Сабақтың тақырыбы:



Дата01.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#169687
түріСабақ
Атырау облысы Құрманғазы аудан Ганюшкино селосы М.В Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Такешова Арайлым Аманжановна

Сабақтың тақырыбы: «Алтын күз». Септіктерді қайталау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Алтын күз тақырыбын түсіндіріп және септік жалғауларының емлесін меңгерту,

сөйлеу кезінде септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын

байыту,байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды тапқырлыққа, еңбекке баулу, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдісі: сұрақ –жауап, суретпен жұмыс

Көрнекілік: интерактивтік тақта, оқулық, үлестірмелі парақша

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Сәлемдесу.

  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Оқушылардан үй жұмысын қайталап сұрап бағалау.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Оқушылар тақтадағы суретке қараймыз

  • Суретте не бейнеленген?

  • Жапырақтың түстері қандай?

  • Жылдың қай мезгілі деп ойлайсындар?

  • Қандай мерекені тойлап жатыр?

  • Балалар қалай киініп алған?

  • Осы мерекені өз мектебімізде тойладық па?

  • Олай болса бүгінгі біздің тақырыбымыз «Алтын күз»

  • Балалар неге алтын күз деп атаймыз?

  • Жылдың неше мезгілі бар?

  • Қазір қай мезгіл?

  • Күз мезгілінің айларын кім атайды?



Септіктердің аты

Сұрақтары

Септік жалғаулары

1

Атау септік

Кім? Не?




2

Ілік септік

Кімнің? Ненің?

-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің

3

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

-ға, -ге, -қа, -ке

4

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

5

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да, -де, -та, -те,

6

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

- нан,-нен, -дан, -ден,-тан, -тен

7

Көмектес септік

Кіммен?Немен?

-мен,-бен,-пен

Жаңа сөздермен танысу

Ханшайым – принцесса

Таңдау- выбирать

Сән үлгілері- мода

Береке- изобилие

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма.Сурет бойынша сөйлем құрап айту

2-тапсырма. Берілген сөздерге жатыс септігінің жалғауын жалғап жаз. Сөздерді пайдаланып ,

сөйлем құрап айт.

Күз +де , дала+ да , мектеп + те, күн + де, сынып + та , оқушылар+да , өнер+ де , ханшайым + да,

айлары +да.

Мәтінді оқы. Сөйлемдерге сұрақ қой.

Күз келді. Ауа райы суыта бастады. Бірінші тоқсан да аяқталып келеді. Біздің мектебімізде “Алтын күз”

іс –шарасы өткізілді. Әр сыныптан оқушылар сайысқа түсті, өнерлерін көрсетті. Бұл кеште күз Ханзадасы мен Ханшайымы таңдалды. Мектеп оқушылары сән үлгілерін көрсетті. Оқушылар күз айларына қатысты қызықты викториналық сұрақтарға жауап берді.

“Алтын күз” кешінің екінші бөлімінде көгөністерден, жеміс- жидектерден дайындалған тағам дайындау сайысы болды. “Алтын күз” кеші Ханзада мен Ханшайымның және оқушылардың биімен аяқталды.

“Алтын күз” мерекесі арқылы күз мезгілінің көп қырын білдік. Олар: күз- байлық, күз- береке, күз- молшылық, күз-қуаныш. Күз – дархан даланың бай дастарқаны.

Сөздерді дұрыс септікке орналастыр.

Атау септік Ілік септік Барыс септік Табыс септік Жатыс септік Шығыс септік Көмектес септік

Текемет, көмірдің, суға, ұшақты, далада жаңбырдан арамен,

алаша, балғаның, дүкенге, кітапты,, қыста, аспаннан оқушымен,

театрға шеңберді, отпен,

сабақты.

Сергіту сәті

Оқушылар шеңберленіп тұрып бір бірлеріне доп лақтырып, сұрақ қойып, екінші оқушы сұраққа жауап беруі керек.



Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын жазыңдар

Демалыста балалар.....(мен) бірге көлге бардым. Жағалау....(да) адамдар өте көп екен. Қыздар су....(дан) қатты қорқады екен.Түс ауа балалар...(мен) бірге үй...(ге) қайттық .



Сабақты қорытындылау

Тест жұмысы



1. « Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап

А) А.с. С) Б.с.

В) І.с. Д) Ж.с.

Дұрыс А.

2. Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле

А) Оқушы С) Оқушының

В) Оқушыға Д) Оқушыда

Дұрыс С.

3. Табыс септігінің жалғауын белгіле

А) –ны,-ні,-қы,-кі,-ғы,-кі. С) -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті

В) –ны,-ні,-шы,-ші,-ды,-ді Д) -нан,-нен,-тан,-тен,-дан,-ден

Дұрыс С

4.Барыс септігінің сұрағын белгіле

А) кімге? неге?қайда? С) кімге? кімді?нені?

В)кімдерге? Кімді?нені? Д) кіммен? немен?

Дұрыс А

5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле

А) көктемде С) мектеппен

В) далаға Д) ауылдан

Дұрыс А

6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз

А) Сабаққа С)Сабақты

В) Сабақтан Д) Сабақпен

Дұрыс В

7. Көмектес септігінің сұрақтарын ата

А) кімде?неде? С) кімнен? неден?

В) кімге? неге? Д) кіммен? немен?

Дұрыс Д

Гүлді септік бойынша құрастыр









Сабақты қорытындылау

Оқушылар өткен тақырыбымыз бойынша

“КҮЗ” мезгілі ұнай ма?

Өз пікіріңді жаз



Үйге тапсырма

Бағалау


6сынып

Сабақтың тақырыбы: «Медеу» мұз айдыны

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: көмекші есімдерден алған білімдерін тиянақтау, теориялық білімдерін практикалық тұрғыда тексеру;
2. Дамытушылық: танымдық ойындар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын арттыру, жүйелі сөйлей білуге дағдыландыру;
3. Тәрбиелік: құрбысына деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында тәрбиелі әңгімелер жүргізу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, кестемен жұмыс
Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.


  • Сәлемдесу.

  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

Оқушылардан үй жұмысын қайталап сұрап бағалау.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздікпен жұмыс

Іле Алатауы –Илейский Алатау айдын - каток

дүние жүзі- весь мир қойнауында-в ложбине

мұз айдыны- ледовый каток көрікті - красивый

көлемі- размер, площадь жуық- около

көрермен- зритель зулайды- мчатся

тынбай- беспрерывно кешен- комплекс

әйгілі- знаменитый шаңырақ көтерді- открылся

1- тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар. Мәтіннен жаңасөздерді табыңдар. Оларды тіркесіп тұрған сөздермен бірге теріп жазыңдар.

«Медеу» мұз айдыны

Достық даңғылымен тауға қарай машиналар тынбай зулайды. Көгілдір таулар арасында әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдыны жатыр. Айдыны- тау суының мөлдір мұзы. Мұз айдыны- қаланың ең көрікті орындарының бірі. «Медеу» спорт кешені 1972 жылы шаңырақ көтерді. Айдын дүниежүзілік рекордтар «фабрикасы»деп аталады. Мұнда 100- ге жуық рекордтар жасалады. Конструкциясы жөнінен дүние жүзінде «Медеудің» теңдесі жоқ . Мұз айдынының көлемі он бір мың шаршы метрдей. Трибуналары 12 мыңнан астам көрерменге арналған. Бұл жер қала тұрғындарының демалатын сүйікті орнына айналды.



2- тапсырма. Сұрақтар бойынша өзара сөйлесіңдер.

1. <<Медеу>> мұз айдыны қайда орналасқан?

2. <<Медеу>> спорт кешені қай жылы ашылды?

3. <<Медеу>> туралы не білесің?

4. <<Медеудің>> табиғаты қандай?

5. Өзің <<Медеуге>> барып көрдің бе ?

6. Одан қандай әсер алдың?

3- тапсырма. Жақшаны ашып аударып, сөйлемдерді оқыңдар.

1. (Урочище Илейского Алатау) 1691 метр (высокогорный каток <<Медеу>> ) мұз айдыны Алматының(является достопримечательностью).

2. Өзінің конструкциясы жөнінен(не имеет равных в мире).

3. Мұз айдынының(его площадь)10,5мың шаршы метр.

4. Трибуналары 12 мыңнан астам (зрителей) арналған.

4- тапсырма. Сандардың орнына төмендегі керекті көмекші есімдердің тиістісін қойып, сөйлемдерді оқыңдар.

Көктөбенің 1 Ғ. Мұратбаев атындағы Оқушылар сарайы бар. Оқушылар сарайының 2 көп қабатты үйлер бар. Көше 3«Балалар әлемі», «Жазушылар үйі» орналасқан. Ұлттық кітапхана Лермонтов атындағы орыс драма театрының 4 орналасқан. Республика сарайының 2 Абай ескерткіші бар. Алатау 5 әлемге әйгілі <<Медеу>> мұз айдыны бар.

Керекті сөздер:


  1. а) қасының; ә) қасы; б) қасында

  2. а) алдында; ә) алдының; б) алды

  3. а) бойының; ә) бойында; б) бойы

  4. а) қарсысы; ә) қарсысында; б) қарсысының

  5. а) етегінің; ә) етегін; б) етегінде

5-тапсырма. Жаңылтпашты жатқа айтыңдар.

Алатауда неше шың бар?

Қаратауда неше шың бар?

Алатауда бір мың шың бар,

Қаратауда бір мың шын бар. (Қ. Баянбаев)

7 - тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрап, орыс тіліне аударыңдар. Сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.

Іле Алатауының сүйікті орны

Мұз көрермендерге арналған

ең көрікті он бір мың

дүние жүзінде қойнауында

көлемі айдыны


  1. мыңнан астам орындары

демалатын теңдесі жоқ

Сабақты қорытындылау



Үйге тапсырма. Мәтіннің мазмұнын айту.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет