Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары Сабақтың мақсаты



Дата18.06.2016
өлшемі58.81 Kb.
#144955
түріСабақ
1 жалпы орта білім беретін мектеп

Ашық сабақ:

Солтүстік Американың

жер бедері мен пайдалы қазбалары

География пән мұғалімі:Ергалиева Г.У.

7-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары

Сабақтың мақсаты:

Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу.

Білімділік: Оқушылардың Солтүстік Американың халқы мен елдері.АҚШ туралы түсінік беру.

2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. оқушылардың пәнге деген  қызығушылықтарын арттыру

3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:  Өздік ізденіс жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, информатика

Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың әкімшілік аймақтық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері, оқулық, атлас

1.Ұйымдастыру

2.Қызығушылықты ояту

3.Материкке шолу

4.Бекіту

5.Қорытындылау.Бағалау

6.Үйге тапсырма беру

1. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың көңіл күйін сабаққа аудару.

2.Қызығушылықты ояту

Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып,тақырыпты ашу.Сабақтың мақсатымен таныстыру.



Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,

Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,

Макензи, Миссисипи суым қандай!

Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? 

Солтүстік Америка


ІІІ. Материкке шолу

ә) №1 тапсырма-5 балл - ауызша

- Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)



Жауабы :


Ең ұзын жер асты үңгірі-Флинт- Мамонт

Ең ұзын тау-Кордиьлера

Ең биік ағаш-Секвоя

Ең үлкен арал-Гренландия

Ең үлкен каньон-Колорадо

Ең үлкен тау мұздығы-Аляска




б)2-тапсырма. ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ-10 балл

Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру



Жылдар және ғасырлар

Зерттеушілердің

аты-жөні


Ашқан және зерттеген жерлері

1492 жылы




Материктің оңтүстік жағалауын ашты




Джон Кабот

Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты

ХVІІ ғасырда

Генри Гудзон

Александр Макензи






1741 жылы

   

Аляска жағалауын зерттеді


Жаңа сабақ

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

Солтүстік Американың жер бедерінде Жазықтар басым.

Таулар материктің үштен бір бөлігін алып жатыр.

Материктің жазық жерлері ежелгі Солтүстік Америка платформасында орналасқан.Платформаның Солтүстік бөлігі жаппай мұз басудың нәтижесінде майысып,төмен түскен.Кейіннен мұхит деңгейі көтерілген кезде бұл бөлікте Канаданың арктикалық архипелагы,Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйесі қалыптасты.

Әсіресе Гудзон шығанағының жағалауы қатты майысқан,мұнда ойпаттар тараған.

Платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар Гренландия аралы мен Лабродор түбегінде жер бетіне шығып жатыр.

Ежелгі платформаның осы бөлігі Канада қалқаны деп аталады.Бұл бөлікке көтеріңкі жазықтар мен таулы үстірттер тән .Оңтүстікке қарай жер бедері аласарып,қалың шөгінді жыныстармен жабылған орталық жазыққа ,одан Миссисипи ойпаты мен Мексика –шығанағының жағалау жазықтарына ұласады.

Солтүстік Америка ең биік нүктесі Мак Кинли 6193 м





Миссисипи ойпаты

Жер бедері мен пайдалы қазбалары

3 тапсырма. 10 балл

Солтүстік Америка Жер бедерінің ерекшеліктерін анықта және материалды төмендеген схема түрінде көрсет.

Пайдалы қазбалары.


ХIХ-ғасырда Кордильера қойнауынан өзендер ағызып әкелген шөгінді жыныстардан алтынды шайып алу кең етек алды .

Мол алтынға кенеліп,тезірек баюды ойлаған мыңдаған адамдар материктің батысына қарай ағылды.

1846 жылы алтын іздеушілердің осындай бір тобы аптап ыстық пен шөлге шыдамай қаза болған.

Кейіннен «Өлім аңғары»деген атаққа ие болды.

Тарихта бұл кезең «алтын дүрбелең» деп аталды.

4 тапсырма -10 балл.

Биік Кордильер тауы неге материктің батысында орналасқан? Себебін түсіндіріп жаз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

5 тапсырма.-10 балл.

Жер бедерінің формаларын, пайдалы қазбалары кескін картаға белгіле




V. Қорытындылау.

Бағалау


45-50 балл- «5»

30-44 балл- «4»

10-29 балл – «3»

а) №1 тапсырма

5 балл

ә) №1 тапсырма

5 балл - ауызша


б)2-тапсырма.

ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ-10 балл


3 тапсырма. 10 балл

Солтүстік Америка Жер бедерінің ерекшеліктерін анықта және материалды төмендеген схема түрінде көрсет.




4 тапсырма-10 балл.

Биік Кордильер тауы неге материктің батысында орналасқан? Себебін түсіндіріп жаз



5 тапсырма.-10 балл.

Жер бедерінің формаларын, пайдалы қазбалары кескін картаға белгіле



5 балл

5 балл

10 балл

10 балл

10 балл

10 балл





















VI. Үйге тапсырма :

  1. Солтүстік Американың жер бедері мен пайдалы қазбалары тақырыбын түсініп оқу

  2. Мәнжазба жазу

  3. Сөзжұмбақ «Солтүстік Америка»


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет