Сабақ Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. «Балалық шағымның аспаны»



Дата21.06.2016
өлшемі85.5 Kb.
#151388
түріСабақ
Күні: 13-14 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту. «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді

Сабақтың мақсаттары:

Тіл үйренушінің қазақ тілінде сөйлей білу дағдысын тілдің грамматикалық құрлымымен бірлікте қалыптастыру. Тіл үйренуші сөйлемнің әртүрлі бөліктерін пайдалана отырып, грамматикалық жағынан дұрыс, мағынасы бар, өз алдына қолдануға болатын сөйлеу мәтінін құра білуге дағдыландыру. Тіл үйренуші тыңдаған мәтін мазмұнын толық түсіну, мәтіннен ақпарат ала білу, тыңдалым кезіңде жаңа ақпаратты ажырата білу ептілігін қалыптастыру. Тіл үйренушінің тілдік қарым-қатынасқа түсу мақсатында тілдік қабілетін, дағды мен біліктілігін дамыту.



Сабақтың түрі: тіл дамыту сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: бейнебаян көру, мәтінді оқу, рөлге бөліп оқу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірме карточкалар, аудио материал



Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу


Қал-жағдайларын сұрау

Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Тыңдаушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасы:

Үй тапсырмасын тексеру.



Балалық шақ

І.Алғашқы танысу

Бұлар кімдер?

Олардың Сұлтанға қандай қатысы бар?

Балалық шақ



І. Көріністі көргенге дейінгі кезең

Қазақстан Республикасының Президенті кім? Сіз ол адам туралы не білесіз?

Оның балалық шағы қай жерде өтті?

ІІ. Көрініс кезеңі. Белгілеңіз (v)

1.ҚР Президенті қай жерде дүниеге келді?

Алатаудың бауырында

Көкшетауда

Қаратау бауырында

Алматы қаласында

Үшқоңыр жайлауында

2.Нұрсұлтан Әбішұлы өзі туралы күнделігін қай жерде жазып отырды?

үйде

ұшақта


жұмыс бөлмесінде

кеңседе

пойызда

III. Көріністен кейінгі кезең

Нұрсұлтан Әбішұлының монологін оқыңыз және төмендегі сұраққа жауап беріңіз



Елбасының монологі

Дәл қазір менің өмрімнің көп сәті республика аймағына, әлемнің әртүрлі мемлекеттеріне таусылмайтын арнаулы сапарлармен ұшақ үстінде өтіп жатса да, ұшар биіктен төменге қараудың нағыз әсерлі жүрегімді баурап алар шынайы сезімді бірінші рет ұшаққа отырғанда да емес, ең алғаш рет өзім өрмелеп шығып, биік шыңның, басында кіп-кішкентай болып тұрғанымда көкке самғағандай болдым.



Елбасы ұшар биіктен төменге қараудың қаншалықты әсерлі екенін қалай жеткізген?

Қазақ халқының наным-сенімдері

I. Көріністі көргенге дейінгі кезең

Ой бөлісіңіздер.

Сіз ырымдарға сенесіз бе?

Өз халқыңыздың қандай наным-сенімдерін білесіз?



II. Көрініс кезеңі

1.Мазар қайда орналасқан ? Белгілеңіз (V)

Мазар қаланың ортасында орналасқан.

Мазар таудың етегіне орналасқан.

Мазар кең далада орналасқан.



2.Қандай дыбыстарды естідіңіз? Белгілеңіз (V).

машинаньң дауысы

баланың жылағаны

аттың жүрісі

қасқырдың ұлығаны

домбыраның дауысы



3.Құранның сүресін кім оқыды? Белгілеңіз (V).

ер адам (бала Нұрсұлтанның әкесі)

машинада келе жатқан қарт адам кейуана (бала Нұрсұлтанның әжесі)

жас келіншек (бала Нұрсұлтанның шешесі).



4.Олардың Райымбек ата мазарына келу (түнеу) мақсаты. Белгілеңіз (V)

күнәсін кешіруді сұрау

әжесіне ұзақ өмір тілеу

ер адам мен әйел адамның бала-

лы болуын сұрау

оларды табиғат апаттарынан сақтауды сұрау



III. Көріністен кейінгі кезең

1.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Мазарды қанша рет айналып өту керек?

  • Бала Сұлтанның, шешесі түсінде нені көрді?

  • Түс жорушы адам қандай болжам айтты?

  • Жаңа туған сәбидің болашағы қандай болуы мүмкін?

  • Сіз түсіңізге сенесіз бе?

  • Бала Сұлтан дүниеге келген күні ауа райында қандай өзгерістер болды?

Баланың дүниеге келуі

І.Көріністі көргенге дейінгі кезең

Баланың дүниеге келуімен байланысты қазақ халқының қандай әдет-ғұрыптары бар?

Жаңа туған баланы атасы мен әжесінің тәрбиесіне беру салты сіздің мәдениетіңізде бар ма?

ІІ. Көрініс кезеңі

Қазанда ... қайнап жатыр. Белгілеңіз (V).

cүт


ет

құрт


2. Жас сәбиді алғаш рет қолына алып жылы сөзін айтқан кім? Белгілеңіз(V)

әкесі


бауыры

әжесі


3. Әжесі жас сәбиді қолына алған сәтте оған қандай еркелету сөзін айтты? Белгілеңіз (V)

айналайын

ботақаным

құлыным


жаным

қарағым

ауылдасы

ІІІ.Көріністен кейінгі кезең

1. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

Әжесі немересін баласына көруге неге рұқсат бермеді?

Алшысынан түскен асыққа қарап, әжесі жас нәрестенің болашағы туралы қандай болжам айтты?

Сіздің мәдениетіңізде бала дүниеге келгеннен бастап қырқынан шыққанға дейін жасалатын қандай тыйымдар бар?

Егер сіз әже немесе ата болсаңыз, немереңізді тәрбиелеуді өз қолыңызға алар ма едіңіз?

Кестеде тұрған сөздерді пайдаланып, әжесінің қандай киім кигенін суреттеңіз.

кимешек, мәсі, көйлек, сұр, ақ, қара, қамзол

Тұсау кесу

І.Көріністі көргенге дейінгі кезең

Сіздің мәдениетіңізде баланың алғашқы қадам басуына қатысты әдет- ғұрып бар ма?

Сіз бұл әдет-ғұрыптың қалай аталатынын білесіз бе?

Тұсау кесу тойына неге ерекше мән беріледі деп ойлайсыз?



ІІ.Көрініс кезеңі

1.Іс-әрекет болып жатыр. Белгілеңіз (V)

көктемде

күзде


жазда

қыста


2.Қонақтар мен туысқандар қайда отыр? Белгілеңіз (V).

үйде


таудың бауырында

далада


киіз үйде

3. Сіз тұсау кесу рәсімі орындалып жатқан,

кезде нені көрдіңіз? Белгілеңіз (V).

машинаны

тауды

өзенді


көп жылқыны

киіз үйді

бірнеше адамдарды

4. Батаны кім берді?

бала Сұлтанның әжесі

бейтаныс ер адам ақсақал

бала Сұлтанның әкесі

жас келін



ІІІ. Көріністен кейінгі кезең

1. Бата сөзін тағы да қайталап оқыңыз және қажетті сөздерді таңдаңыз.

Бір үйдің ….. болма, анасы/баласы

Көп үйдің ….. бол. санасы/саласы

Бір….атасы болма, жұрттың/елдің

Бар елдің...... бол. әкесі/атасы

Өзіңе …….. бол, кәміл/әділ

Еліңе .... бол, күн/құл

…….. таңы бол, еліңнің/халқыңның

Маңдайдағы……бол! Әумин! бағы/шырағы

2.Жоғарыда берілген сөздерді ілік септігінде жазыңыз.

Үлгі: баласы - баланың

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3. Осы берілген бата сөзін жаттап алыңыз.

4. Жолға шығарда қарт адам қандай тілек сөздер айтты. Жазыңыз.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Салт атты

І.Көріністі көргенге дейінгі кезең

Сіз атқа мініп көрдіңіз бе?

Көшпенділер мәдениетіндегі аттың рөлі қандай?

ІІ.Көрініс кезеңі

1.Бала Сұлтан қандай атқа мінуді үйренді? Белгілеңіз (V).

тарғыл


ақ

қара


cұр

қоңыр


2. Сұлтанның киімін суреттейтін сөздерді ирек сызықпен сызыңыз.

Оның үстінде: шапан, бас киім, тақия, пима, етік, бәтеңке, шұлық, тымақ, тұлып, тон, бешпент. шалбар, бөрік, қолғап, биялай

3.Сіз қандай еліктеуіш сөздерді естідіңіз? Белгілеңіз (V)

шүу-шүу құрау-құрау

шөк-шөк мияу-мияу

4.Салт атқа мінуді кім үйреткен? Белгілеңіз (V)

әйел адам

әкесі

ауыл адамдары



өзі

ІІІ. Көріністен кейінгі кезең

Оған атқа мінген кезде берілген кеңесті тыңдаңыз және жазып алыңыз.



_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қансонарда

І.Көріністі көргенге дейінгі кезең

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіз аң аулауға шығып көрдіңіз бе?

Егер шыққан болсаңыз, кіммен және қай кезде шыктыңыз?

Қандай аң-құсты атып алдыңыз?

Сізд1ің еліңізде аң аулауға рұқсат берілген бе?

Қандай аң-құсты атып алуға болмайды?



ІІ.Көрініс кезеңі

1. Сұлтан .... аң аулауға шықты. Белгілеңіз (V).

әкесімен


достарымен

құрдастарымен

екі ер адаммен

қарт адаммен



2.Бүркіт ... ұстады. Белгілеңіз (V).

қасқырды

арқарды

қоянды


түлкіні

бұғыны


ІІІ. Көріністен кейінгі кезең

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

Алғашқы жауған қар неге қансонар деп аталады?

Қар үстінде қандай аңдардың іздерін көруге болады?

2. Бұл сөйлемдерді кімдер айтты?

А) ақсақал Ә) әке С) Сұлтан

- Алғашқы жауған қарды «қансонар» дейді. _________

- .... Сонда бәрінің іздері қала ма?_________

- Әне, анау қоянның ізі.___________

- Қыран құс қаншалықты қияға самғаса да, көлеңкесі тек қана жер бетіне түседі, ал айналасына шапағатын тигізген адамның да артында аты қалады. Ол да ізі болар._________

- Шүу, шүу...

- Ата, қараңызшы түлкі кетті, түлкі...

- Аға, қарашы, қарашы, қандай түлкі ұстап алдық.__________

- А-а... Түлкі дейді...

- Қалай, қансонарда қанжығаңыз майланды ма, ақсақал?___________

- Ал, Әбіш, мынау балаңның алғашқы олжасы.

- Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. _______

- Ал енді аман болыңдар.



2.Екінші тапсырмадағы мақалды табыңыз. Мұндай мақал сіздің тіліңізде кездесе ме?

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет