Байжанова Мухайё ,
“Иқан” жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі
ОҚО, Түркістан қаласы
Сабақтың тақырыбы: Витаминдер
Сабақтың мақсаты:
а) Витаминдер туралы мәлімет беру. Витаминдер және олардың маңыздылығын түсіндіру;
б) Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;
в) Оқушылардың өз-өзіне деген сенімін ояту, өзін басқара алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: АКТ, өзіндік жұмыс
Көрнекі құралдар: Презентация, кесте, сәйкестендіру тесті, суреттер, жемістер үлгісі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушыларды түгелдеу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару, психологиялық дайындық
Оқушылардың әр қайсысының алдында қағаздан жасалған екі шеңбер берілген. Бірінші шеңберді алып, әрбір оқушы сол шеңберге өзінің көңіл-күйін анықтайтын көріністі сызады (,,).
Кейін барлық оқушылар шеңберді жоғары көтереді де, сабақтың соңына дейін үстелдің шетіне қойып қояды.
ІІ. Негізгі бөлім:
Өткен сабақты сұрау
Биологиялық диктант.
Витаминдер – организмнің тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы
Иммунитет – ағзаның енген жұқпалы және бөгде денелер әрекетін қабылдамауы.
Тіс – сүйекке ұқсас тығыз заттан дентиннен құралған.
Ассимилация – пластикалық алмасу.
Мүше – белгілі пішімі, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет атқаратын дене бөлігі.
Идиоадаптация – тіршілік ету жағдайының өзгеруіне байланысты организмдердің эвалюция барысында өзгеруі.
Нуклеин қышқылы – ДНК, РНК.
Оқушылар жауабын пысықтау
Жаңа сабақ:
Экранда бейнеленген суретті тапсырмалар негізінде оқушыларға витаминдер туралы қысқаша мәлімет беріледі.
-
Суретте витаминдердің топтары және түрлері, олардың табиғатта кездесуі көрсетіледі.
A
(Ретинол)
Майда еритін
PP
B12
B6
B2
B1
C
K
E
D
(Никотин қышқылы)
(Цианокоболамин)
(Пиридоксин)
(Рибофлавин)
(Тиамин)
(Аскорбин қышқылы)
(Филлохинон)
(Токоферол)
(Кальциферол)
Суда еритін
-
Витаминдердің азықтық тағамдар құрамындағы мөлшері.
№
|
Витаминдер
|
Азықтық тағамдар
|
1
|
A
|
Бауыр, сүт, жұмыртқа уызында, қызыл және сары түсті жемістер мен көкөністерде
|
2
|
D
|
Балық майы және уылдырығында, бауыр сүт тағамдары мен жұмыртқа сарыуызында
|
3
|
E
|
Ас көктер, дәнді жемістер, өсімдік майы мен жұмыртқада
|
4
|
K
|
Ас көктер, қызамық пен бауырда
|
5
|
C
|
Жемістер, көкөністер, тұздалған қырыққабат пен қарақатта
|
6
|
B1
|
Жармалар, сүт өнімдері, жұмыртқа, жемістер мен көкөністерде
|
7
|
B2
|
Ашытқы, көкөністер, ет пен сүтте
|
8
|
B6
|
Астық және бұршақ тұқымдастарда, жұмыртқа, ашытқы, ет, бауыр, бүйректе
|
9
|
B12
|
Бауыр, бүйрек, балық пен жұмыртқада
|
10
|
PP
|
Ет, бауыр, жұмыртқа, қара нанда
|
-
Өзіндік жұмыс
а) Кестені толтыру
Оқушыларға компьютердегі кестені толтыру тапсырылады
Витаминдердің тәуліктік мөлшері
№
|
Витаминдер
|
Тәуліктік мөлшер (мг)
|
1
|
A
|
2,5 – 10,5
|
2
|
D
|
2,5
|
3
|
E
|
10 – 20
|
4
|
K
|
0,2 – 0,3
|
5
|
C
|
60 – 100
|
6
|
B1
|
2 – 3
|
7
|
B2
|
3 – 4
|
8
|
B6
|
2 – 3
|
9
|
B12
|
2 – 3
|
10
|
PP
|
15 – 25
|
ә) Сәйкестендіру тесті;
Оқушылар витаминдер жетіспеушілігі нәтижесінде пайда болатын ауруларды үйреніп шығады және берілген кестедегі витаминдер мен ауру түрлерін сәйкестендіріп ауыстырады.
Витаминдер Ауру түрлері мен белгілері
A Ақшам соқыр
D Рахит
E Бедеулік, бала тумастық
K Қан ұйуы төмендейді
C Құрқұлақ (цинга)
B1 Аяқ-қол қалтырау (паралич)
B2 Көзден жас ағады, өсу төмендейді ...
B6 Дерматит
B12 Қансыздық (анемия)
PP Пеллагра (жарылып кеткен тері)
в) Биологиялық эстафета
Оқушыларға «Витамин» сөзі айтылады, сол сөздің соңғы дыбысына сай келетін биологиялық термин сөз айтады. Кейінгі оқушы сөздің соңғы дыбысына сай келетін сөзді айтып эстафетаны жалғастырады.
Мысалы: Витамин-нерв-вегетатив-вена-артерия-ядро-орган-нейрон-...
г) Суретті жұмбақ
Экранда жұмыртқа, ет, сүт өнімдерінің суреті беріледі. Оқушылар сол өнімдерде қандай витаминдер барлығын тауып, дәптерлеріне жазады.
– A, D, E, B1, B6, B12, PP
– B2, B6, PP
- A, D, B1, B2
-
Логикалық есеп
Бір алма және бір апельсинде с витамині 50 мг болып, олар ¼ болады. Әрбір жемісте неше мг с витамині бар?
ІІІ. Сабақты пысықтау
Терминдер анықтамасы
Авитаминоз (гиповитаминоз) – витаминнің ағзада жетіспеушілігі.
Гипервитаминоз – витаминнің ағзада көбейіп кетуі.
Полиавитаминоз – бірнеше витамин жетіспеушілігі.
Рефлексия
Сабақтың соңында оқушылардың көңіл-күйі сабақты бастау кезіндегідей екінші шеңберге сурет сызу арқылы анықталады (,,).
ІV. Оқушыларды бағалау
V. Үйге тапсырма: Сұрақтарға жауап жазу. (164 бет, 1-29), 86-суретті түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |