«Тәуелсіздік –тұғырым» атты ашық тәрбие сағаты Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігі Мұғалім: Балағазы Балжан Думанқызы Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым Сабақтың мақсаты: 1. Қазақстан тарихында желтоқсан оқиғасының алатын орнын ашып көрсету. 2. Оқушыларға қазақ халқының ерлігін, даналығын паш ету, оның ізгі қасиеттерін ардақтап, өнеге тұту. Отанды, елін, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту 3. Оқушылардың жауапкершілік, белсенділік, ізденгіштік, зерттеушілік қабілеттерін дамыту. 4. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтап, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіріп, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: бүктеме, суреттер, кітап көрмесі Желтоқсан құрбандарының суреті, мақал- мәтелдер, Қазақстан рәміздерінің суреті. І. Ұйымдастыру бөлімі: 1986 жылы желтоқсанның 17-18 күні көтерілістің арқасында 1991 жылы біздің еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш президентімізді сайлап, тәуелсіз егеменді ел болдық. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің «Тәуелсіз ел» атануы үшін ұзақ, талай қанды қырғынды, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Соның бірі - Алматыда болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Бүгінгі біздің 16 - желтоқсан құрбандарын еске ала отырып «Тәуелсіздік –тұғырым» атты шағын тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер!
Әнұраным- жан ұраным,