Қысқамерзімді (сабақ) жоспары-9
Бөлім:
|
Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық
|
Педагогтің Т.А.Ә.
|
|
Күні:
|
|
Сынып:5
|
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Әлеуметтік желілер деген не?
|
Сабақтың мақсаты
|
Әлеуметтік желілер туралы ақпарат алады, ауыспалы өткен шақ тұлғасымен танысады.:Қазақстандағы әлеум.желілер жайлы білімдерін кеңейтеді,мәтін ішінен ауыспалы өткен шақты табады.әлеуметтік желілердің әсері туралы пікір айтып, түсінгенін дәлелдейді.
|
Бағалау критерийі
|
Әлеуметтік желілер туралы ақпарат алады,;
комментарий жасай алады.
ақпараттарды іріктейді
зерттеп, пікірін білдіреді
|
Құндылықтарды дарыту
|
Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу
|
Сабақтыңбарысы
Сабақтыңкезеңі/ уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушыныңәрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Әлеуметтік желі атаулары (facebook, instagram, ВКонтакте) жазылған парақшаларды таратып, оқушыларды «Мозаика» әдісімен 3 топқа бөлемін.
І топ: Facebook
ІІ топ: Instagram
ІІІ топ:ВКонтакте
Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу және топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Жүректен жүрекке» тренингін жүргіземін.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
|
Оқушы өз ойларын ортаға салады.
Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді
|
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
|
|
Сабақтың ортасы
|
«Миға шабуыл» әдісі
Талқылау сұрақтары:
- Сіздердің топтарыңызға берілген атаулар бойынша не ойлайсыздар?
- Әлеуметтік желілер дегеніміз не?
- Қандай әлеуметтік желілерде тіркелгенсіздер?
- Әлеуметтік желіде қанша уақытыңды өткізесіздер?
- Әлеуметтік желінің адам өміріне тигізер пайдасы қандай?
- Әр күндеріңізді әлеуметтік желісіз елестете аласыздар ма?
Енді біз өз күн тәртібімізді жасап көрейік.
1-тапсырма.
ЖЖ. Оқылым алдындағы тапсырма.
Жұптасып «Әлеуметтік желісіз бір күнім» тақырыбында өздеріңіздің күн тәртіптеріңізді жобалаңыздар.
-Өз күн тәртібіңізді әлеуметтік желісіз жобалау қаншалықты қиындық тудырды?
-Жалпы әлеуметтік желілерден қандай проблемалар туындайды деп ойлайсыздар?
ЕББ оқушыға суреттер/иллюстрациялар ұсынылады;
2-тапсырма.
Оқылым тапсырмасы.
ЖЖ.ТЖ«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы жұппен, топпен жұмыс істей отыра проблеманы анықтайды, жалпы проблемалар тізімін шығарады, комментарий шығарады.
1-кезең.
Мәтінді түсініп оқыңыздар, ондағы проблемаларды анықтаңыздар және олардың тізімін жасаңыздар.
Әлеуметтік желілер — ермектері бірдей адамдардың интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары.
Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі — Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004жж. MySpace, Facebook жобалары шықты. Мысалы, Facebook бастапқыда Гарвард студенттеріне арналып бағдарламаланған. Сосын өзге де университет студенттерінің тіркелуіне мүмкіндік беріледі. Ал біршама уақыттан кейін электронды поштасы бар кез келген адам аккаунт ашып, қолдана бастайды. Twitter, Vkontakte, M-agent, Whatsapp,Instagramm,Viber,Другвокруг,Cacao Talk,Line, Imo сынды көптеген елдерде қолданылатын танымал желілер бар. Instagram – көбіне суреттерін бөліскісі келетіндерге арналған желі. Vkontakte қолданушылары 16-30 жас аралығында.Пайдасы достармен араласып, хат алмасып фото көреді. Түрлі видео, кино көріп, іздеген әнді табуға болады. Facebook-жаңалық алуға, дос табуға, уақыт өткізуге, ең бастысы көптеген пайдалы нәрселер алуға ыңғайлы әлеуметтік желі.
Қазіргі қоғамның 65%-ы ғаламторға күнделікті кіре алады.
Әлеуметтік желі жастардың басты ермегіне айналды және аурудың бір түріне айналып бара жатқан секілді. Соның салдарынан күндіз меңіреу, селқос жанның күйіне түседі. Ұйқысы немесе ұялы телефонға ұзақ телмірудің денсаулыққа зиян екенін біледі. Бірақ оны қолданудан бас тартатындары қанбай, күн тәртібі бұзылады. Әрине, көпшілігі компьютер өте сирек. Керісінше, интернетке тәуелділік артып барады.
2-кезең.
Проблемалар тізімімен танысып, оған комментарий жасаңыздар.
Интернет жастардың басты ермегіне айналған.
Әлеуметтік желі аурудың бір түріне айналуда.
Әлеуметтік желіге тәуелділік артуда.
|
Достарыңызбен бөлісу: |