерді паналайды, қайтсек, дұрыс жолға түсіп, толыққанды азамат болып қалыптасады — осы мәселелерді шешумен айналысуымыз керек. Сонда қоғамымызда қылмыскерлер азайып, өлім жазасын қолдану туралы ойды ойламас едік [2].

Өлім жазасы – ежелден келе жатқан ең ауыр жаза. Өлім жазасы қоғамдағы ауыр қылмыстармен күресу үшін қолданылған. Көне замандарда негізінен патшаның әмірін орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты орындамаған жауынгерді өлім жазасына кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер кіретін бір ондық түгел өлтірілген. 13 ғасырда Еуропада басталған инквизиция католик шіркеуінің ілімінен дүниетанымы өзгеше адамдарға өлім жазасын (өртеу) қолданды. Ислам елдерінде кісі өлтірушілер, зинақорлар осы жазаға кесілді. Қазақ қоғамында да жазаның бұл түрі ауыр қылмыс жасағандарға қолданылды. Қанға қан қағидасын бірте-бірте құн төлету жазасы ығыстырғанымен, соғыс кезіндегі сатқындық, туыс адаммен көңіл қосу сияқты бірқатар қылмыстар үшін өлім жазасына кесті (ат құйрығына байлау, таспен атқылау). 20 ғасырдың 2-жартысында адам қоғамын ізгілендіру ағымының күш алуы нәтижесінде өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық шаралар іске асырыла бастады. Еуропа Кеңесі Адам құқықтары мен бостандығын қорғау туралы конвенцияға қосымша 1983 жылғы 28 сәуірде өлім жазасын жою туралы №6 хаттама қабылдады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықар. пактіге қосымша 1989 жылы 15 желтоқсанда өлім жазасын жою туралы екінші қосымша хаттама қабылдап, әлем елдерін сол хаттамаға қол қойып, қосылуға шақырды. Осы шаралардан кейін әлемнің 80-нен астам мемлекеті өз қылмыстық заңынан өлім жазасын алып тастады [3]. Қазақстанда өлім жазасы (ату) тек айрықша ауыр қылмыстар (лаңкестік, геноцид, айуандықпен кісі өлтіру, т.б.) үшін тағайындалады. 18-ге толмаған жасөспірімге, әйел адамға, сот үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамға қолданылмайды. Рақымшылық жасалған жағдайда өлім жазасы өмір бойына немесе 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда көптеген мемлекеттер өлім жазасын қолданудан заң түрінде бас тартып жатыр. Тіптен кейбірі бұндай аса ауыр жаза түрін мүлдем қолданбайтын да болды. Адамзатқа қарсы аса ауыр қылмыс жасап, лаңкестікке барып жатқандар болмаса, қылмыстың неше атасын жаса- ғандар тек өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бұл уақыттың жаңа талабы.

«Не шықса да батыстан шығады» демекші, «гуманизация» деген желеумен Еуропа мемлекеттері соңғы жылдары біраз дүниені өзгертіп үлгірді. Соның бірі біз сөз еткелі отырған өлім жазасын қолдану мәселесі. Өлім жазасынан бас тартқан мемлекеттірдің саны да жылдан-жылға сайын артып отыр. Нақты мысал келтіріп өтелік: Статистикалық деректерге қарағанда жылына орта есеппен 3 мемлекет аталмыш жаза түрін қолданудан бас тартады екен.

Елімізде әлемдік саясат аренасының салмақты фигуранттарының бірі болып отырғандықтан бұл үрдістен айналып өткен жоқ. 2003 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен өлім жазасына тыйым салынды. Арада бір жыл өткен соң, яғни 2004 жылы өлім жазасына балама ретінде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы енгізілді. Ал 2007 жылы Конституцияға жүргізілген реформалардан кейін өлім жазасы жаппай адам өліміне алып келетін террористік әрекеттер мен соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстарға қатысты ғана қолданылатын болды. Еліміздің саяси ахуалының тұрақтылығы мен бірлігін ескерсек, бұл Қазақстанның өлім жазасынан іс жүзінде бас тартты дегенін білдірсе керек.

Алайда ғаламдық саясаттың көздегені өлім жазасына мүлдем тыйым салу. Бұл мәселе Астана қаласында Сыртқы істер министрлігінде «Орталық Азияда өлім жазасын толық алып тастау: транзиттік өтпелі кезең мәселелері» тақырыбында өткен аймақтық конференцияда бұл мәселе тағы бір мәрте қаузалды. Шара Халықаралық түрме реформасының (PRI) ұйытқы болуымен ұйымдастырылыпты. Оған Еуропалық Одақ қаржылай қолдау білдірген. Халықаралық түрме реформасының Орталық Азиядағы өкілдігінің директоры Сәуле Мектепбаеваның айтуынша, бұл жиынның басты мақсаты өлім жазасына балама ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы енгізілгеннен кейін аймақ елдерінің алдарында туындап отырған қауіп-қатерлерді және өлім жазасын алып тастау үдерісін талқылау болып табылады. Конференция әлемнің 20 елінде жүзеге асырылып отырған «Орталық Азияда өлім жазасын толық алып тастау» жобасының аясында өткізіліп отыр. Қырғызстанда қазіргі таңда өлім жазасы мүлдем алып тасталған, ал Қазақстан мен Тәжікстанда жазаның бұл түріне мораторий жарияланғанымен, заңнамалық негізде ол әлі сақталып отыр.

Қазақстан іс жүзінде өлім жазасын қолданудан бас тартуды бірте-бірте жүзеге асырып келеді. Оны басында айтып өттік. Бұл мәселе өткен жылы бекітілген ұлттық жоспарда да айтылған болатын. Бұрындары өлім жазасы Қылмыстық кодекстің 16 құрамы бойынша белгіленсе бұл күнде бұл сан 8-ге төмендеген. Бүгінгі таңда елімізде 84, Қырғызстанда 242, Тәжікстанда 100-ге жуық адам өмір бойғы жазаға кесілген екен.

Дегенмен бұл өзгерісті қоғам түрліше қабылдағаны белгілі. Бір тобы өлім жазасы алынып тасталса қылмыстық ахуал біршама нашарлап кетеді деген пікір ұстанғаны белгілі. Алайда, мамандар мараторий енгізілген 8 жылдың ішінде қылмыстық ахуал тұрақты болып келгенін айтып отыр. «Өлім жазасын алып тастаса қылмыстық ахуал өршіп кетуі мүмкін деген пікірлер болды. Зерттеулер нәтижесі басқаша болды. Өлім жазасын алып тасталған соңғы жылдарда айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Біздің мақсат адамды жазалау емес. Керісінше қоғамды тәрбиелеу. Адам өмірі мен құндылықтары ең басты байлығымыз [4].

Қазақстанның әділет министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің статистикасы бойынша, бүгінгі күнге бізде өмір бойына бас бостандығынан айырылған 84 тұлға бар, олардың 28-іне өлім жазасы мораторидің енуіне байланысты кейінге қалдырылған [5].

Сонымен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы дегеніміз не және оның қандай құқықтық салдары бар деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Өмiр бойына бас бостандығынан айыру өмiрге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн берiлетiн өлiм жазасына балама ретiнде ғана белгiленедi және сот өлiм жазасын қолданбауға болады деп ұйғарған жағдайларда тағайындалуы мүмкiн. Өмiр бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегiз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкiм шығарылу сәтiне алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. (ҚР ҚК-ң 48бабы,4тармағы)

Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандарға арналған ерекше режимдегi түзеу колониялары бар.

Ерекше режимдегi түзеу колонияларында өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, сондай-ақ кешiрiм жасау тәртібімен өлiм жазасы өмiр бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылып сотталғандар жазасын басқа сотталғандардан бөлек өтейдi. (ҚР ҚК-ң 122 бабы)

Өмiр бойы бас бостандығынан айыруды өтеушi сотталғандарға арналған ерекше режимдегi түзеу колонияларында бас бостандығынан айыруды өтеудiң жағдайлары:

Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, әдетте, камераларға екi адамнан артық орналастырылмайды. Сотталғандардың өтiнiшiмен және өзге де қажеттi жағдайларда түзеу колониясы бастығының қаулысы бойынша сотталғандардың жеке басының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда олар жалғыз адамдық камераларда ұсталуы мүмкiн. Аталған сотталғандардың еңбегi сотталғандарды камераларда ұстаудың талаптары ескерiле отырып ұйымдастырылады. (ҚР ҚК-ң 123 бабы)

Сотталғандардың Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес құқығы бар:

1) түзеу мекемелері (бұдан әрі - ТМ) қызметкерлері тарапынан сыпайы, адамшылық қасиетін қорламайтын қарауға құқылы;

2) сот тағайындаған жаза түрiн өтеудiң тәртiбi мен жағдайлары, өздерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы ақпарат алуға;

3) белгіленген жүріс-тұрыс тәртібін бұзбастан күн кестесінде көзделген өзінің жеке уақытын пайдалануға;

4) ТМ әкiмшiлiгiне, ТМ-ден жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа, прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттiк органдарға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ адам құқығы мен бостандығын қорғау жөнiндегi халықаралық ұйымдарға өтiнiштер жасауға және шағымдануға;

5) сотталған Қазақстан Республикасының (бұдан былай - ҚР) азаматтары мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде, не болмаса олардың қалауы бойынша ана тілінде хат алыса, шағым жасай алады. Бас бостандығынан айыруға сотталған шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар мұны ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн кез келген басқа тiлде жасауға, қажет болған жағдайларда аудармашының қызметiн пайдалануға құқылы. Сотталғандарға жауап өтiнiш жасаған тiлiнде қайтарылады, ондай мүмкiндiк болмаған жағдайда ол мемлекеттiк тiлде немесе орыс тiлiнде өтiнiш жасаған тiлге ТМ қамтамасыз ететін аудармасымен берiледi;

6) бас бостандығынан айыруға сотталған шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ адамдар өз мемлекеттерінің ҚР-дағы дипломатиялық өкілдіктерімен, консулдық мекемелерімен, ал ҚР-да дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері жоқ мемлекеттердің азаматтары олардың мүдделерін қорғауды өз мойына алған мемлекеттердің димпломатиялық өкілдіктерімен немесе оларды қорғаумен айналысатын халықаралық органдармен байланыста болуға құқылы.

7) қолданыстағы заңға сәйкес адвокаттардың, сондай-ақ осындай көмек беруге уәкiлеттi басқа адамдардың заң көмегiн пайдалануға;

8) тізбеде көзделген тамақ өнімдерін, бұйымдар мен заттарды сатып алуға және сақтауға;

9) мәдени-көпшілік және спорт шараларына қатысуға, кітапхананы, стөл бетінде ойнайтын ойындарды, саз аспаптарын пайдалануға құқылы. Өмiр бойы бас бостандығынан айыруға және өлім жазасына сотталғандар мекеменің кітапхана қорын, картоннан жасалған стөл ойындарын пайдалануға ғана құқылы;

10) түрмедегі, камералық типтегі үй-жайлардағы сотталғандардан және өмір бойы бас бостандыған айыруға және өлім жазасына сотталғандардан басқа сотталғандардың көркемөнерпаздар ұйымына өз еркімен кіруге;

11) әлеуметтiк қамтамасыз етiлуге, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зейнетақы алуға;

12) өздерiнiң денсаулығын сақтау үшiн қажеттi материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық қамсыздандырылуға;

13) өмір бойы бас бостандыған айыруға және өлім жазасына сойнатталғандардан басқалар жинау уақытынан басқа іс-шаралардан бос уақытта отрядтың барлық үй-жайларын пайдалауға;

14) сотталғандарға ар-ождан бостандығы мен дiн ұстану бостандығына кепiлдiк берiледi. Дiни ғұрыптарды орындау ерiктi болып табылады. Ол iшкi тәртiптi бұзбауға, сондай-ақ жазасын өтеушi басқа адамдардың құқықтарына нұқсан келтiрмеуге тиiс;

15) жеке басының қауіпсіздігіне құқылы.



Резюме

В статье автор указывает, что за умышленные убиства следует платить равным, и такое мнение основано на ментальных, исторически сложившихся представлениях людей о справедливости.Ценнность человеческой жизни настолько вилика, иные способы наказания с трудом воспринимаются как адекватное возмездие за проявленную жестокость.Bведкнный в стране мораторий на исполнение смертных приговоров не означает отмену смертной казни. От сохранения смертной казни в законадательстве страны до её полной отмены нужно не только время, но и решение многих финансовых вопросов.

Sаmmary

The death penalty – execution as the exceptional measure of punishment, can be established only forespecially serious crimes,such as:murder,treason in fighting situation,crimes against the world peace and safety,and military crimes. So it is told in the Kazakhstan legislation. The moratorium entered in the country on execution of death sentences doesn't mean abolition of capital punishment. From death penalty preservation in the legislasion of the country before its full cancellation it is necessary not only time, but also the decision of many financial guestions.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:




  1. Конституция.30.08.1995ж

  2. ҚР-ң Қылмыстық кодексі 16.шілде 1997ж

  3. Жас қазақ үні,Бүркіт Нұрасыл, ⁄⁄ Ғаламдық саясаттың көздегені өлім жазасына мүлдем тыйым салу. 28.04.2011ж

  4. Егемен Қазақстан, АлександрТасболатов, ⁄⁄ Өлім жазасын жоюдың жолдары сараланды. 27.04.2011ж

  5. Нұр Астана республикалық жастар апталығы, Қанат Жүніс, ⁄⁄ Өлім жазасы кейінге шегерілді. 28.04.2011ж


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет