Астана қаласы әкімдігінің
«№78 мектеп-гимназия» КММ
Баяндама
Тақырыбы: «Нашақорлық – зиянды әдет»
Астана 2014 жыл
«Нашақорлық- зиянды әдет»
«Наркомания» деген термин гректің сөзінен шыққан, «norko»- есінен айырылып қалушылық, «mania»-құмарлық деген ұғымды білдіреді. Қазақша «нашақорлық» деп аталып жүр. Нашақорлық адамның тек іш-құрылысын ғана емес, жүрек және қан тамырлары, жүйке, асқазан мен ішек жолы, эндокрин жүйесі, бауыр т.с.с. бүкіл ағзаны зақымдайды.
Нашақорлық өсуі- бұл әлемдегі медициналық-әлеуметтік проблемалардың ең ауыры болып табылады. Біздің елімізде де есірткі медициналық жолмен емес, жеке адамдардың көзсіз құмарлығын қоздыру арқылы пайдалану қауіпін күннен күнге күшейтуде. Біріккен ұлттар ұйымы сарапшыларының есебі бойынша Қазақстандағы есірткі заттарды пайдаланушылар 250 мыңға жеткен. Есірткіге тәуелділердің жасы 7-ден 49-ға дейін. Есірткіге тәуелді жандардың өмір жасы күрт қысқарады. Бір жыл ішінде әрбір есірткіге тәуелді адам кем дегенде 10 кісіні өзіне тартады. Жастар ортасында есірткі пайдалану белсенді түрде сәнге айнала бастады.Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр. Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай,Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.
Президент өзінің «Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған жолдауында: «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет..Есірткі – ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан – оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында - оның «көмегімен» қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.
Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.
Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін:
аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін – 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін – 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін – шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде – бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда – бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.
Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы–есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.
Есірткі бағзы замандардан қолданылып келе жатқан дерт екені тарихтан белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен.
Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.
Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті.
Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезенде ересектер арасында да ескірткіге әуестенетіндер көбейіп келеді. Нашақорлардын саны 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 98% өскен. Сондықтан әңгімеміз тек жасөспірімдср арасындағы нашақорлыққа салынудың себептері неде?
Жастардың арасында есірткіге әуестік көп ретте білместіктен басталады. Жасөспірімдер қоршаған ортасының кері әсеріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортаның әр сипатты әрекетіне адам ойына келмейтін жауап кайтарады. Өз іс-әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан-дүние, мінез-құлық пен дүниетанымның толық калыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдіктері мен есірткінің дәмін көруді тудыратын себептер. Жасөспірімдер өздерінің ержүректігін, дербестігін танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай топтар үй жақта, би алаңдарында, мектепте де ұйымдасады және топ ішінде алғашқы "тексерістер" болып өтеді. Топтық психология, еліктеушілік, ермелік топ ішінде біреуі есірткі немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкогольге әуестенуге соқтырады. Бұзақылар арасына түсудің де себептері көп. Бұл отбасындағы кикілжің де, ата-аналардың, мұғалімдердің бала бос уақытын калай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті баланың қолында артық ақшаның жүруі де болуы мүмкін. Кеш болысымен жиналатын жасөспірімдер музыка тыңдап, бейне таспаларын көріп немесе көше кезіп уақыт өткізеді. Ал бұл болса адамның ішін пыстырады. Қазір спорт, музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата-ананың қаржысы жете бермейді. Сөйтіп күндердің күнінде топқа бұрын есірткінің дәмін татқан "білгіш" қосылады. Бір ерекшелігі нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін әдейі жасайды. Өйткені нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, ол есірткі сатып алуға қажетті ақша іздейді де жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табудан басқа амалын білмейді, ал ұрлык әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор ата-анасы ауқатты жасөспірімдерді есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің "қамын" ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысуды, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын дейді. Бара-бара жасөспірім нашақорға, есірткінің құлына айналады.
Есірткінің ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да "қашып кетуді" ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
Нашақордың, мейлі ол тек марихуана шеккеннің өзінде жасы ұзаққа созылмайды. Марихуана шегетіндердің ең алдымен өкпесі қабынады, бронхит, одан әрі өкпе рагі дамиды да адам өлімге дайындалады. Соңғы кезде ғалымдар марихуананың бауыр мен жүрекке де кері әсері бар екенін дәлелдеді. Ал осы есірткі түрінің миға кері әсерінің салдарынан адамның жаттауға қабілеті нашарлап, ұмытшақ етеді.
Марихуана шегушілердің басқалармен қарым-қатынас жасауға құлқы болмайды. Есірткінің опиат тобындағы түрлерін қолдану нашақорлар арасындағы өлімнің және мүгедектің басты себебі болып табылады. Опиатты есірткілерді (морфин, героин, кодеин, метадон) және басқалары ең алдымен ине шаншу арқылы колданады. Сондықтан оларды қолдану кезінде ең қауіпті аурулар — СПИД, сифилис жөне гепатит жұқтыру мүмкіндігі күрт жоғарылайды. Нашақорлардың көбісі осы үш аурумен ауырады. Гепатит, оған қоса есірткі заттармен улану бауырдың дистрофиясына алып келеді де, адам мүгедек болып қалады. Көкнәр шикізатын ацетон, бензол, толуол, уксус ангидриді секілді органикалық еріткіштермен өндейтіндіктен қолданылатын есірткіде олардың 5% қалады. Есірткі қанда қалады да, еріткіш заттар бауырды күйдіріп, сонда шөгеді. Әрине, нашақор есірткі қолданып жүргенде оны байқамайды, ол есірткімен уланған кезінде ауыртпалықты сезбейді. Нашақор өзінің мүгедектігін тек екі жағдайда байқайды: өзі іріңдеп, шіри бастағанында немесе нашақорлықтан емделіп, есі орнына келген кезде. Органикалық еріткіштер мен уксустік ангидридтен тек қана бауыр емес жүрек, ми, өкпе де зардап шегеді.
Адам нашақорлыққа қандай жолдармен келеді. Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
- ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
- отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;
- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
-ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда
маскүнем немесе нашақор болуы;
-отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі,
жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізбеуі;
- достарының арасында нашақорлардың бар болуы;
-өзінен жасы үлкен достарынын жетегінде жүруі;
-алкоголь мен есірткіге қол жеткізудін оңай болуы;
-әлеуметгік-экономикалық жағдайының төмендігі.
Ал енді жастарды есірткіден қалай қорғап қалуға болады? Қазіргі жастар тез өсіп, дене бітімі тез жетіледі. Алайда олардың сана-сезімі мен дүниетанымы әлі де болса балалықтан асып кете алмайды. Біздің айналамызда еңгезердей балақайлар жиі кездеседі. 9-12 жасар балалар есірткіге сирек әуес болады. Олардың әуестендіру әдейі жасалған әрекет бол-маса, бұл жастағылар темекі шегуді де мәртебе санайды. Олардың кейбіреулері шарап та ішеді. Тоғыз-он екі жасарлар үй жақта немесе мектепте арзан улы химикаттарды иіскеуі мүмкін. Сондықтан ата-ананың міндеті осы жастағы балаға көбірек көңіл бөліп, темекі, спирттік ішімдік және есірткінің зияны туралы жиі айту. Мұндай әңгімелер іш пыстыр-майтын болғаны абзал және де бостан бос миды ашытпай, жәй айтып кана қоймай, мысал да келтіру кажет.
Аталмыш жастағы балалардың психикасы сезімтал болады, олар көргенін өмір бақи ұмытпайды. Осы жастарда баланызға аса көңіл аударыңыз, өйткені оның болашағы, оның болашақта дені сау азамат болып өсу мәселесі дәл сол кездері шешіледі.
13-15 жастағы жасөспірімдер есірткі туралы ересек замандастарынан естіп біледі. Олар нашақорлықты ауыр, емделуі қиын індет екенін түсінбейді. Анаша шегуді нашақорлыққа жатқызбайды, оған тәуелді емеспін, кез келген уақытта шегуді тоқтата аламын деп ойлайды. Бұларға барлық нашақор "жеңіл" есірткіден бастағанын, содан бірте-бірте нашақорға айналғанын түсіндіру кажет. Кез келген есірткі адамның денсаулығын, психикасын бұза-ды, адамды қуатсыз, әлсіз, жігерсіз ететіндігін жеткізу керек. Бұл жастарда жасөспірімдер өтпелі кезеңде болғандықтан олардың немен әуестенетіндігіне, достарының кім екендігіне, достарының арасында есірткі мен алкоголь қолданатындардың бар-жоқтығына көңіл бөліп, мінез-құлқының өзгерістеріне назар аударған дұрыс.
Енді 16-18 жасар жастардың арасында нашақорлық пен оның салдары туралы жақсы білетіндер көп. Жастардың арасында есірткіні жақтаушылар, оған қарсы тұрушылар мен екі ойлылары бар. Сонымен қоса есірткі мен алкогольге салынып кеткендер де кездеседі. Оларды қалай анықтау керек? Жастардың тәлім-тәрбиесінде түрмеде отырған құрдастары мен таныстары үлкен әсер етеді. Ондай адамдар жастарды өз өмірінің "романтикасын" айтып қызықтырады, ұрлыққа, есірткіге баулиды. 16-18 жасарлармен әңгімелесу қиын, олар сізді өмір ағымынан қалып қойған "ежелгі санауы" өздерінің ержеткен ересек азамат екенін алға тартуы әбден мүмкін. Сондықтан олармен ересек азаматпен сөйлескендей әңгімелесу кажет. Әдейі қорқыту, бос ойбай көмектеспейді, ал нашақорлық туралы тым аз білу тіпті арадағы түсіністікті жоқ етеді. Оларға нақты мысал келтіріп, нашақорлық қаупін жете түсіндірген жөн. Әңгіме арқауында қылмыстық және әлеуметгік мәселелер жиі естілуі тиіс. Басты айтатыным, ата-ана өздеріңіз арақ ішіп, темекі тартып, есірткі қолданып ұрпағыңызға "өнеге" көрсетпеңіз. Әрбір бала ата-анасына ұқсауға тырысады, бұл әсіресе 14 жасқа дейінгі кезеңде айқын көрінеді. Жас балалар арақ-шарап ішу, темекі тарту және есірткі қолдану оларды ересек етеді деген ойда жүреді, оларға арақ ішу мен темекі тарту баланы ересек етпейтіндігін түсіндіріп отыру артық болмайды. Сонымен бірге есірткі колдану, оны сақтау немесе сату заңмен қудаланатынын жиі есіне салып отыру керектігін де естеріңізге сала кетейік. Жасөспіріммен алкоголь, темекі, есірткі және барлық тәрбиелік мәні бар әңгімені тиімді уақытта бастаған дұрыс. Оның барлық назары тек сізде болуы кажет, сонда ғана арада түсіністік болады.
Жасөспірімнің есірткіге әуестенгенін анықтау киын емес. Ең алдымен жасөспірімнің мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Кез келген нәрсе қанын қайнатып, жүйкесін тоздыратынды шығарады. Жасөспірім айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат көрсетуді, аты-жөні жоқ қаһар шашуды әдетке айналдырады. Сабақтан қалуды жиілетеді, пәндерден алатын бағалары төмендейді, білімі тайызданады. Үйге кеш оралып, түс ауғанша ұйықтауды көбейтеді. Көшеден келісімен екі-үш күн тамақ ішпеген адамдай суыған асты қомағайлықпен жей бастайды. Ал кей кезде тіпті тамаққа қарағысы да келмейді. Мұндай мінезді көбінесе наша шегетіндерден байқауға болады. Егер шегіп келген болса, онын киімі темекіден басқа, ерекше түтін иісін шығарады. Көздері қанталап, бұлыңғыр тартып тұрады, қайта-қайта сұрауы да мүмкін. Жауабын ұзақ ойланып, сөйлесем біліп қояды деген оймен қорқынышқа бой ұсынады.
Шеккенімді біліп қояды деп, ол оңаша қалуға тырысып бағады. Қасынан кетпей қойсаңыз өзін қоярға жер таппай тыпыршиды, тіпті ашулана бастайды. Егер наша іспеттес есірткі шегетіні ұзаққа созылған болса, жасөспірімдердің бет-әлпеті де өзгеріске ұшырай бастайды. Есірткіні ине арқылы қабылдайтын нашақорларды да тануға болады. Олар ауа райы мен жағдайға байланыссыз әрдайым ұзын жеңді киім киеді. Мұны олар ине шаншылған мүшелерін көрсетпеу мақсатымен істейді. Киімі мен пошымына немкұрайды қарайды. Шаштары өсіп, түсін жоғалтады, тістері сарғайып, қажетті минералдар жетіспегендіктен ұнталып кетеді. Әңгімесі мағынасыз, мәнсіз. Көз қарашықтары шамадан тыс кеңейіп немесе жіңішкеріп кетеді. Аузынан арақтың иісі шықпаса да мас адамға ұқсап теңселеді. Бір нүктеге қарап ұзақ тұрып қалады, немесе жатып алады. Есірткі жоқ бола қалса тез ашуланғыш болады. Жаз болса да тұмау тиген адамдай мұрнын тарта береді, көзі жасаурап жүреді. Еңсесі түсіп, екі иығы түсіп, мойынын ішке тартып, бүкірейіп жүре бастайды. Ұйыктап жатқанда денесін қарасаңыз ине шаншылған іздерді оңай табасыз. Қаржы сұрауы да орын алады. Өмірге деген қызығушылығы да жоғалады. Есірткіге қол жеткізе алмаған кездері суық терге батып, аяқ-қолы дірілдеп, бұратылып қалады.
Қазіргі ғасыр індетінің бірі - нашақорлық.
Соңғы кезде жасөспірімдер, тіпті ересектер арасындағы нашақорлық мәселесі қоғамдағы ең µзекті мәселелердің біріне айналды. Нашақорлықтың қасіреті мен ауыртпашылығы тек нарколог дәрігерлер мен полицияның ғана емес, осы індетке шалдыққандар мен олардың туыстары да сезінуде. Сондықтан, әр адам нашақорлықты µзінен алыс, қатысы жоқ, белгісіз нәрсе деп ойламағаны жµн.
Нашақорлық - б‰кіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп тµндіріп тұрған індет. Жас ұрпағымыз салауатты да дені сау қоғамымыздың µркениетті болуы ‰шін біз барлығымыз жұмылған жұдырықтай болып нашақорлыққа қарсы тұруымыз керек.
Нашақорлыққа, кµбінесе, жасµспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына т‰сіп қалған адамдар кµбейіп келеді.
Нашақорлықтың саны 2002 жылы 2001 жылымен салыстырғанда 98% - ке µсті.
«Кішкентай кәсекті» татып көруге немесе «ине салдыруды» ұсынған кезде, онда тұрған ештеңе жоқ деп, көбісі шындығында солай деп ойлайды.
Қарапайым «шөптесінді» пайдалану жыл сайын өсіп, одан зорын тартып көруге ұмтылатындар көбеюде. Осы кезде міндетті түрде анағұрлым күшті әсер ететін зат- кокаин, героин немесе морфийді ұсынатын «мейірімді жан» табыла қалады.
Әдетте адам нашақор болып екі-үш ай ішінде қалыптасады. Бірақ, адамдар есірткінің алғашқы егіндісінен кейін-ақ соған тәуелді болып қалатын жағдайлар да кезігеді. Есірткіні кµп қолдану салдарынан ойлау қабілеті тежеліп, галлюцинация, адамның µзіне деген сенімсіздігі туады. Алғаш қабылдағандардың басы айналып, құсқылары келіп тұрады. Ал жиі қолданатындардың ‰лкен дәреті қатады, ал әйелдердің етеккір келу циклі бұзылады. Кейінірек т‰гелдей адам ағзасында µзгерістер болады. Ал есірткіні еккізіп қабылдайтынтар т‰рлі жұқпалы ауруларға ( қан ауруларына, сары ауруға және т‰рлі жыныс мџшесі ауруларына ) ұшырайды.
Жиі есірткі қабылдайтын адамға есірткі алу ‰шін кµп ақша керек. Сол себепті әр нашақордың алдында ақшаны қайдан табамын деген мәселе турады. Қайтарымсыз ақша алу. Ең онай жолы - алдау. Яғни, олар алдымен достарынан, олардың әке - шешесінен қарыз алады. Оны қайтарып бере алмайды, сол себепті алатын жерлер азайып отырады. Екінші жолы - бай адамдардың балалары қылық жасап, «біз басқа нашақорлардан қарызға алдық, бермесендер сіздерді µлтіреді» деп қорқытады.
‡йінен ұрлау (кµбіне нашақордың қылмыстық жолы ‰йінен басталады). Алдымен олар ақшаны ата - аналарынан, туыстарынан ұрлайды, қымбатты заттарды, зергерлік, техникалық заттарды сатады. Содаң соң, ештеңеге қарамай ‰йде бардың бәрін сата береді. ‡йде ұрлайтын зат біткенде кµршілерінің, туыстарының, достарының заттарын ұрлай бастайды. Д‰кендерге ұрлыққа т‰седі, қалта ақтаратын болады. Сонымен қатар, есірткіні таратушыға да айналады. Олар мұның қылмыстық іс екенін ойламайды. Бұл ең кµп ақша табу ‰шін қолданылатын жұмыс т‰рі. Жыл сайын әрбір нашақор өзінің өмір сүру үрдісіне 5-17 адамды нашақорлыққа тартады. Нашақор әйелдер арасында жиі жезµкшелік кездеседі. Әрине, ер адамдар арасында да мұндай сұмдықтар да болып тұрады.
Ең алдымен, нашақорлыққа ұшыраған адамның мінез - құлқы µзгеріске ұшырайды. Ол ашушаң бола бастайды. Кез - келген нәрсе қанын қайнатып, ж‰йкесін тоздырып шығады. Айналасындағылардың барлығын жау санап, айбат кµрсетуді, аты – жµні жоқ ашу шашуды әдетке айналдырады. Наша шегетіндерде, олардың киімідерінен темекіден басқа ерекше иіс байқалады. Кµздері қанталап, бұлыңғыр тартып тұрады. Қимылы сылбыр да жай болады. Сұрағаныңызға бірдең жауап бермей, т‰сінбей тұрады, қайта - қайта сұрауы м‰мкін. Есірткіні ине арқылы қабылдайтын нашақорларды да тануға болады. Олар ауа райы мен жағдайға байланыссыз әрдайым ұзын жеңді киім киеді. Мұны олар ине шаншылған денелерін кµрсетпеу ‰шін істейді. Киімі мен өз кейпіне немқұрайлы қарайды. Шаштары µсіп, тістері сарғайып, қажетті минералдар жетіспегендіктен ұнтақталып кетеді. Әңгімесі мағынасыз, мәнсіз. Кµз қарашықтары шамадан тыс кеңейіп, немесе жіңішкеріп кетеді. Аузынан арақтың исі шықпаса да мас адамға ұқсап теңселеді. Бір н‰ктеге қарап ұзақ тұрып қалады немесе жатып алады. Есірткісі жоқ болып қалса, ашуланғыш болады. Жаз болса да тұмау тигендей мұрнын тарта береді, кµзі жасаурап ж‰реді. Еңсесі т‰сіп, мойнын ішке тартып, б‰кірейіп ж‰ре бастайды. ¦йықтап жатқанда денесін қарасаныз, ине шаншылған іздері оңай табасыз. Қаржы сұрауы жиілей бастайды. Ақша бермеген жағдайда ‰йден заттар жоғалуы орын ала бастайды. өмірге деген қызығушылығын жоғалады. Есірткіге қол жеткізе алмаған жағдайда суық терге малшынып, аяқ - қолы дірілдеп, қояншығы ұстаған адамдай бұратылып қалады. Оған қоса, іші µтеді, тамақ ішпсе де лоқсып, құсқысы келеді. Міне, осындай белгілерді байқасаныз, сіз ең бастысы саспаңыз. Оған көмектесу үшін нарколог дәрігерге апару керек. Ол әрине бірден бара қоймайды. Дегенмен, сµйлесіп, кµндіруге тырысуыңыз керек.
Есірткіге қатысты µте кµп қылмыстар жасалады. Бұл - есірткіні тартқан эйфория жағдайндағы жасалатын ұрлық, тµбелестер. Кейде ол µлімге де әкеп соғады. Тіпті ең ауыр, тіпті қатал жазаның µзі нашақорларды қорқыта алмай отыр. 1000 грамнан аса марихуана, 200 грамнан аса гашиш, 1,0 грамнан аса героин ‰шін Қазақстан Республикасы қылмысты істер кодексінде жаза қолдануға арнайы бап кµзделінген.
Т‰рмелер нашақорларға толы, соттарда есірткіні заңсыз сатушыларды жазалауды талап еткен арыз - шағымдар одан да кµп. Есірткі сатқандарды ұстау ‰шін арнайы операциялар жиі µткізіледі. Бірақ, есірткі сатушылар саны жылдан жылға тоқтаусыз µсіп келеді.
Әрине, нашақорлық әлеуметтік мәселе. Мұны жалғыз заң ұйымдары мен дәрігерлер шеше алмайды. Тәжірибе бойынша, т‰рмеге т‰скен нашақорды ол жерден тәрбиелеп шығаруға болмайды.
Есірткіні қолданудың себептері кµп. Жастардың арасында есірткіге әуестік кµп ретте білместіктен басталады. Ал басқа себептерге тоқталатын болсақ, олар тµмендегідей. Жасµспірімдер қоршаған ортасының кері әсіріне иланғыш келеді. Олар жас болғандықтан қоршаған ортадағы, әр турлі жағымсыз әрекеттердің жетегінде кетеді. Өз іс - әрекетінің салдарын дұрыс болжамау, жеңілтектік, жан - дүние, мінез - құлық пен дүниетанымның толық қалыптаспағандығы, иланғыштық, кері әсерге еліктеушілік алғаш рет спирт ішімдектері мен есірткінін дәмін көруді тудыратын себептер.
Жасөспірімдер өздерінің «ержүректігін», «дербестігін» танытуға болатын топтар мен ұйымдарға бірігеді. Мұндай топтар үй аймақтарынада, би алаңдарында, мектепте ұйымдасады және топ ішінде алғашқы тексерістер болып өтеді. Топтық психология, еліктеушілік топ ішінде біреуі есірткіні немесе шарап дәмін татқан болса, уақыт өткен соң топтың барлық мүшелері есірткі мен алкогольге әуестенуге соқтырады. Баланың бұзақылар арасына түсуі не отбасыдағы кикілжің, ата - аналардың, мұғалімнің баланың бос уақытын қалай өткізетініне назар аудармауы да, тіпті, баланың қолында артық ақшаның жүруі де себеп болады. Кеш болысымен жиналатын жасөспірімдер музыка тыңдап, бейне таспаларды көріп немесе көше кезіп өткізеді. Ал бұл болса, адамның ішін пыстырады. Қазір спорт, музыка, өнер мектептерінде оқу қымбат, барлық ата - аналардың қалталары көтере бермейді. Сөйтіп, күндердің бір күні топқа есірткінің дәмін татқандардың бірі - «білгіш» келіп қосылады. Бір ерекшелігі, нашақорлар басқаларды есірткіге әуестендіру әрекетін жасайды. Өйткені, нашақор еңбек етуге дәрмені жоқ адам, есірткі сатып алуға қажет ақша іздейді де жүреді. Нашақор қаражатты ұрлықпен табуды ойлайды, ал ұрлық әрдайым жазасыз болмайды. Сондықтан нашақор ата - анасы ауқатты жасөспірімдері есірткіге әуестендіруге, соның арқасында өзінің «қамын» ойлауды мақсат етеді. Нашақордың жасөспірімдер тобына қосылуының себебі де сол. Ол алдымен наша шегуді немесе ес ауыстыратын дәрі ішуді ұсынады. Еліктегіш жастар дәм тата бастайды. Олардың бірі қызық көруді қаласа, екіншісі басқалардан қалмауды ойлайды, тағы бірі өзін ересек көрсетуге тырысса, ендігі біреуі бар қиындықтан қашып, ләззат аламын деп ойлайды. Бара - бара жасөспірімдер нашақорға, есірткінің құлына айналады. Бұрын жасөспірімдер анаша, марихуана шегіп, улы химиалық заттар иіскейтін болса, қазір героин, какоин, синтетикалық есірткілерді қолданады. Ал синтетикалық есірткінің (героин ) ерекшелігі сол, адам бір рет дәмін татқаннан кейін оған әуес болып қалады. Міне, ересектердің нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр.
Танысы бір рет дәмін татсаң немесе ішсең не иіскесең, шексең нашақор болмайсын, қиындықтардың бәрін ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деп арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс - керістерден, жұмыссыздықтан немесе қызметінде жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есірткенің дәмін татады да нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
Жасөспірімдер арасында нашақорлыққа салынуға бейім жағдайлар мынадай:
- ата-атаның баласын тәрбиелеуге уақытының болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
- отбасы мүшелерінің бірі арақ - шарап ішуі немесе есірткіні қолдануы;
- әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
- ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда маскүнем болуы;
- отбасы мүшелерінің бір - біріне деген сүйіспеншілігі болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
- мектепте мұғалімдердің нашақорлық мәселелеріне көңіл бөлмеуі, жасөспірімдер арасында түсіріндіру жұмыстарын жүргізбеу;
- достарының арасында нашақорлардың бар болуы, µзінен жасы ‰лкен достарының жетегінде ж‰руі;
- алкоголь мен есірткіге қол жеткізудің оңай болуы;
- әлеуметтік - экономикалық жағдайдың тµмендігі;
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық - әлеуметтік оңалту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынадай құқықтар қарастырылған: а) білікті медициналық - санитарлық кµмек алу;
ә) наркологиялық мекемелер мен ұйымдарды тандау; б) µз құқықтары, µздерінең наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, сондай - ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алу; в) медициналық - әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, ж‰рген жері бойынша µткізу.
Медициналық - әлеуметтік оңалтудан бас тартқан адамға не оның заңды µкіліне оңалту іс - шараларын тоқтадудың ықтимал зардаптары т‰сіндірілуге тиіс. Оңалтудан бас тарту, оның ықтимал зардаптары туралы мәліметтер кµрсетіле отырып, медициналық құжаттамаға жазылып, рәсімделеді, оған нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды µкілінің және психиатр - нарколог дәрігердің қолы қойылады.
Нашақорлықпен күресудегі жақсы, ұтымды әдісі - оны алдын алу, емдеу. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нашақорлықтан аурулардың 2-3 пайызы ғана емделе алады екен.
Әрбір аумақтың атқарушы органдарына салауатты өмір салтын насихаттаудың қажеттілігіне байланысты үлкен жүк түседі. Осы үшін барлық бұқаралық ақпарат құралдарын жұмылдырып, денсаулық сақтаудың әлеуметтік базасын барынша кеңейту керек. Кейінгі кезде әлеуметтік қатерге айналған нашақорлықпен күресу мәселесі ерекше ушығып кетті. Осы жерде биліктің қоғамдық ұйымдармен және медицина қызметкерлерімен әріптестігі нашақорлық эпидемияның ошақтарын жоюға шешуші үлес қосуға мүмкіндігі бар. Үлкен рөлді елеулі дәрежеде қоғамдық пікірді қалыптастыратын бұқаралық ақпарат құралдары атқарады. Соңғы жылдары ғана Қазақстанда билік пен бұқаралық ақпарат құралдары нашақорлыққа қарсы насихат жүргізудің жаңа әдіс тәсілдерін пайдалана бастады: жастар журналы мен радиосында есірткінің зияндылығына арналған хабарлар жүргізіліп, материалдар басылып шығарылуда; телеарнада «Есірткісіз» деген жоба жүзеге асты; көптеген орта және жоғары мектептерде жастарды нашақорлық мәселелерімен таныстыратын бағдарламалар жүргізілуде.
Ертеңіңді ойласаң-есірткіге жолама
Тақырыбы: «Ертеңіңді ойласаң-есірткіге жолама»
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты қағидалары: оқушыларды зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға, оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсініп,сақтай білуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік бағыты: Салауатты өмір салты
Жоспар: І. Кіріспе.
Есірткі жас өмірді улайды
ІІ. « Ажалыңмен ойнама,айналайын» (көрініс)
ІІІ. Дәрігер кеңесі
ІV. Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама
V. Қорытынды
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Бүгінгі 8б сынып оқушылары өткізгелі отырған «Ертеңіңді ойласаң-есірткіге жолама» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз. Нашақорлық- ғасырымыздың дерті. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын тажал дертіне қарсы күрес отбасынан, мектептен басталуы тиіс.Сондықтан біздер заманымыздың қасіретіне айналып отырған есірткіге қарсы тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.Осы шарамызға мектеп медбикелері де қатынасып отыр.
І. Есірткі – жас өмірді улайды
Аяла: Есірткі- ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т.б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, морфин, опий, кокаин, апиын, героин. Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады.
Мөлдір: Есірткі түрлерінің әрқайсысының әсері әр түрлі. Ацетон және желім секілді түрлі еріткіштерді иіскеп ләззат алатындар да бар, нашақорлықтың бұл түрін «токсикомания» деп атайды. Токсикоманияға айналған баланың қимыл-қозғалысы босаңдау, әрекеттері баяу болады, орынсыз күле береді. Жиі иіскеу салдарынан еске сақтау қабілеті бұзылып, ызақор болып кетеді. Транквилизаторларды, яғни тыныштандырғыш дәрі-дәрмектерді пайдаланса, баланың өңі қашып, сөйлеу мәнері өзгеріп, дөрекілік таныта бастайды. Атақты гашиш пен қара сора бала психикасына алғашында қоздырғыштық сипатта әсер етеді: күтпеген жерден күлкі қысады, қисынсыз нәрселерді айтып сандырақтай бастайды. Бұл жағдай біраз уақыттан соң түнеріңкі көңіл-күйге ұласады, көзінің көруі күрт нашарлайды. Апиын тектес заттарды пайдаланса бала әлсіреп, басы ауырып, құсқысы келеді.Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын-буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады.
Айжан: Жасөспірімдердің осы жолға түсіп, тығырыққа тірелуінің себебі неде? Қатыгез әлемде пана іздеген бала ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына оп-оңай-ақ түседі. Бала іші- бауырына еніп, жылы сөйлейтін жылпостарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Жеткіншектер үнемі әр нәрсеге, әркім-ге еліктегіш. Жұлдыздардың ішінен өзіне ұнағанын пір тұтады. Егер оның жұлдызы есірткінің дәмін тартып көргенін білсе, ол да қалыспауға тырысады. Еліктеудің де жөні бар, қазақ «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп бекер айтпаған. Өнеріне табынамын деп, өмірінен үлгі алудың қажеті жоқ. Өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген, үлгілі жанұяның мүшелері де есірткінің жетегінде кете барады. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке төзе алмаған адамнан шығады. Нашақорлар бір мезеттік рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң. Сондықтан осы бастан есірткіден бойымызды аулақ ұстайық!
ІІ. «Ажалыңмен ойнама, айналайын» көрініс
Жүргізуші: Иә,атын естігеннен кейін есіңді алып, төбе шашыңды тік тұрғызатын есірткі деген індеттің талай шаңырақты ортасына түсіріп жатқаны кез-келген адамның жан дүниесін шайқап өтері анық. Есірткі дерті ұрпақты уландырып ағзасын аздыра, тектілігін тоздырып отырған кесел. Осы жерге жиналған көпшілігіміз балаңызға бір қарап қойып, жоқ, бұған менің балам ұқсамайды; одан құдай сақтасын деп отырсыздар. Жоқ, ата-ана, есірткі дерті осы отырған әрқасыңыздың үйіңіздің қақпасын қағып тұр.Ол үнсіз келіп кез-келген жасты өз апанына тығып жатыр.
( Көрініс көрсетіледі)
Жүргізуші: Бұл-көрініс қана емес, осы күнгі өмірдің ащы шындығы. Ал, ата-аналар, өздеріңіз айтыңыздаршы, бір шаңырақтың үкілеген үмітінің үзілуіне не себеп?Бұл қайғы қасіретке кім кінәлі? Жасөспірім бала ма, жоқ әлде баласына қарамаған ана ма? (Ата-аналардың пікірі тыңдалады)
Жүргізуші: Ата-аналардың пікірін тыңдадық, енді оқушылардың ойларын тыңдайық. Ортаға 3 оқушыны шақырамыз.
Кездейсоқтықтан шығу:
-
Сен өте жақсы көретін досыңның есірткі қабылдағанын бір-екі рет байқадың. Ол сені сезеді деп ойлаған жоқ. Ата – анасына немесе ұстазына айтайын десең, досыңның көңілін қимайсың. Сен досыңды қалай құтқарасың?
-
Өткен жылы ғана мектепті бітіріп, қалаға кеткен бір көршің саған есірткімен ауызданғанын және оны шеккенде керемет күй кешетінін айтты. Тіпті сені де ауыздандырғысы келді. Сен оның уытты зат екенін білген жоқсың. Сен қабылдар ма едің?
-
Саған 11 сынып оқушысы: «Маған есірткі әкеліп бер. Екеуміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуміз ғана білетін болайық. Әйтпесе . . . » деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Өзіңді қандай жолмен құтқарасың?
(Оқушылардың ойлары ортаға салынады )
ІІІ.Дәрігер кеңесі
Жүргізуші:Енді біздің тәрбие сағатымызға қатынасып отырған медбикелердің нашақорлық туралы ойларын тыңдайық.
Дәрігерге сұрақ:
1. Нашақорлық ауру ма, әлде әдет пе?
2. Нашақорлықтан емделгеннен кейін де ол қайтадан қайталануы мүмкін бе? 3.Есірткі таратушыларға қарсы қандай ұйымдарды білесіз?Олардың атқарып жатырған жұмыстары септігін тигізе ме?
ІV.Ертеңіңді ойласаң- есірткіге жолама
Гүлзер: Есірткі-адамның қас жауы. Осы әсерлі затты адамдар ортақ шприц арқылы пайдаланып, нәтижесінде қаһарлы ауруға ұшырайды. Мұны пайдаланған адам арықтап, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесіне әсер етіп, өз әрекетіне жауап бере алмай, қылмысқа барады. Жаман әдеттердің бірі болып табылатын есірткіні қолдана отырып, адам денсаулығына емес, рухани жан дүниесіне де нұқсан келтіріп, хайуандарша ғұмыр кешіп, ақыл-ой жүйесі бұзылады.
Адам -өмірін қысқартады
Ақыл-ой жүйесі бүзылады
Жүйке жүйесіне әсер етеді
Ақтоты: Есірткі мен шылым болып тартқаның,
Ішіп алып жұмыссыз болып жатқаның.
Шетелдіктің мазағы болып аруың,
Ұрпағыңды жөн бе жатқа сатқаның.
Қайран жастар қайда кетіп барасың,
Тағдыр тәлкек ,дайындап тұр жазасын.
Есірткі мен никотинге уланған,
Әкелдіңдер кеміс қазақ баласын.
Жаншат: Есірткі есіртеді есіңді алып,
Мәңгіріп отырарсың ойдан қалып.
Мәз болып ыржаңдайсың күлкің-түлкі,
Бұл ісің көрінбейді саған түрпі.
Адасқанның алды- жөн, арты-соқпақ,
Өткеніңе өкініш,жоқты жоқтап,
Нақұрыстық, азғындық басқа келер,
Ойланбасаң егерде сөзге тоқтап.
Әйгерім: Нашақорлық-ғасыр дерті, жаман ауру,
Мақсаты оның- келешекке балта шабу.
Ана арқылы сәбиге де беріліп,
Ұрпағымыз жұқтырады бойына у.
Нашақорлық жайлаған індет білем,
Жоймай оны жақсылық күн жоқ білем.
Күресуге ғасырдың тағдыры үшін,
Оған сен де міндетті, міндетті мен.
Жүргізуші: Денсаулық сен үшін үлкен байлық,
Бағыңды кетірме, достым.
Есіңді кетіретін есірткіге,
Бұл өмірде ешбір жол жоқ.
Қазақ жері, бұл Қазақстан,
Жаса мәңгі гүл Қазақстан!
Ән: «Жаса Қазақстан» орындайтын Алтынбек Қарашолақов
V.Қорытынды
Жүргізуші: Салауатты өмір салтын қолдайық,
Болашаққа жеңіл қадам басайық.
Өмірдегі басты байлық дей тұғын,
Бірінші байлық денсаулықты сақтайық.
Кенбай орта мектебінің жастары
Бүгін міне тамаша іс бастады.
Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Өмір есірткісіз де қызыққа толы. Өнер мен спортты жаныңа серік етіп, болашаққа нық қадам бас. Ертеңінді ойласаң – есірткіге жолама, жеткіншек! Осымен «Ертеңінді ойласаң – есірткіге жолама» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
« Ажалыңмен ойнама, айналайын» көрініс
І-жүргізуші: Есірткі- ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Есірткі-бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.
ІІ-жүргізуші: Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар-кісінің көз жасынан, қайғы-қасіретінен алтын ақша сауып отырған қаныпезерлер.
І-жүргізуші: Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны-өсіп келе жатқан көк өрім жастар.
ІІ-жүргізуші: Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осы шөптен жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адам өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.
І-жүргізуші:Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.
(Қайғылы, ауыр музыка ойнайды. Сахнаға ана мен бала шығады. Бала-нашақор. Қолында-шприц. Азған. Жүдеген. Қиналған. Нашақорлық ауруынан жанын қояярға жер таба алмай тұр.)
Бала: Апа, кешір мені. Кешір. Мен осындай күйге ұшырадым. Білесіз бе, мен… мен- нашақормын. Мен үшін бұл дүниенің қызығы жоқ. Атып келе жатқан таңға қарап қуана алмаймын. Адамша сөйлесіп, адамша күле алмаймын, апа-а!
…Мен үшін өмірдің… бар қызығы-наша… наша, наша, анаша!
Наша тауып берші, апа. Наша тапшы. Жанымды қоярға жер таба алмай өліп барам.Өліп барам, апа. Наша, наша… Мені аясаң, мені балам десең, наша тауып берші, апа…(жылайды)
Анасы: Құлыным-ай, құлыным… Қалай тап болдың бұл бәлеге. Анаша дегенің - көрініп келген ажал еді ғой .Соны біле тұра… сорлы балам… ажалмен ойнағаның не болғаның. Өміріңнің бар қызығынан –қуанышынан айырып ,сені қасіреттің қара құрдымына батырған қаныпезер кім? Сені осыншама сорлатқан қай тас-
жүрек? (Осы кезде шатыр-шұтыр, құлақ тұндырар үні естілді. Сахнаға есірткі таратушы шығады. Үстінде –қара киім. Бетінде-адамның бас сүйегінің маскасы) Есірткі таратушы: Ол қаныпезер кім еді?-деймісің. Ол мен… мен. Мына менмін. Не істейсің маған, байғұс.
Ана: Сен бе едің? Сен бе едің, жүзіқара. Құлынымды адамдық жолдан тайдыратындай не істеп еді ол саған? Не жазығы бар еді?
Есірткі таратушы: Рас, оның маған еш жазығы жоқ. Сенің балаңда ұзында -өшім, қысқада кегім жоқ. Бірақ … Қазір дүниені ақша билеген заман … Оны өзің де жақсы білесің. Ақша, ақша, ақша!.. Егер сенің балаң сияқтылар болмаса, сол ақшаны мен қайдан алам. Кім береді маған оны.
Ана: Ақша, ақша дейсің. Ақшаңдап қалғыр… Қай заманда адамнан ақша қымбат болып еді. Ақшаның жолында құрбандыққа шалынардай не күнәсі бар еді құлынымның.
Есірткі таратушы: Күнәсі не деймісің ? Күнәсі – әлсіздігі. Балаң «жоқ» деген сөзді айта алмайды екен. «Жоқ» деген сөзді айтуды үйретпепсің балаңа. Маған да керегі – сондай адамдар.
Мен оны,балаңды айтам, дискотекада қармаққа іліктірдім.
(Осы кезде біраз уақыт жалт- жұлт еткен түрлі түсті сәулелер жарқылында дискотека музыкасы ойналады. Музыка біткенше аз- кем пауза.)
Есірткі таратушы: (сөзін жалғастырды). Иә, мен оны дискотекада қармаққа іліктірдім. Қасында үріп ауызға салғандай әп-әдемі қыз бар екен. Мен оған экстази ұсындым. Ақша сұрағам жоқ. Тегін бердім. Әуелі ол алғысы келмей, қашқақтап еді. Мен: «Е, е, сені жігіт пе десем, аузынан ана сүті кеппеген сарыауыз балапан екенсің ғой »,- деп едім, ол менің қолымды қайтара алмады. «Жоқ, керек емес» деп айта алмады. «Жоқ» деген сөзді үзілді-кесілді айта алмауы сенің балаңның түбіне жетті.
Ана: Экстази бердім деймісің … Ол неменесі тағы да.
Есірткі таратушы: Экстази деген-есірткінің осындай жас балаларға арналған түрі. Оны қабылдаған бала шаршағанын, қарнының ашқанын, шөлдегенін білмейді, билей береді, билей береді… (Осы кезде тағы да жалт – жұлт еткен түрлі түсті сәулелер жалтылында дискотекадағы батыстың аласұрған қыздырма музыкасы естіледі).
Ана: Құлынымның мойнына тұзақты ең алдымен осылай салдым десеңші…Жүзіқара!
Есірткі таратушы : Иә, балаңның мойнына алғашқы тұзақ осылай салынды. Кейін сол тұзақтың ұшын тарта бердім, тарта бердім . Балаң осылайша менің құлақкесті құлыма айналды. Құлға айналғаны емей немене, есірткіге үйренгені соншалық, айналшықтап қасымнан шықпайтын болды. Мен енді одан ақша сұрадым. Ол есірткіден ақша аямайтын. Бірте-бірте ол есірткінің ең күшті түрлеріне ауыз салды. Тамырына шприц сұғып барып, жаны жай табатын болды. Ол үшін көп ақша керек еді. Ақша! Балаң енді өзінің үйіне өзі ұры болып түсті. Үйіндегі қымбат заттардың бәрін сатты.
Міне, көрдің бе, балаңның түбіне өзінің көрсеқызарлығы, әуесқойлығы жетті. « Жоқ! Болмайды! » деген сөзді үзілді-кесілді айта алмайтын табансыздығы жетті түбіне.
Ана: Жоғал! Жоғал, қарабет! Жоғал, жүзіқара! Сен ажал әкелуші, ұрпаққа өлім себуші нағылетсің. Мен жалғызымды сенің қандықол шеңгеліңе тастай алмаймын. Жоғал! ( Ашынған ана есірткі тасушының жағасынан ала түседі.Ал баласы болса, анаша тілеп, тұлабойы қалш-қалш етіп, жанын қоярға жер таба алмай дірілдеп тұр.)
Есірткі таратушы : Ей, бейшара әйел! Сенікі құр далбаса! Көрдің бе ана балаңның халін. Өлгелі тұр ғой. Оған қазір керегі-анаша. Оған дәл қазір анасынан да анаша қымбат. Сен оған анаша бере алмайсың. Ал мен… берем. Тегін берем.
Бала: Тегін дейсің бе? Тегін бе? (қалш-қалш етіп дірілдеп, есірткі таратушыға алақан жаяды.)
Есірткі таратушы: Анаша керек пе саған?
Бала: Иә, керек. Өліп барам. Берші. Өлтірмейін десең, берші.
Есірткі таратушы: Егер анаша алғың келсе, тас кенедей жабысқан шешеңді әрі алып кет.
(Бала жүгіріп келіп, шешесін өңменінен итеріп жібереді. Шешесі құлап түседі.)
Есірткі таратушы: Айтпадым ба саған. Оған қазір анасынан гөрі анаша қымбат.
( Анасы қолын көкке жайып зар илейді. Бала алақанын жайып жалынып, есірткі таратушының соңынан еріп кетеді.)
Қазіргі кезде дүниежүзінде соның ішінде біздің елімізде күннен-күнге жайлап, үлкен қауіп төндіріп отырған мәселелердің бірі есірткі бизнесін жатқызуға болады. Әлемнің белгілі зерттеушілері қазіргі уақытта есірткінің адам баласына келтіріп отырған ауыр зардаптарын жан-жақты зерттеп, оның қазіргі кезде ең өзекті де, маңызды мәселеге айналғанын дәлелдеп берген болатын. Дүниежүзі бойынша есірткі заттарының жоғарғы деңгейде таралуы, оны қолдаушылар санының еселеп өсуі, үлкен саясатқа араласып, бүкіл әлемнің ғасыр дертіне айналғанын айтуға болады. 1961 жылы дүниежүзі мемлекеттері арасында, «есірткі заттарын жою» туралы бірыңғай конвенциясының тізімі, ал 1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы шеңберінде психотроптық заттар және 1988 жылы «есірткі заттарына қарсы күрес» туралы көпжақты шарттар және 1998 жылы 10 шілдеде «бақылауға алынатын есірткі заттары» жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бекітілген болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1988 жылы «есірткі заттарына қарсы күрес» туралы шартында көрсетілгендей, дүниежүзінде есірткінің теріс ықпалы мынадай жағдайлардан байқалады.[1, 258];
1. Есірткінің жоғарғы деңгейде таралуы халықаралық қылмысты құрайды. Сондықтан оған жедел түрде және бірінші кезекте көңіл аудару керек.
2. Есірткінің таралуы қылмыскерлер санының өсуі, бұл мемлекеттердің экономикасы мен қауіпсіздігіне теріс ықпалын тигізеді.
3. Есірткі заттарының өндірілуі, әлемдегі сұраныс пен ұсыныс ауқымының өсуі, әрбір мемлекеттің мәдени және саяси жағдайына қауіп төндіреді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарында, есірткі заттарының өндірілуі және оның айналымда жоғарғы қарқынмен таралуы, соның салдарынан зорлаудың, күштеудің көбейетіндігіне назар аударылған. Әлем зерттеушілерінің пікірі бойынша, нашақорлықты алдын алу үшін мемлекет тарапынан қатаң бақылау орнату есірткі заттарының жойылуының бірден бір негізі болады деген пікірді білдіреді.
Қазіргі кезде әр елде есірткі мәселесін шешудің өз шешімдері табылған. Бірқатар мемлекеттер есірткі заттарының таралуын ең жоғарғы қылмыстық жауаптылыққа тартуды жақтайды. Дүниежүзінің он екі мемлекеті есірткіге байланысты қылмыстар үшін жазаның ең ауыр түрі ретінде өлім жазасын қолданылғанын атап өтуге болады. Мысалы: Сингапур, Индонезия және т.б. Адамзат тарихына тоқталсақ, есірткі заттарына қарсы күресте небір қатал әдістер мен амалдар қолданылғанымен оның ешбіреуі оң нәтиже берген жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі заттарын қадағалау мен қылмысты алдын алу басқарамасы сарапшыларының мәліметтеріне жүгінсек, Ауғаныстанда өндірілген есірткі заттарының көлемі әлемдік өнімнің 75-80 пайызын құрап отыр. Егер алдынғы жылдардағы қордаланып қалған дайын өнімдерді қоса есептегенде, оның мөлшері сегіз және он мың тонна төңірегінде деген жорамалға барады. Бұл елде жүргізілген антитеррорлық әрекеттер барысында есірткі шикізатын өсіретін алқаптар залалсыздандырылмағанын айта кетуіміз керек. Есірткінің ордасына айналған халықаралық ұштастықтың белгісі болған Ауғаныстаннан қазақ жерінің онша алыс орналаспағандығын ескертсек, онда мұндай жағдайда елдің қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтірері айпаса да түсінікті.[2, 553];
Қазіргі таңда елімізде ресми тіркелгендердің саны жылдан-жылға азайғанын, бұл еліміздің есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейткенін айтады. Қазақстан мен Ресей сарапшыларының мәліметтеріне қарағанда, еліміздің аумағы арқылы өткен есірткі заттарының 80 пайызға жуығы Солтүстік көршіміздің рыногына аса қиындықсыз жеткізілетіндігі кімді болмаса да таң қалдырмай қоймас. Республикалық және жергілікті бюджеттен есірткімен күрес мәселесіне қаржы бөлу жылдан-жылға артып келеді, дегенмен бұл бөлінген қаржы жеткіліксіз. Сондықтанда халықаралық ұйымдарға жүгінуге тура келеді.
Әлем зерттеушілерінің мәліметтері бойынша, дүниежүзінде 68 пайыз ауыр есірткі заттарын, ал 22 пайыз жеңілдеу (марихуана және анаша) түрлерін тұтынады. Негізінен бұл көрсеткіштер халықаралық негізде осыдан он жыл бұрын керісінше болатын. Алайда, жиырма жылдан бері соғысып келе жатқан ауғандардың табыс көзіне айналған есірткі заттарын сату болғандықтан, Кеңес Одағы ыдырай салысымен ашық қалған шекаралардан емін еркін Орталық Азия елдері арқылы Қазақстанға, Ресейге одан әрі Шығыс Еуропамен бүкіл әлемге тарата бастады. Бұл өз кезегіне халықаралық экономикаға, қоғамға қарсы әрекет екені мәлім. Сондықтан да Ауған жеріне жақын жатқан елдер осы дертпен барлық күш-жігерлерін сала күресетіні белгілі. Ауғаныстанда соғыс жүріп жатқанда, есірткі заттарын өндіру біршама азайған болатын.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде есірткі құралдарының контрабандасымен күрес жөніндегі ынтымақтастық жоспарында нақты іс-қимылдарды қолдану мәселелері жылдан-жылға артып келуде. Заңсыз есірткі айналымымен күрес проблемасының аса қиындығы халықаралық есірткі бизнесі мен оның ұлттық тармақтарының өсе түскен бірлескен іс-қимылы, қабылданатын шаралары үйлестірудің тиімді жүйесін құру мақсатында дүниежүзілік қауымдастықтың күш-жігерін қосымша біріктіруді талап етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданған болатын. Онда қазақстандықтардың қолдауынсыз мүмкін болмайтын және бұл проблеманың ауқымы мемлекеттік және қоғамдық тұрғыда түсінуді талап ететін нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің маңыздылығы айқын атап көрсетілген, 1999 жылғы 14 желтоқсандағы «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» деп аталатын елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы есірткіге қарсы күрес саласындағы іс-қимылдың болашағына берілген бағаға негізделген. Бағдарламаны «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңының ережелері түзді. Бағдарламаны жасауда осы саладағы басқа да маңызды нормативтік құқықтық актілердің қағидалары ескерілді.
Есірткіге байланысты қылмыстарға қарсы күрес жүргізу ең алдымен, есірткінің өзі тұтынушы ретінде сатып алатын адамдар емес, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды, есірткіні таратушылар мен сатушыларды анықтап, жолын кесуге бағытталуы тиіс. Есірткіге байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс азаматтарға қатысты әзірленіп жатқан халықаралық және отандық құқықтық келісімдер және есірткіні теріс пайдалануға қарсы күрес саласындағы норма шығару процесінің одан әрі жан-жақты жүргізілуіне негіз болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |