БайқАҒыштық МҰҒалімнің КӘсіби маңызды қасиеті орындаған: Тубетова. А нуккалиева. К тексерген: Шамгонова Р. Г



Дата30.11.2022
өлшемі363.71 Kb.
#466066
байқағыштық


БАЙҚАҒЫШТЫҚ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ МАҢЫЗДЫ ҚАСИЕТІ
Орындаған: Тубетова.А
Нуккалиева.К
Тексерген: Шамгонова Р.Г
Мұғалімнің әдебін құрайтын компоненттер көп. Олардың бастылары:
педагогтық оптимизм
педагогтық такт
педагогикалық техника
байқағыштық
психологиялық қырағыштық
Байқағыштық. Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл күйлерін қабақтарына танып, әрқайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір шәкірттің тілін табуға, сезімдерімен ойларына өз сезіміндей қуанып, өз ой сезімдеріндей күйінуге мүмкіндіктер береді. Байқағыш мұғалім шәкірттері талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу бола ма, жоқпа бәрін дөп басып айта алады. Байқағыш мұғалім ықтиярсыз көндіру тәсіліне көп жүгінбей ақ сыныптың бүкіл оқушыларын өзіне тарта біледі, өзді өздерін еркін ұстап, іштей ашуларына ықпал етеді. Алайда байқағыштық қыбырлағандарды қалт жібермеу деген емес. Зерделі мұғалім қыбырдың бәрін көріп отырсада оған мән бере бермейді. Байқағыш ұстаз бола тұра әдептілікті сақтаған жөн. Байқағыш ұстазда әдепсіз болуы мүмкін.
Педагогикалық байқағыштық – оқушының тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне үңіле білу, баланың кім екендігіне бойлай білу оның сол сәттегі психикалық жағдайна ене білу қабілеті. Шебер мұғалім, жақсы тәрбиеші сәл ғана өз герісінен сырт пішінінің азда болса толқуынан баланың ішкі сарайын біле қояды және бұл өзгерістердің неден екенін дұрыс түсінеді. Мұндай мұғалім сылтаушылардың зейінін шын мәнінде зейінділікпен жеңіл айыра алады.
Ілтипаттылық – бұл — педагогтің өзінің жеке тұлғасын табар жолы. Әдетте, жеке оқушы не оқушылар өте жақсы көретін мұғалімдері өздеріне дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдері көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмаса қастарына жақындап жағдайдың жай-жапсарын білмесе де олардың көңілдеріне келеді. Кейде мұғалімнің назарын өзіне аудару үшін де тәртіп бұзатын балалар да кездеседі. Кәсіби білікті мұғалімдер сабақты жай еске түсіру тәрізді не қайталау сабағы ретінде айтып қоймайды, оны жан-жақты, қызықты етіп өткізеді. Оқушының мейірін қандырып, білім нәрімен сусындата білуі тиіс. 
Сенім (сенімділік) – баланың болашағын үміт шырағын ұялату, педагогтің шәкіртіне сенім арта білу қабілетін де қамтиды. Педагог өзінің оқытудағы, ал оқушы білім алудағы табысына, ынта-жігеріне, білім-біліктілігіне сенімді болуы тиіс. Мұғалім – тәлім-тәрбие беруде шынайы сөзбен батыл ойларымен оқушыға рухани тұрғыда көмек беруі тиіс. Сонда мектептің оқу-тәрбие үрдісінде ынтымақ-бірлік ұштасып, сапалы білімнің дәні себіліп, еліміздің игілігіне бағытталған ерен еңбек болар еді.
Әділдік – ұстаздың шәкірт алдындағы ар-ожданын салмақтап тұратын кәсіби қасиеті. Шәкірттері өзінің ұлағатты ұстаздарының бойынан әділдікті күтеді. Сол себепті, мұғалім баланың білімін бағалауда өте сақтықпен, болашағын болжай қоюы тиіс. «Адалдығың – адамдығың» дегендей, бағаны мұғалім асыра сілтемей, не құлдыратып төмендетпей, ішкі сезімге сүйеніп қойғаны жөн.
Төзім және сабыр сақтау – мұғалім әлемінің еңбегін тепе-теңдікте ұстайтын таразы. Әр оқушының мінез-құлқымен санасып: «әзілкешпен – қатты, қызу мінездімен — жай, ұшқалақпен — ашық жарқын, отбасы толық емес баламен — жұмсақ, мейіріммен» [Е.И.Синица] сөйлесудің де үлкен мәні бар. Ашу үстінде тез шешім қабылдауға болмайды. Мұғалім әр оқушының мінез-құлқын неғұрлым жақсы білсе, соғұрлым әдептен аспайды. Шебер ұстаз педагогтік әдеби қасиеттерді табиғи шынайылықпен керемет үйлесімдікпен қалыптастырып, өзін-өзі тәрбиелейді.
Назарларыңызға рахмет!!!
Қолданылған әдебиеттер: Оқулық «Педагогоикалық шеберлік» Ж.А.Жүсіпова
Нарсеитова Фатима. «ӨНЕГЕНІҢ ӨРІСІ КЕҢ…» мақаласы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет