Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай



Дата03.07.2016
өлшемі19.09 Kb.
#174330
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай «ұйықтады?»

Мақсаты:
1.Мәтіндегі негізгі ой мен идеяны ұғындыру


2.Ертегідегі сүт ұйып қапты, сүт іріп қапты, айран ашып қапты тағы басқа сөз тіркестерін пайдалана отырып, байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру
3.Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, дұрыс тамақтануға үйрету.
4.Балаларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту, қотырынды шығаруға машықтандыру
Түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, түсіндіру.
Көрнекіліктер: Кітапшалар, бүктемелер, суреттер, тірек-сызбалар.
І.Ұйымдастыру кезеңі
Парыздармын білуге
Қазынасын халқымның!
Ана тілін сүюге
Бала жастан талпындым!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
Ы.Алтынсариннің «Салақтық» мәтінін дұрыс, түсініп оқып келу тапсырылған.
А) Мәтінді оқыту
Ә) Мазмұнын әңгімелету
- Мәтіннің авторы кім?
- Мәтін неге «Салақтық» деп аталған?
-Салақтық сөзіне қарама-қарсы мағынадағы сөзді атап айт?
- Керім қандай жігіт?
- Салақтықтың салдарынан не болды?
- Берілген мақал-мәтелден осы мәтіндегі оқиғаға сай келетін нақыл сөзді ата?
- Мәтіндегі оқиғаның осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелде
- Салақтық қандай әдет екен?
ІІІ. Мақсат қою
Сергіту сәті: 1,2,3 жалқаулықты тастаймыз. Бойға жинап күш.
Жаңа сабақты бастаймыз.
- Балалар, қане мына сұрақтарға жауап берейікші.
- Тағы да қандай жаман әдеттерді білесіңдер?
Жаман әдеттер:
Салақтық, ұрлық, өтірік айту, мақтаншақ, әдепсіздік, ұйқышылдық.
- Иә, балалар, ұйқышылдық та жаман әдет екен.
«Ұйқы деген дұшпен бар,
Тұла бойды талдырар.
Жолда, істен, қалдырар» - деген мақалды қалай түсінесің?
- Кісіге қарап есінеме
ІV. Жаңа сабақ
Жаңылтпашты айту
Ұйқышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Авторымен таныстыру: 2006 жылы О.Әубәкіров 70-ке толды. Ертегіні оқушылар оқиды.
Тізбектей оқу.
Топпен оқыту
- Ертегіде ненің әрекеті суреттелген?
- Ертегідегі нақыл сөзді тап.
- «Ұйқы-дұшпан»
- Мәтіндегі қорытынды ой айтылған жолдарды тап?
Суретпен жұмыс.
- Суреттен кімді көріп отырсыңдар, ол не істеп тұр?
- Тағы нелерді көріп тұрмыз?
- Ертегідегі сүттің әрекетін қара сөзбен айт.
- Сүт тағамдарын ата
V. Сабақты қорыту.
- Балалар, сүтті қайдан аламыз?
- Төрт түлікке нелер жатады?
- Ақ - сүт туралы қандай нақыл, тыйым сөздер білеміз?
VІ. Білімдерін бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма беру.
1.Ертегі оқиғасын байқап, дұрыс, саналы түрде, мәнерлеп оқып келу.
2.Сүт тағамдарын біліп келу.
3.Сұрақтарға жауап беру.
Мақтан тұтам бүгін мен:
Шақырады Ертеңім!
Туған Ана тіліммен
Өсер менің өркенім!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет