Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функцияларды анықтау. Сабақтың мақсаттары



Дата17.07.2016
өлшемі19.34 Kb.
#205991
түріСабақ
Алгебра. 9А сынып.

Пән мұғалімі: Абуова М.К.

Лавровка орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функцияларды анықтау.

Сабақтың мақсаттары:

  1. Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциясы ұғымын, бұл функциялардың «Геометрия-8» курсында өткен анықтамаларын арқау ете отырып, жалпылай түсіндіру. Тригонометриялық негізгі теңбе-теңдікті Пифагор теоремасына сүйене отырып дәлелдеу.Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндерін анықтай білу және оларды іс жүзінде қолдана білу бейімділіктерін қалыптастыру.

  2. Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше ізденуге тәрбиелеу.

  3. Есте сақтау, салыстыру, талдай білу, қорытындылау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Оқыту әдістері: сұрақ-жауап, еске түсіру, электронды оқулықпен жұмыс, талдау, баяндау, есептер шығару.



Көрнекілік: интерактивті тақта, компьютер, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. «Бұрыштар мен доғалар. Бұрыштың радиандық өлшемі» атты өткен тақырыпты еске түсіру.

  • Бұрыштардың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

  • Радиан өлшем бірлігінің анықтамасын айтыңдар.

  • Тақтаға шығып бұрыштың градустық өлшемін радианға және радиандық өлшемін градусқа айналдыратын формулаларды жазыңдар.

  • Қандай шеңберді тригонометриялық шеңбер деп атайды?

00 ден 3600 дейін радиандық өлшемдерін жатқа жазу. Жазып болған соң интерактивті тақтадан дұрыс жауаптарын тексеру.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру (электрондық оқулықты пайдалану).

«Тригонометриялық функциялар» деген модульде

«Тригонометриялық функциялардың анықтамасы» деген тақырыпты ашу. Түсініктемені басу. Түсініктеменің ішінде үшінші гипермәтінді ашу. Тригонометриялық функциялардың анықтамасын оқып, тыңдау. Тоқтату пернесін басып, тағы да қайталау. Дәптерлеріне қысқаша конспект жасау. Одан кейін төртінші гипермәтінді ашып, тағы да көріп, тыңдаймыз. Дәптерге қысқаша конспект жасаймыз.

Гипермәтіннің соңында жазылған негізгі тригонометриялық функциялардың 00 ден 3600дейін мәндері жазылған кестеге назар аударып, оны үйде сызып,жазып келіңдер деп тапсырма беріледі.


  1. Есептер шығару кезеңі (электрондық оқулықты пайдалану, ашып көру.)

Есеп шығарар алдында тақырыптардағы есеп шығару үлгісіндегі мысалдар көрсетіледі. Одан кейін тапсырмалар орындалады.

Тапсырмаларды екі оқушы кезекпен тақтаға шығып орындап, сосын электрондық оқулықтағы пернетақта арқылы жауабын табады.

Түсінбеген жерлерін сұрап отырады.

Алгебра оқулығынан №198 (1,2), №199 (1,2), №203 (1) орындалады.



  1. Қорытындылау, үйге тапсырма беру, бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет