Сабақ жоспары.
Топ
|
|
|
|
|
|
|
Сабақтың өткізілетін күні
|
|
|
|
|
|
|
Пән аты: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы негіздері
Оқытушы : Д.А.Нурметова
Cабақ тақырыбы: Анатомия,физиология және балалар гигиенасы пәнінің маңызы мен мақсаты.
Сабақ түрі: жаңа білім игеру сабағы
Пәнаралық байланыс:биология, гигиена.
Сабақтың мақсаты.
1.Білімділік:анатомия сабағына болған қызығушылықтарын арттырып білімділігін көтеру.
2.Тәрбиелік: сабақта өзін - өзі қадағалай алуға,өз міндетін білуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардын мектепте алған білімдерін одан ары дамыту.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Плакаттар
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттер мен сәлемдесіп,олар тугелденеді мектепте өтілген сабақтарын еске түсіру.
3.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: лекция түрінде.
Жануарлар дүниесінің миллиондаған жылдардағы тарихи дамуы кезінде табиғаттың дара тұлғасы – адам пайда болды. Адам – органикалық дүниенің тарихи дамуының жемісі.
Адам бірте-бірте өзін қоршаған табиғаттың сан алуан құпия сырларын тани білді. Табиғаттың түрлі құбылыстарына бейімделіп, табиғатты өз мақсатына сай өзгертуді үйренді. Табиғат заңдылықтарын түсініп, білу арқылы өз ағзасын (организмін) зерттеуге де көңіл бөлді. Нәтижесінде биологиялық ғылымдар қатарына жататын – анатомия, физиология және гигиена ғылымдары дамыды.
Достарыңызбен бөлісу: |