Сабақтың тақырыбы: Сын есім Сабақтың мақсаттары : Білімділік: Оқушыларға сын есім жөніндегі білімді жете меңгерту



Дата30.06.2016
өлшемі75 Kb.
#168179
түріСабақ
""Атбұлақ" жалпы орта мектеп" жанында интернаты бар коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Жыңғылбаева Клараның қазақ тілі пәнінен ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаттары :

1. Білімділік: Оқушыларға сын есім жөніндегі білімді жете меңгерту.

Ойлануға, ізденуге жетелеу.

2. Дамытушылық: сын есімнің сындық қасиеттерін ашу; Оқушылардың өз бетімен

іздену қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын, байқағыштық

қасиеттерін арттыру.

3. Тәрбиелік: бірінің пікірін бірі тыңдай білуге, әдемі , таза, сауатты жазуға

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, семантикалық кеспе қағаздар, тапсырма жазылған

плакаттар

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың әзірлігін бақылап, назарларын сабаққа аудару. Балалар біздің бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше болмақ, өйткені біздің сыныпқа көптеген мұғалімдер келіп отыр. Орнымыздан тұрып сәлемдесеміз.

Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге, құрметпенен біз.

Психологиялық дайындық :

Қазақ тілім - өз тілім, анам тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызы мәңгі сені,

Балалығым, бақытым, қазақ тілім, - деп қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткен сабақты пысықтау


  • Сөз таптарына нелер жатады?

  • Сөз таптарын еске түсіру, ережелерін айтып, мысалдар келтіріп өту.




АСПАН

ОҚУШЫ

ЖҰЛДЫЗ

Осы сөздерді тақтаға ілемін, осы сөздер қай сөз табынан жасалған?

Зат есімнен жасалған.

Зат есім дегеніміз заттың атын білдіріп, Кім? Кімдер? Не? Нелер? Сұрақтарына жауап береді.

Ал етістік дегеніміз не? Оқушылардың жауптары тыңдалады.

Ал етістік осы заттың атын білдіретін сөздердің қимыл іс-әрекетін білдіреді.Мысал келтіру: Аспан ашылды. Оқушы оқыды. Жұлдыз шықты.

Ал балалар енді осы сөздерге заттың сынын, сапасын, мөлшерін, түрін, түсін білдіретін сөздер қосып айтамыз.

Көк аспан ашылды. Оқушы жақсы оқыды. Жарық жұлдыз шықты.
Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып жұмамыз,

Жаттығу жасап осылай,

Үлкен болып ертең шығамыз,

Жалқаулықты тастаймыз,

Жаңа сабақ бастаймыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бүгінгі біздің сабағымыз сөз табының бірі сын есім болмақ.

Енді осыларға сұрақ қойыңдар. Көк, жақсы, жарық .

Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді сын есім дейміз.

Мен сендерге зат есімдерді айтамын, ал сендер сол зат есімнің түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді немесе Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді табасыңдар



Ж

У

А

С











Ж

Ы

Л

Ы

Ұ

З

Ы

Н































К

Е

Ң







Ж

А

С

Ы

Л




Б

И

І

К




Ә

Д

Е

М

І




  1. қой 4. көше 7. қыз

  2. тон 5. жапырақ

  3. арқан 6. тау

Міне торкөзден біздің бүгінгі сабағымыз шықты.

Оқулықпен жұмыс :

7 – жаттығу Берілген зат есімнің әр түрлі белгісін білдіретін үш түрлі сын есім тауып жазу.

ТАҚТА - Тіктөртбұрышты тақта. Үлкен тақта. Биік тақта.

СӘБІЗ - Сары сәбіз. Сопақ сәбіз. Тәтті сәбіз.


8 – жаттығу Берілген сөздердің түсі, дәмі, пішіні, бойынша білдіретін белгілерін кестеге орнату


Зат атауы

Түсі

Дәмі

Пішіні

Алмұрт










Пияз










Жапырақ










Қызғалдақ










Мүйіз










Лимон










Анар










Ойын ойнату : «Кім жылдам?»

Мына мақал-мәтелден сын есімді табамыз.



  1. Тілі тәтті,

Діні қатты.

  1. Жақсы кісі жығылса,

Жаман адам табылар.

3. Сабыр түбі сары алтын.


Жұмбақты шешеміз әрі сын есімдерді табамыз
Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат.

Бейғам елді іздейді.

Малдан күдер үзбейді.

Өзі бір момын жануар,

Айналдырып киген тоны бар.


9 – жаттығу. Суреттегі зат атауларының әрқайсысына қатысты бірнеше сын

есім тауып жазу.

Түлкі – қу, қызыл, құйрығы ұзын

Кітап – қалың, қызық, сырты көк

Өрік - тәтті, қабығы қалың, сүйегі қатты

10 – жаттығу. Заттың барлық белгілерін ( түсі, дәмі, көлемі, түрі) көре аламыз ба?

Түсі – қызыл, көлемі – домалақ, түрі - әдемі, таза.

Ойын : Кім жылдам? Үш топқа үш өлең шумағы беріледі. Оқушылар өлеңді оқып сын есімдерді табады.



11- жаттығу. Сын есімді табу, қиярды сипаттап жазу.

Қиярдың түсі жасыл, көк, көлемі сүйір, іші ақ болады.



  • Қияр, қызанақ, картоп, орамжапырақты бір сөзбен не дейміз?

  • Алма, алмұрт, жүзім, банан, апельсинді бір сөзбен не дейміз?

Венн диограммасын құру


Ортақ қасиеті - өсімдіктер
Ойын : Өз ұяшығын таңда !


Топпен жұмыс: Оқушыларға бірнеше сөздер жазылған кеспе қағаздар беріледі. Оқушылар сол сөздерді оқып өз ұяшығына салады.

13 – жаттығу. Ребусты шешу



Өтірік сөз өрге баспас. Мағынасын оқушылар түсіндіреді. Сын есімді табамыз
Сабақты пысықтау мақсатында берілген зат есімдерге қатысты сол заттың сынын білдіретін сөздер табу.


- Сабақты сұрақ – жауап арқылы пысықтау.



- Балаларды мадақтау.

- Сабақты қорытындылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет