Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбаев Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата04.07.2016
өлшемі39.5 Kb.
#176278
Сабақтың тақырыбы:

Құрманғазы Сағырбаев

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақ халқының ұлы күйшісі туралы түсінік беру, шығармаларымен таныстыру, тақырып бойынша өтетін сөздер мен шақтарды дұрыс пайдалану, етістікті қайталау.

Дамытушылық: ауызша, жазбаша тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: тарихтағы ұлы күйшінің өмірбаяның үлгі ете отырып құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Түрі:

Әдісі: жаңа сөздермен, мәтінмен, интерактивті тақтамен жұмыс жасау, әңгімелесу, СТО элементтерін пайдалану.



Көрнекілігі: күйшінің портреті, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын тексеру

  1. Сазгер сөзін талдау

  2. Д.Нұрпейісова туралы әңгімелесу

Ол кім?

Қай жерде туған?

Неше жасында домбыраны тартуды үйренген?

Динаның қандай күйлері бар?



  1. «Ой қозғау» стратегиясы, тақырыпты ашу, интерактивті тақтада күй ойнайды. («Балбырауын»)

  • Естіген музыка қай жанрға жатады?

  • Күй деген не?

  • Күйді шығарған кім?

  • Кімнің күйі деп ойлайсындар?



  1. Жаңа тақырып: Қ.Сағырбаев.

Мәтінмен жұмыс – 135 бет.

Жаңа сөздер:

алып – гигант, великий.

Әділетсіздік – несправедливость

Озбырлық – эксплуататор

Қажымас – неустанный

Қайрат – сила


  1. Сұрақтар құрастыру

Құрманғазы кім?

Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы қалай өтті?

Құрманғазы қандай күйлер шығарған?

Ол күйлерінде нені суреттеген?

«Құрманғазы» поэмасын кім жазды?

Алматыда Құрманғазы есімімен нелер аталады?



  1. Құрманғазы күйлері қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Тарихта орын алған күйлерінің бірі «Ақсақ құлан» күйі.

Осы күйдің халық арасында кең тараған аңызы бар. Бұл аңыздың үзіндісін бірге көрейік.

Сұрақтар:



  1. Аңыз ұнады ма?

  2. Аңыз немен аяқталады?

  1. 1. Етістік деген не? Сұрақтары?

2.Етістіктің қандай райларын білесіндер?

3.Тұйық етістік қалай жасалады?

Тапсырма:

Етістіктің райын тап.

(интерактивті тақтамен жұмыс)

Етістіктің райын тап:



Ашық рай, Бұйрық рай, Шартты рай, Қалау рай.

  1. Баласы жақсы ән айтса, анасы қуанады.

  2. Мен жазда Астана қаласындағы опера және балет театрына барғым келеді.

  3. Музыканы мұқият тыңда.

  4. Бүгін мәдениет үйінде классикалық музыка кеші болады.

  1. Тапсырма: берілген етістіктерден қалау рай жасап, жіктеңіз.

1 нұсқа – ойнау, 2 нұсқа – тыңдау

  1. Домбыра сөзімен «5 жолды Өлең» стратегиясын құрастырыңыз

  1. Домбыра

  2. Әдемі, оюлы

  3. Жасау, ойнау, орындау

  4. Шебер өте әдемі домбыра жасады.

  5. Музыкалық аспап.

  1. Тақтада сұрақтар берілген, оның жауаптары араласып жазылған, жауаптарын дұрыс табу.

  1. Қазақтың музыкалық аспаптарының неше түрі бар?

  2. Қазақ халқының арасында өте ерте және кең тараған қандай аспап?

  3. Домбыра қалай жасалады?

  4. Күй деген не?

  5. Құрманғазының шәкірті кім?

  1. Рефлексия

Білемін Білдім Білгім келеді

  1. Үйге тапсырма: 136 бет, 4 тапсырма, кестені толтыру


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет