Сабақ тақырыбы: Білімді тексеру сабағы



Дата16.06.2016
өлшемі59.5 Kb.
#138801
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Білімді тексеру сабағы.

Сабақ мақсаты: Оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Сабақ әдісі: Практикалық, эксперименталдық.

Сабақ көрнекілігі: карточкалар, тақта, т.б.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1). Сәлемдесу.

2). Келмеген оқушыларды белгілеу.

3). Оқушыларға сабақтың түрі мен мақсатын хабардар ету.

II. Оқушыларды «Жол», «Уақыт», «Үдеу» атты үш топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау.



Мұғалімдерді шақырып немесе оқушылардың өз іштерінен әділ қазылар алқасын тағайындау.

III. Сайысты өткізу.



1-тур.

«Сұрақ – жауап».

Капитандар тақтаға шығып, жасырын тұрған сұрақтар тобын таңдап алады.

Әр командаға сұрақтар оқылады және жауаптары тыңдалады. Егер олар

жауап бере алмаса қарсыластарының жауап берулеріне болады.

1-сұрақтар тобы.

1. Материяның ажырамас қасиеті? – Қозғалыс.

2. Жол қандай шама? – Скаляр.

3. Векторлық шамалар деп қандай шамаларды айтамыз? – Сандық мәнімен, бағытымен сипатталатын және геометриялық әдіспен қосылатын физмкалық шамаларды векторлық шамалар дейміз.

4. Бір қалыпты қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? – Дене кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей қашықтық өтетін болса, ондай қозғалысты бір қалыпты қозғалыс деп атайды.

5. ХБЖ жылдамдықтың бірлігі? –

6. Жылдамдық қандай әріппен белгіленеді? – v

7. Үдеу дегеніміз не? – Үдеу деп жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық векторлық шаманы айтады.

8. Еркін түсу үдеуінің мәні неге тең? – 9,8 м/с2

9. Материялық нүктенің айналу центрінің маңында бір секунд ішінде жасайтын айналым саны? – Жиілік.

10. Период қандай әріппен белгіленеді? - T

11. Бұрыштық жылдамдықтың бірлігі? -

12. Cызықтық жылдамдық пен бұрыштық жылдамдықтың арасында қандай байланыс бар? -

13. Центрге тартқыш үдеу қалай бағытталады? – Центрге қарай.

14. y=ax2 ненің графигі? – Парабола.

15. Қозғалып бара жатқан дененің таңдап алынған санақ жүйесіне қатысты жасаған үздіксіз сызығын не деп атайды?- Траектория.



2- сұрақтар тобы.

1. Объективті бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, ұзындығы, үш өлшемділігі ненің негізгі қасиеттері? – Кеңістіктің.

2. Материялық нүкте дегеніміз не? – Қарастырып отырған жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын денені материялық нүкте дейміз.

3. Орын ауыстыру қандай шама? – Векторлық.

4. Векторлардың проекциялары қандай шамалар? – Скаляр.

5. Жылдамдық қандай прибормен өлшенеді? – Спидометр.

6. ХБЖ үдеудің бірлігі? –

7.Уақыт қандай әріппен белгіленеді? - t

8. Өте аз орын ауыстырудың осы орын ауыстыруға кеткен өте аз уақытқа қатынасы не болып табылады? – Лездік жылдамдық.

9. Еркін түсу үдеуі қандай әріппен белгіленеді? - g

10. Нүктенің шеңбер бойымен бір айналым жасауға кеткен уақыты не деп аталады? – Период.

11. Шеңбер бойымен қозғалған дененің бұрыштық жылдамдығы қалай бағытталады? – Шеңбердің бір нүктесіне жүргізілген жанама бойымен бағытталады.

12. Уақыт қандай прибормен өлшенеді? – Сағат.

13. Шеңбердің екі радиусының арасындағы центрлік бұрыш? – Радиан.

14. Бір қалыпты айнымалы қозғалыс дегеніміз қандай қозғалыс? – Кез келген бірдей уақыт аралығында қозғалыс жылдамдығы сәйкес бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтамыз.

15.v=v0+at қандай қозғалыстың теңдеуі? – Бір қалыпты үдемелі.



3-сұрақтар тобы.

1. Объективті бар болуы, үздіксіздігі, бір қалыптылығы, бір ырғақтылығы ненің негізгі қасиеті? – Уақыттың.

2. Жол дегеніміз не? – Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен ара қашықтығын жол дейді.

3. Дененің орнын қандай үш тәсілмен анықтайды? – Векторлық, координаталық және траекториялық.

4. ХБЖ уақыттың бірлігі? -

5. Үдеу қандай әріппен белгіленеді?-а

6. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын сипаттайтын физикалық векторлық шама? – Жылдамдық.

7. Физикалық шамаларды өлшеудің қандай түрлерін білесің? – Тікелей және жанама өлшеулер.

8. Жиілік қандай әріппен белгіленеді?- (ню)

9. Период пен жиілік бір біріне қандай шамалар? – Кері.

10. ХБЖ бұрыштық ығысу немен өлшенеді? – Радианмен.

11. (омега)әрпімен қандай шама белгіленеді? – Бұрыштық жылдамдық.

12. Центрге тартқыш үдеуді басқаша қалай атайды? – Нормаль үдеу.

13. Акселерометрмен қандай шама өлшенеді? – Үдеу.

14. Шеңбер бойымен қозғалған дененің сызықтық жылдамдығы модулі жағынан қандай болады? – Тұрақты.

15.v=v0-at қандай қозғалыстың теңдеуі? – Бір қалыпты кемімелі.



2- тур.

«Формулалар әлемінде».

Тақтаға әр командадан үш-үштен оқушылар шығып,карточкаларды таңдап алып, ондағы берілген формуладан көрсетілген шаманы табулары керек.

a=?
v0=?
S=?
v=?
v0=?
R=?
T=?
=?
v0=?

3-тур.

«Капитандар сайысы».

Әр команданың капитандар тақтаға шығып, берілген есепті шығарулары керек.

1-есеп.

Велосипедші еңіске қарай 0,5м/с2 үдеумен қозғалып келеді.

Егер велосипедшінің бастапқы жылдамдығы 6 м/с-қа тең болса, 0,1 мин өткенде оның жылдамдығы қандай болады?

2-есеп.

Тыныштық күйден 0,2 м/с2 үдеумен қозғала бастаған автомобиль қанша уақыт ішінде 10 м жол жүреді?



3-есеп.

Велосипед дөңгелегінің радиусы 40см. Егер дөңгелек 100 айн/мин жасайтын болса, онда велосипедшінің жылдамдығы қандай?



4-тур.

«Жұмбақ шешейік».

Барлық командаға бірдей жұмбақтар оқылады, әр команда жарыса жауап береді.

1-жұмбақ.

Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2- жұмбақ.

Көп болса, асықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (Уақыт)

3- жұмбақ.

Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)

4- жұмбақ.

Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу)

5- жұмбақ.

Қозғалысқа келтіріп,

Жылдамдығын береді.

Өлшемдерін қарасаң,

Ньютонға ол келеді. (Күш)

6- жұмбақ.

Бірдей көлемдегі масса кейде көп,

Аз болса да кейде дөп.

Делінеді бұл шама,

Аталуын тапшы тек. (Тығыздық)

7- жұмбақ.

Күш көбейсе артады,

Аукадан артқа тартады.

Жүзі жұқа үшкір зат,

Одан бірақ қорқады. (Қысым)

8- жұмбақ.

Барлық денелерге тән,

Онсыз болмайды сән.

Әр затта болады әр түрлі,



Өлшеуге болады дәл. (Масса)
IV. Қорытынды.

Әділ қазылар алқасына сөз беріп қай команданың жеңгенін, соның ішінде қандай оқушылардың сабаққа белсене қатысқанын және соған сай әр оқушыға қойылған бағаларды есту және оларды журналға қою.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет