Сабақтың тақырыбы: «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ».
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру,
адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы
екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң
бар екенін айту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға,
бұзақылық істерге бармауға,адами бойларындағы қасиеттерді
сақтауға,әдепті де,тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, пікіралысу.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру,түгендеу.
2.Кіріспе сөз:
Қоғам үшін ең бастысы –тәуелсіздік,адам үшін бас бостандығы және уайым-қайғысыз өмір. Оның кепілі-заңдылық.Тәуелсіздік орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық-адам бостандығы.Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау-конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде,денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі-бала құқығы мен бостандығын қорғау мен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен Қазақ халқының дана сөзі бар «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана қол көтере алады» деген сөздің астарында үлкен мәні бар,тәрбиелік негізі бар сөз жатыр.Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді,алайда өкінішке орай кейбір ер адам оның балаға қалай әсер ететінін ұмытып кеткен сыңайлы.
«Ата көрген оқ жонар,ана көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ана тәрбиесі дұрыс болмаса,жаман әсерлер адамды азғырып,түрлі мінезді үйренеді.
Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы баланың көз алдындағы үлгі,өнеге алатын,оған қарап өсетін нысаны.Нашақорлық,темекіге,ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп, зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады,еңбек етуге,қоғамға,денсаулыққа,ұрпаққа,отбасына зиянын тигізеді.
Салауатты өмір сүрудің күрделі мәселесі-жаман қылықтардан,яғни
зорлық-зомбылықтан аулақ болу.Ішімдікке үйір адам есінен айырылып,қасындағы адамға зиянын тигізеді,отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне түрлі қылықтар көрсетіп,балағаттайды,оны көрген бала болашағы қандай болады,зорлық-зомбылық қайдан шығады деген сұрақ туындап,кеткен тәрбиедегі қателікті қайдан іздейміз.Баланың болашағы үшін отбасы,қоғам,мектеп,достары т.б. ықпалы зор.
Оқушыларға сұрақтар:
1.Зорлық-зомбылықсыз әлем деген не?
2. «Бала құқығы Конвенциясы туралы не білесің?»
3.ҚР-сы құқық қорғау органдарын білесің бе?
4.Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі қандай?
5.Салауатты өмір салтының адам өмірі үшін маңызы неде?
6.ҚР-Конституциясы туралы не білесің?
7. «Қоғамның болашағы –жастар» дегенді қалай түсінесің?
8. Бала тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің?
(Оқушыллар пікірін тыңдау және толықтыру)
Қорытынды: Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар.Ата-анасы жәнеде басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық дамуына,денсаулығына,оның адамгершілік және имандылық қасиетті бойына сіңіруге ықпал етуі керек.Баланы тәрбиелеуде баланың адамдық қадір-қасиетіне дұрыс көзқараспен қарау керек.
Зорлық-зомбылыққа қарсы күресу үшін бірінші кезекте қоғамның көзқарасын өзгерту керек. Балаларға қамқорлық жасау,баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу бұл тек мемлекеттің ғане емес сонымен қатар қоғамда өмір сүрген әрбір азаматтың міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: |