Күні: 11-12 САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. Шегенің ізі. «Анашым» әні
Сабақтың мақсаттары:
Тіл үйренушінің қазақ тілінде сөйлей білу дағдысын тілдің грамматикалық құрлымымен бірлікте қалыптастыру. Тіл үйренуші сөйлемнің әртүрлі бөліктерін пайдалана отырып, грамматикалық жағынан дұрыс, мағынасы бар, өз алдына қолдануға болатын сөйлеу мәтінін құра білуге дағдыландыру. Тіл үйренуші тыңдаған мәтін мазмұнын толық түсіну, мәтіннен ақпарат ала білу, тыңдалым кезіңде жаңа ақпаратты ажырата білу ептілігін қалыптастыру. Тіл үйренушінің тілдік қарым-қатынасқа түсу мақсатында тілдік қабілетін, дағды мен біліктілігін дамыту.
Сабақтың түрі: тіл дамыту сабағы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әң шырқау, мәтінді оқу, рөлге бөліп оқу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірме карточкалар, аудио материал
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу
Қал-жағдайларын сұрау
Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Тыңдаушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Қорқыт нешінші ғасырда өмір сүрді?
-
Қорқыт дүниені немен шарлады?
-
Қорқыт ата адамдарға қандай көмек берді?
-
Қорқыт мұңайған кезде қандай аспапта ойнады?
-
Қорқыт түсінде кімді көрді?
-
Қария Қорқытқа қандай аян берді?
-
Қорқыт қандай сөзді айтпауға тырысты?
-
Қорқыт қандай сөзді айтпауға әрекет жасады?
-
Қорқыт қандай айқай-шуды естіді?
-
Асау өгізді қалай жуастауға кірісті?
-
Қорқыт шыдамай қандай сөзді айтып қалды?
-
Өгіз Қорқытқа не деп тіл қатты?
-
Қорқыт ажалдан қорыққанынан не істеді?
-
Мұңайған кездерінде қобызда ойнап, өзіне нені жақындатпай қойды?
-
Қорқыт жүйрік желмаясымен жарық дүниені шарлап, бірінен соң бірін тоғытып не шығара берді?
ІІІ. Тіл дамыту сабағы.
ОҚЫЛЫМ. Қазақ тілі В1, 12-бет.
Мәтінді оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Ең жақын досыңыздың есімі кім?
-
Онымен қашан таныстыңыз?
-
Досыңызды ренжітіп алған кезіңіз болды ма?
-
Сіз үшін кешірім сұрау оңай ма?
-
Досыңыздың қандай болғанын қалар едіңіз?
3. Дұрыс/бұрыс жауаптың тұсына + белгісін қойыңыз.
4. Мәтінді оқып, ақыл-кеңес беріңіз.
СӨЙЛЕСІМ
5. Мәтінді рөлге бөліп оқыңыздар.
ТЫҢДАЛЫМ
1. «Анашым» әнін әншінің орындауында тыңдаңыздар.
Әні: М.Омаровтікі
Сөзі: Қ.Жұмағалиевтікі
ЖАЗЫЛЫМ
1. Көп нүктенің орнына қосымшаларды қойыңыз, қандай қосымша екенің анықтаңыз. Мысалы: Шет жүрсем – сағынар+ым. Ым – жіктік жалғауы. 1-жақ. (Ән ойнап тұрады)
2. Көп нүктенің орнына керек сөздерді қойыңыз, мағынасын түсіндіріңіз.
Мысалы: Шет................. (жүрсем) сағынарым.
ІҮ. Бекіту.
Өткен грамматикалық тақырыптарды бекіту мақсатында, тапсырмалар орындау.
1-тапсырма.
Берілген етістіктерді бұрынғы өткен шақта жазыңыз.
Түсіну, қолдану, нығайту, үйрену, сөйле, дамыт, меңгер.
_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма. Сұрау сөйлемді аударыңыздар.
-
Куда пойдешь?
-
Кого видел?
-
Когда приехал?
-
Сколько тебе лет?
-
Какая цена?
-
Как ваше дела?
3-тапсырма. -рақ,- рек, -ырақ, -ірек, -лау, - леу, -дау, -деу, -тау, -теу жұрнақтары арқылы салыстырмалы шырай жасаңыз.
Дөңгелек-
Қысқа-
Тәтті –
Дәмді –
Жақын-
Күшті-
Әдемі-
Тар-
Ақ-
Алыс-
Үлкен-
ІҮ.Үйге тапсырма.
Қайталау. «Анашым» әнін жаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |