Сабақтың тақырыбы:
Құрманғазы Сағырбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының ұлы күйшісі туралы түсінік беру, шығармаларымен таныстыру, тақырып бойынша өтетін сөздер мен шақтарды дұрыс пайдалану, етістікті қайталау.
Дамытушылық: ауызша, жазбаша тіл байлығын дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: тарихтағы ұлы күйшінің өмірбаяның үлгі ете отырып құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Түрі:
Әдісі: жаңа сөздермен, мәтінмен, интерактивті тақтамен жұмыс жасау, әңгімелесу, СТО элементтерін пайдалану.
Көрнекілігі: күйшінің портреті, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Үй жұмысын тексеру
-
Сазгер сөзін талдау
-
Д.Нұрпейісова туралы әңгімелесу
Ол кім?
Қай жерде туған?
Неше жасында домбыраны тартуды үйренген?
Динаның қандай күйлері бар?
-
«Ой қозғау» стратегиясы, тақырыпты ашу, интерактивті тақтада күй ойнайды. («Балбырауын»)
-
Естіген музыка қай жанрға жатады?
-
Күй деген не?
-
Күйді шығарған кім?
-
Кімнің күйі деп ойлайсындар?
-
Жаңа тақырып: Қ.Сағырбаев.
Мәтінмен жұмыс – 135 бет.
Жаңа сөздер:
алып – гигант, великий.
Әділетсіздік – несправедливость
Озбырлық – эксплуататор
Қажымас – неустанный
Қайрат – сила
-
Сұрақтар құрастыру
Құрманғазы кім?
Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы қалай өтті?
Құрманғазы қандай күйлер шығарған?
Ол күйлерінде нені суреттеген?
«Құрманғазы» поэмасын кім жазды?
Алматыда Құрманғазы есімімен нелер аталады?
-
Құрманғазы күйлері қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Тарихта орын алған күйлерінің бірі «Ақсақ құлан» күйі.
Осы күйдің халық арасында кең тараған аңызы бар. Бұл аңыздың үзіндісін бірге көрейік.
Сұрақтар:
-
Аңыз ұнады ма?
-
Аңыз немен аяқталады?
-
1. Етістік деген не? Сұрақтары?
2.Етістіктің қандай райларын білесіндер?
3.Тұйық етістік қалай жасалады?
Тапсырма:
Етістіктің райын тап.
(интерактивті тақтамен жұмыс)
Етістіктің райын тап:
Ашық рай, Бұйрық рай, Шартты рай, Қалау рай.
-
Баласы жақсы ән айтса, анасы қуанады.
-
Мен жазда Астана қаласындағы опера және балет театрына барғым келеді.
-
Музыканы мұқият тыңда.
-
Бүгін мәдениет үйінде классикалық музыка кеші болады.
-
Тапсырма: берілген етістіктерден қалау рай жасап, жіктеңіз.
1 нұсқа – ойнау, 2 нұсқа – тыңдау
-
Домбыра сөзімен «5 жолды Өлең» стратегиясын құрастырыңыз
-
Домбыра
-
Әдемі, оюлы
-
Жасау, ойнау, орындау
-
Шебер өте әдемі домбыра жасады.
-
Музыкалық аспап.
-
Тақтада сұрақтар берілген, оның жауаптары араласып жазылған, жауаптарын дұрыс табу.
-
Қазақтың музыкалық аспаптарының неше түрі бар?
-
Қазақ халқының арасында өте ерте және кең тараған қандай аспап?
-
Домбыра қалай жасалады?
-
Күй деген не?
-
Құрманғазының шәкірті кім?
-
Рефлексия
Білемін Білдім Білгім келеді
-
Үйге тапсырма: 136 бет, 4 тапсырма, кестені толтыру
Достарыңызбен бөлісу: |