Сабақтың тақырыбы: Сөз өнері өмір өрнегі (дарындылар сайысы). Мақсаты



Дата07.07.2016
өлшемі56.39 Kb.
#182060
түріСабақ
ОҚО Шардара ауданы Сүткент ауылы

Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тоқсанбай Жанна Муфтиллақызы

Сабақтың тақырыбы: Сөз өнері – өмір өрнегі (дарындылар сайысы).

Мақсаты :

1. Дарынды оқушыларды ана тіліміз арқылы сөз өнерінің құдіретін танытып, алған білімдерін тиянақтау; тіл мәдениетіне еркін сөйлеуге, ұшқыр ойлауға, шапшаңдыққа, адами қасиеттерді бойымызға сіңіре отырып, ұқыптылыққа тәрбиелеу; қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын, таным- түсініктерін кеңейту арқылы ой – өрістерін өсіріп, жан – жақты көзқарасы мен дүниетанымын дамыту.

2. Тілдің көмегімен өнер–білімді, ғылымды игереміз, өткенімізді саралап, сабақ аламыз.Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгертеміз. Тіл – адам жанының тілмашы. Тілсіз жүрек түбіндегі бағалы сезімдер, жан түпкіріндегі асыл ойлар жарық көрмей, қор болып қалар еді. Адам тілдің құдіретімен ғана жан сырын сыртқа шығарып басқалардың жан сырын ұғына алады.

Дарынды балалар сайысы 6 кезеңнен тұрады.



І кезең. Ойлы сұрақ – жедел жауап.

ІІ кезең. «Сөз – ойдың айнасы»

ІІІ кезең. «Білімділік – тапқырлықта»

ІV кезең. «Жеті жұрттың тілін біл»

V кезең. Сөз өрнегі – мақал.

VІ кезең. Тіл – ұлттық құдіреті.

Сабақтың типі: танымдық ссабақ

Сабақтың түрі: жарыс – сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, нақыл сөздер, суреттер.

Сабақтың өтетін орны: мультимедиялық кабинет.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі, салт-дәстүр.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Шартын түсіндіру, оқушылар назарын сайыс – сабаққа аудару



І кезең. «Ойлы сұрақ – жедел жауап» 10 ұпай.

  1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

  2. Анықтауыштың сұрақтарын ата (қандай? қай? )

  3. – пен жалғау ма, жұрнақ па? (жалғау)

  4. «Кірпіш үй» қай тіркеске жатады? (есімді тіркес)

  5. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

  6. «Үштөбе» қандай сөз? (біріккен)

  7. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар?

  8. Эвфемизм дегеніміз не? (сыпайы, әдепті сөздер)

  9. Болымсыз етістіктің жұрнақтары. (-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе)

  10. «Құрмаш» қай повестің қейіпкері? («Көксерек»)

  11. «Жүрек жұтқан» қандай тіркеске жатады? (тұрақты тіркес)

  12. Тіліміздегі сөздердің жиынтығын зерттейтін ғылым қалай аталады? (лексика)

  13. Сөйлеушінің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз қалай аталады? (қаратпа сөз)

  14. Қиысу дегеніміз не? (бастауыш пен баяндауыштың жақ жағынан үйлесе байланысуын атаймыз)

  15. Түн. Қыс. Боран. Қандай сөйлем? (атаулы)

  16. Тұңғыш қазақ ғарышкері. (Т. Әубәкіров)

  17. «Екеу» Сан есімнің қай түрі? (жинақтық)

  18. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9)

  19. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата (4: жалғаулар, шылаулар, орын тәртібі, интонациялар)

  20. Оқшау сөз нешеге бөлінеді? (қаратпа, қыстырма, одағай)

ІІ кезең. «Сөз – ойдың айнасы»

Төмендегі сөздерді яғни, зат есім мен етістікті байланыстыру арқылы тұрақты тіркес жасап, мағынасын ашу.

Кгруппа 5группа 6группа 11өз Ерін Бармақ

Қол Иек Қармақ

Ауыз сүзу Қас қышу Сырмақ түсу

Мұрын Иен Қолғап

/Көз сүзу-телміру/ /Иегі қышу-дәмелену/ /Қармаққа түсу-ұсталу/
Бгруппа 16группа 21группа 26ет Түтін Алқа

Жол Отын Қолқа

Кеуде айту Бүтін түтету Арқа сүйеу

Сәуле Жалын Сырға

/Бетке айту-шындықты айту//Түтін түтету-шаңырақ құру//Арқа сүйеу-сүйеніш болу/
Агруппа 31группа 36группа 41спан Киім Сырмақ

Жер Тақия Бармақ

Көк болу Қалпақ ұшу Қалмақ тістеді

Су Жалпақ Қалпақ

/Жер болу-ұялу/ /Қалпақтай ұшу-құлап түсу/ /Бармағын тістеді-өкінді/

ІІІ кезең. «Білімдік – тапқырлықта»

прямоугольник 48прямоугольник 49прямоугольник 50прямоугольник 46Ұяшық таңдап, сұрақтарға жауап беру. 10 20 30 40.

Тұлға – 40.

1.VІІІ ғасыр Сыр бойындағы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. /Қорқыт/

2. «Қарлығаш әулие» атанған би? /Төле би/

3. «Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз; елімізде құт береке қашпасын деп найзаға үкі таққан елміз» - деп келетін жай оғындай отты сөздерді айтқан қай би? /Қазбек би/

4. Туған жерің?

- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың. Бұл қай ақынның өлеңі және қалай аталады? /Мұқағали Мақатаев. «Менің анкетам»/



Салт – дәстүр 10.

  1. (Тұсау кесу той). Бұл суретте қандай той бейнеленген? Қандай тәрбиелік мәні бар? Қандай жыр айтылады? /Тұсау кесер жыры/

  2. Айт мерекесіне дайындық күнді қалай атайды? /Арапа/

  3. Қазақта «көрімдік»және «байғазы» салттары бар. Оны қалай түсінесің және қандай айырмашылықтары бар?

  4. «Тоқымқағар» қандай дәстүр?

Автор – 30

1.Тұңғыш рет роман жазған жазушы. «М. Дулатов»

2. «Шығамын тірі болсам, адам болып,

Жүрмеймін бұл дүниеде надан болып...» жыр шумағының авторы. /С.Торайғыров/

3. Ұлы Абай туралы қазақтың тұңғыш роман – эпопея қалай аталады? /«Абай жолы» Мұқтар Әуезов/

4. «...Бір күні ел көшкенде, ойнап жүріп, екеуі көштен қалып қойыпты. Үйге барайық деп келсе, ауыл жоқ, құр орны жатыр. Асан жылай бастайды...» Бұл кімнің әңгімесі және қалай аталады? / Бай баласы мен кедей баласы. «Ыбырай Алтынсарин»/



Әдебиет теориясы-20

  1. Пейзаж дегеніміз не?

  2. Эпизод дегеніміз не?

  3. Кейіптеу дегеніміз не?

  4. Монолог дегеніміз не?

ІV кезең. « Жеті жұрттың тілін біл...»

«Үш жұрттың тілін білген – өзгеден үш есе биік тұрады» Асты сызылған сөздерді орыс және ағылшын тілдеріне аударыңдар.



  1. Тәрбие басы – тіл. (М. Қашқари)

(Тіл, язык, language)

  1. Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі – сөз. (Ж. Баласағұн)

(Сөз, слова, word)

  1. Асыл сөзді іздесең

Абайды оқы ерінбе. (С.Торайғыров)

(Оқы, читай, reаd)



  1. Егер тілім ертең болса құрымақ,

Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ. (Р.Ғамзатов)

(Ертең, завтра, tomorrow)



  1. Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік. «М. Әуезов»

(Адам, человек, humаn)

  1. Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте. (Қ. Мырза Әлі)

(Бет, лицо, fасе)



  1. Ана тілін білмеген, ақылы жоқ желікбас

Ана тілін сүймеген, халқын сүйіп жарытпас. (Б. Сарноғаев)

(Халық, народ, people)



  1. Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай бүркіт қанатты,

Мен жастарға сенемін. (М Жұмабаев)

(Жастар, молодёжь, youth)



VІ кезең. «Сөз өрнегі – мақал»

Берілген сөздерден мақал құрастыр.

Абырой. Артық. Ел. Сөз. Сәлем. Бұлбұл.

Ата. Өтірік. Төсек. Айна. Әдепті. Отан.

Әке. Шындық. Өсек. Айна. Әдемі. Жер.

VІІ кезең. Тіл – ұлттың құдіреті.

Төмендегі тақырыптар бойынша ой қорытып, көркем тілмен сөйлеп, ойын ортаға салу.



  1. Тіл – өлшеусіз қазына.

  2. Мәдениет сенен басталады.

  3. Тіл – тәуелсіздік құдіреті.

  4. Сөз – ойдың айнасы.

  5. Мен және болашақ.

Қорытынды:

Ұпай санын есептеу. Дарынды оқушыны, жеңімпазды анықтау.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет