СЫНЫПТАН ТЫС
11-СЫНЫП
Тақырыбы:«Тарих тағылымы»
2020-2021жыл
Сабақтың тақырыбы: Тарих тағылымы
Мақсаты: Сабақ барысында игерген білімдерін нақтылау.
Ел тарихы туралы берілген тапсырмаларға дәл жауап табуға дағдыландыру. Тарихи терминдер қорын көбейту ,тілдерін дамыту.Қазақ тарихындағы қоғам қайраткерлері,батырлар,дана тұлғалар жайлы білімдерін толықтыру.Қазақстан
тарихына қызығушылықтарын арттырып,білімдерін кеңейту.Отансүйгіштікке ,
патриоттыққа,жеңімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд
Ойынға 11 сынып оқушыларынан құралған «Ғасыр» тобы мен «Заман» тобы қатысады.Жауаптардың бағасы ұпаймен өлшенеді.
Сайыс сегіз кезеңнен тұрады:
І .Мен білемін.
ІІ .Осылай болған.
ІІІ.Жұмбақ оқиға
ІҮ.Базарлық.
Ү.Жылдар тізбесі.
ҮІ.Шардара.
ҮІІ.Тарихи тұлғаны таны»
І кезең. «Мен білемін» деп аталады.Бұл кезеңде сұрақтар екі топқа кезек-кезек қойылады.Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.
-Ендеше мұқият тыңдайық:
1.Шу,Талас аңғарындағы ХҮ ғасырдың ортасында қалыптасқан мемлекет?
(Қазақ хандығы)
2.ХҮІІІ ғ басындағы соғыс қасіретінен туған ән? (Елім-ай)
3.Қасиетті мұсылман санына байланысты заңның атауы?
(Жеті жарғы)
4.Қ.Жұмаділов романында Дарабоз атанған батыр?
(Қабанбай)
5.Жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан 15 жасар бозбала?
(Абылай)
6.Керей мен Жәнібектің ақылшы ,кеңесшісі болған жырау?
(Асан қайғы)
7.Абылайдың кеңесшісі,ақылшысы болған жырау?
(Бұқар)
8.Исатайға күй арнаған күйші?
(Құрманғазы)
9.Қазақты үшке бөлген сан?
(100)
10.Қай хан тұсында қазақ хандығындағы халықтың саны 1 млн-ға жетті?
(Қасым)
11.Бес ай қошауда болған қала?
(Отырар)
12.ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ елі қай мемлекетпен күресті?
( Жоңғар)
13.Қазақстанда сопылық ілімнің негізін салушы?
(Қожа Ахмет Иасауи)
14.Үш есімді батыр кім?
(Ерасыл,Қабанбай,Дарабоз)
15.Кіші жүзде болған ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілері?
(Исатай мен Махамбет)
16. 98 қазақ батыр атағын алған қай соғыс
(1945 жылғы Ұлы Отан)
17.Қазақ тың әдет-ғұрып заңдарын ата:
(Жеті жарғы,Есім,Қасым)
18.Отырардың қираған жылы, орны?
(1219ж Шымкент облысы)
19.Қазақтың ұлт-азаттық күрестерін ретімен ата?
(Сырым,Исатай,Кенесары,Амангелді)
20.Ақтабан шұбырынды болған жылдар?
(1723-1727ж)
ІІ кезең. «Осылай болған» деп аталады.Бір қалташада сұрақтар екіншісінде жауаптары бар. І топқа:
Оларды сәйкестендіріп,дұрыс әрі тез орындауларың керек.
1.Қазақ жеріндегі Х-ХІІ ғасырлардағы ең ірі қала- (Отырар)
2.Қазақ тілінің негізін қалаған тіл- (Қыпшақ,Үйсін)
3.Қазақ АКСР-і құрылды- (1920 ж)
4.Қазақ АКСР-і Қазақ КСР-і болып аталды- (1936ж)
5.Алғашқы Астана- (Орынбар)
6.Алаш партиясы құрылды - (1917ж)
ІІ топқа:
1.Қазақ КСР-нің алғашқы Конституциясы қабылданды- (1937 жылы наурыз)
2.Қазақ газетінің алғашқы редакторы- (А.Байтұрсынов)
3.Қазақ АКСР-нің халық саны- (5000 000)
4.Қазақстанның демократиялық жаңару күні- (1990ж 25 қазан)
5.2030 стратегиясы қабылданды- (1997ж)
6.Астананың тұсау кесері- (1998ж10 маусым)
ІІІ кезең «Жұмбақ оқиға» деп аталады. Алдын ала таспаға жазылған материалды кезек кезек-тыңдап,бұл қандай оқиға туралы,кім туралы екенін табу керек.
1.Өзінің денесін пышақпен тіліп-тіліп жау жағына өтеді,оларға өзіне қорлық көрсеткен қандастарын айтып шағынады.Енді өзін өкпелеткендерден кегін алмақшы екенін айтады.Мақсаты:қарсыластарын қырғынға ұшырату еді.Ол бұл мақсатын жүзеге асырады.
Бұл қашан болған ,қандай оқиға ,кім туралы?
(Бз.б.521-486) (Сақ-грек Македон соғысы.Шырақтың ерлігі)
2.Олар көрші империалар үшін өте қауіпті,қатерлі болды.Талдан тоқылған бөгеттер мен терең орлар да ,берік қамалдар да ешқандай бөгет бола алмады.Тіпті тұғыры берік әрі салуы қымбатқа түскен қорғаныс та түкке жарамай қалды.Олар Орталық Азияны ,Сібірді бағындырды.Ұлы Жібек жолына бақылау жасады.Оларға көрші халықтар алым-салық төлеп тұрды.Олар адам келбетті,арыстан жүректі болды.Рим шекарасына беттеді..
(Ғұндар)
3.Ойламаған жерде қазақ-қырғыз шекарасында Алмалысай жайлауындағы Кекілік тауында қоршауда қалды.Наурызбай батыр өз жасағымен қоршауды бұзуға ұмтылады.Басшы оған «Біз мүмкін қоршауды бұзып шығармыз,ал қалғандары қайтеді?Олардың бәрі қырылады ғой.Егер хан басыммен қашып кетсем не болғаным»,-деген екен.Қырғыз Қалығұл Әлібеков оның басын шауып Ресей басшысына апарып беріп,500 сом күміс ақша алады.
Бұл қандай оқиға? (Кенесары қозғалысы)
4.Ілияс Есенберлиннің «Жанталас» романы: Қазақ жері енді жазықсыз жылаған жұрттың көз жасымен дымқылданды.Таланған мал-мүлік,өрт алған қалалар… Сұлу қыз-келіншектерді шаштарынан матастыра топтап,батырлары әйелдікке алды,найза ұстауға жарайтын жігіттерін қойдай бауыздады,кәрі-құртаң шал-кемпірлерді айдалаға тастады.Жас балаларды «түбі бұлар да бізге жау болады» деп ,найзаларының басына іліп алып,әке-шешелеріне көрсетіп,қарқ-қарқ күлді…Шапқыншылық қиянатын көрген ата-ана қорланып шаштарын жұлып,беттерін қан-жоса етіп тырнап,бүкіл сардаланы сарнауға,зарлы үнге толтырды…Небір азаматтар ақыл-естерінен адасып,жынданып кетті…
(Жоңғар шапқыншылығы)
ІҮ кезең «Базарлық» деп аталады.Мұнда үш жолдың біреуін кезекпен таңдап ондағы сұрақтарға жауап беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |