СабақТЫҢ тақырыбы: Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»



Дата15.12.2023
өлшемі113.07 Kb.
#486730
түріСабақ
17-сабақШоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»2


ІІ БӨЛІМ
ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ПЕН КӨРКЕМДІК ШЕШІМ
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»
Қазақ әдебиеті
9-сынып
Оқу мақсаты:
9. Т/Ж1. әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау.
9. А/И1. эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі
композициялық амалдарды талдау.
Бағалау критерийі:
- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
- шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтайды;
- шығармадан дәлел келтіре отырып талдайды.
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, негізгі ойын анықта.
Дескриптор:
- мәтінді түсініп оқиды;
- көтерілген мәселені анықтайды;
- ойын дәлелдейді.
XIX ғасырда Ресей империясы Орта Азия, Шығыс Түркістан өлкелеріндегі мемлекеттермен сауда және саяси қатынастарды орнату мақсатында зерттеу экспедицияларын ұйымдастырып отырды. Орыс Географиялық Қоғамының зерттеушілері аталған өлкелерге жасаған саяхаттары туралы құнды еңбектер қалдырған.
Ресей империясының офицері, қазақ халқының ғалым ұлы Шоқан Уәлиханов жазған «Ыстықкөл күнделігі» сол кездегі ең бағалы ғылыми еңбек болып табылады. Ғалым осы еңбегінде Тарбағатай, Жетісу, Жоңғар Алатауы, Қырғызстан жерлеріне жасаған сапарлары жайында, сол жерлердің климаты, халқының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, көптеген тарихи ескерткіштері туралы толық мәлімет береді.
Кейбір көңіл аударарлық тарихи ескерткіштердің суреттерін өз қолымен салады.
Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жаса.
Ш. Уәлиханов «Ыстықкөл сапарының күнделігі» 30 мамыр күнгі үзіндісі.
Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы:
1.Оқиғаның басталуы
2.Оқиғаның дамуы
3.Оқиғаның шиеленісуі
4.Оқиғаның шарықтау шегі
5.Оқиғаның шешімі
Дескриптор:
- сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
- ойын дәлелдейді.
30 мамыр.
Біз Түптың сағасына барып, ау тастадық. Қазақтар қарабалық деп атайтын маринканың бірнешеуін, қаңылтыр деп атайтын яздарды, шабақтарды (Ертісте кездесетін кішкентай балық) ауладық.
Көлде балықтың көп болғаны соншалықты, қырғыздар қамыс арасында оларды қылышпен ұрып аулады, біздің көз алдымызда қарашайлық қырғыздар осындай әдіспен бірнеше балық ұстады. Сол күні қазақтар жаңа үлкен ау жасады. Түп жағалауы мен көлдің өзінде ұсақ шырғанақтар өте көп болды. Қазақтардың айтуынша, бірнеше жыл бұрын бұл орманнан өту мүмкін болмаған екен. Көлде құстардан қаз, үйрек, қара суқұзғындар мен кішкентай қара патша балықтар бар. Суқұзғындарын қазақтар қарақаз деп атайды, ал патшабалықты қарабай дейді. Маған тігілген киіз үйде үш жылан өлтірдік. Олар да өте көп.
3-тапсырма. «Дәйексөз» тәсілі
Шығармадан бірнеше үзінді берілген. Үзінді бойынша талдау жаса.
Дескриптор:
- шығарма үзіндісіне талдау жасайды;
- композициялық амалдарды ажыратады;
- шығармадан дәлел келтіреді.
«Дәйексөз» тәсілі
  • Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?

  • B. Интерпретация: Үзіндінің маңызы неде? Тақырыбы қандай?
    C. Анализ: Автор қандай композициялық амал (пейзаж, портрет, мінездеу (тура, жанама), суреттеу, диалог) қолданған?

Кешке біз Аягөзді артқа тастадық, сосын Аягөз өзенінің Тумырза деп аталатын саласынан өтіп, өзеннің оң жақ таулы-тасты жағалауымен өрлей отырып, түнге жақын Қапал жолының бірінші бекеті - Ескі Аягөзге келіп жеттік.
Аягөз өзенінің бойынан біз анағұрлым жанданған табиғатты көрдік. Дала тұтасымен жасыл желектің ашық түсті кілеміне ораныпты. Қараған, тобылғы, тал терек жапырақтар жайып, күннің көзі де біршама жылынып, оңтүстікке тән алаумен қыздырып тұр. Жабайы аскөк тау бөктерін жауып тұр, бойы ұзарып өскен. Қалың өскен ырғай, тал, мойылмен көмкерілген, арасынан теректер сорайып көрінген өзен жағалауы шидің ақ басы және сирек қара топырақты шұраттарда қараған мен тобылғыдан басқа ештеңе жоқ сортаң жермен жүрген үш күндік сапардан кейін өте жағымды әсер қалдырды. Жағалауға жақын жерлер жайылымдық және шабындық шөпке бай, ал жағадағы орман қысқы боран мен дауылға жақсы қалқан. Қазақ аңыздарында Аягөздің жайлы ағысы мадақталатыны бекер болмаса керек.
Өзін қоршаған иен дала мен сусыз шөл далаға қарағанда, Аягөз расымен-ақ жұмақ болып көрінеді. Оның көк шөп пен шалғынға толған солтүстік жағалауы орыстар мен олардың бекеттері болмаған кезде, қазақтардың үнемі көшіп-қонып жүретін қонысы болғаны анық. Қазақтар казактармен көрші болудан қорқады. Бұл әлденеге негізделген бе, жоқ па белгісіз, бірақ сақтық мақтауға тұрарлық қасиет. Мен Аягөзді өте жақсы көремін және сүйсінемін, Баян Сұлудың алтын айдарлы Қозы Көрпешке деген махаббаты туралы аңыздың оқиғасы осы жерде өткені де бұған аз себеп болмаса керек.
Бүгінгі сабақта:
- әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасауды;
- шығарма үзіндісінен композициялық амалдарды анықтауды;
- шығармадан дәлел келтіре отырып талдауды үйрендім.
Қосымша тапсырма:
Шығарма бөліктерін толық оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет