Сабақтың тақырыбы: «Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу»



Дата17.07.2016
өлшемі49 Kb.
#205918
түріСабақ
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылы,

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің

технология пәнінің мұғалімі Дәулетов Жарылқасын Ноғайұлы

Сабақтың тақырыбы: « Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға күнделікті тұрмыста қолданылатын электр құралдары туралы түсінік беру.

ә) дамытушылық: Оқушыларды тұрмыстық электр құралдарын жөндеуге үйрету,тұрмыстық электр құралдарын жөндеу кезіндегі жетістіктері мен кемшіліктерін анықтай отырып олардың ой- өрісін, шығармашылық қабілетін дамыту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа,шыдамдылыққа, жүйелі еңбекке тәрбиелеу.



Пәнаралық байланыс: физика, математика

Сабақтың әдісі:Аралас сабақ



Көрнекі құралдар: Тұрмыста кездесетін электр құралдарын(үтік,фен, кір жуғыш машина, қысқа жиілікті пеш, электр шәугім, кофеварка) бейнелейтін плакаттар, таратпалар

Қажетті материалдар: Электр сымдары, ток өткізбейтін таспа, монтаж пышақ, электр үтік, бұрандалар, бұрандалықтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгелдеу

б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

в) Техника қауіпсіздігі ережелерін еске түсіру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1. Қарапайым электр тізбегі неше элементтен тұрады?

2. Электр тізбегін құрастыру неше амалдан тұрады?

3. Электр сымдарының ішкі және сыртқы қабаты неден жасалады?

4. Электр аспаптарының қатарына нелер жатады?

5. Өндірісте ток көзі ретінде нені пайдаланады?

6. Электр материалдарының қатарына нелер жатады?

7. Электр тұтынушыларға нелер жатады?

8. Қандай материалдар ток өткізбейді?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

а) Жұмыстың мақсатын түсіндіру

ә) Жұмысты орындау ретімен таныстыру және жұмыс туралы қажетті мағлұматтар беру

б) Шырақтағы ақаулар және оны түзетудің тәсілдерін үйрету

Тұрмыстық электр құралдарын пайдалану барысында оның ақаулары жиі кездесетіндіктен, оны жөндеумен айналысуға тура келеді. Электр сым ауыстырғанда,алдымен ток өткізгіш желілердің үзілген орындарын табады. Әдетте бұл электр сымдарының майысқан жерінде кездеседі. Бұл жұмысты мынадай тәртіппен орындайды:

1. Сымның үзілген жеріндегі электр сымды монтаж пышақпен кесіп, оны тазалайды 1- сурет(а);

2. Көп сымды желілердің бұрауын тарқатады 1- сурет (ә);

3. Тазалап, желілердің ұштарын бірбірімен қосады 1-сурет(б,в);

4.Ұштарын бұрау керек 1- сурет(в);

5.Желілердің ұштарын тістеуішпен қысып ұстап, алынған орамдарды қысқышпен қысу қажет 1 сурет(д);

6. Сымдардың жалғасқан жерін ток өткізбейтін таспамен орау (оны алдымен бір бағытта орау керек) 1сурет (г)

Әдетте ток жүретін желілер жалғанған жерінен үзіледі.

Бұл жағдайда:

1.Электр сымды үзілген жерінен кесу және монтаж пышақпен сымның ұштарын тазалау;

2. Ұштарын жалғап, электр арматурасының конструкциясына сәйкес ілгекке бекіту;

3 Қосылған жерін ток соқпайтындай етіп орау қажет.

Штепсель ашалары қызып кетсе, оны қайта ашып, сымның оралуын және шегемен бекітілуін тексерген жөн. Ашадағы жалғанған жер бұзылғанда, сымның ұшын тазалап, бұранданы тартып қояды. Бұдан да елеулі ақау болса(жалғанған жер күйіп кетсе), ашаны алмастыру қажет. Ашылмаған ашаның кейін жалғанған жеріндегі сымы ақауланады. Бұл жағдайда ашып ауыстыру қажет. Ол үшін сымды кесіп тұйықтайды, ашаны ажыратады, тұйықталған сымды шегеге жалғастырады,ашамен

бекітеді, шегеге жалғасқан сымды ашаның сыртына қояды да, соңғысын жинайды.



Шырақтағы ақаулар және оны түзетудің тәсілдері:

1. Шам күйіп кеткен жағдайда шырақтағы электр тізбегінен бөліп тастап, шамды 4 минутқа дейін суыту керек. Шамды бұрап шығарып, орнына жаңасын салған жөн.

2. Шам соңына дейін бұралмаған жағдайда шырақты сөндіру қажет. Шамды соңына дейін бұрап, екінші қолмен шырақты ұстап тұрған дұрыс.

3. Электр тізбегі үзіліп кеткен кезде, сымды қарап шығу керек. Ток келетін желі үзілсе, оны жалғап, қалпына келтіреді (немесе жаңасымен ауыстырады). Сөндіргішті, патронды және ашаны бөлшектеп, қарау қажет. Тексеріп ақауды жөндеу керек. Бұрандаларды қайтадан бұрап бекітеді.

ІY. Тапсырмалар орындау

а) Электр арматурадағы ақауларды жөндеу. Кесте толтыру







Ақаулардың түрлері

Түзету жолдары

1

Бір шамды шырақтың шамы күйген




2

Шырақтың шамы бос бекітілген




3

Электр тізбегін токқа қосқанда шам жанбайды




4

Электр патронның тірек түйіспесі сынған




ә)Сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау

Жұмыстың барысы:

1. Патронның корпусынан қақпағын ажыратып алыңдар, фарфордан жасалған өзегін шығарыңдар.

2. Өзектің құрылысымен танысып, түйіспе бұрауыштарын табыңдар

Оқушылар сарамандық жұмыс кезінде бұрауыштың көмегімен электр ашасының, ажыратқыштың, патронның құрылысымен танысып, оларды монтаждап көреді.


Y. Өткен материалды бекіту
Сұрақтар:

1. Тұрмыстық шырақтарда жиі кездесетін ақаулар туралы айтып беріңдер.

2. Штеппель ашасының ақаулары туралы қандай белгі бойынша білуге болады?

3. Егер ажырамайтын айыр күйіп кетсе, ақауды қалай жоюға болады?

4. Үзілген жердегі сымдарды жалғап, қалпына келтірудің схемасын сызыңдар?

5. Шамкүйіп кеткен жағдайда болатын ақаулар және оларды түзету тәсілдері қандай?
YІ. Сабақты қорытындылау

YІІ. Оқушылар білімін бағалау
Бағалау парағы



Оқушылардың атыжөні

Үй тапсырмасын сұрау

Кесте толтыру

Сарамандық жұмыс

Қорытынды



YІІІ.Үйге тапсырма беру Тұрмыстық электр құралдарды жөндеу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет