Сабақтың тақырыбы:«Жусан иісі»



Дата21.11.2023
өлшемі0.67 Mb.
#484006
түріСабақ
жусан иісі 1 (копия)


Сабақтың тақырыбы:«Жусан иісі»
 Сайын Мұратбеков Әңгімедегі басты кейіпкер – Аян

  • 1.»Сайын даланың Сайыны»
  • 2. «Алыста қалған балалық шағым»
  • 3. «Аянның алғашқы хат тануы»
  • 4. «Аянның қорғансыз күндері»
  • 5. «Аянның аянышты ертегілері»
  • 6. «Аянның жетімдер үйіне кетуі»
  • 7. «Жазушының айтпақ ойы»

І. Ойды жинақтау
(оқушыларға алдын ала мәтінмен танысып келу берілген)
  • Білім (мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi)

  • С.Мұратбеков өмір жолын еске түсіру.


Өмірі
Сайын 15 қазанда Алматы облысының Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында туған. 1957–1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген.
Шығармалары
«Менің қарындасым», «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Басында Үшқараның», «Дос іздеп жүрмін», «Ауыл оты», «Қылау», т.б
Қызметі
1954–1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962–1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972–1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977–1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984–1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988–1991 жж. ҚЖО-ның екінші хатшысы болған. XІ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
С.Мұратбеков
ІІ. Түсіну (орта деңгей)
«Жусан иісі» әңгімесін өз сөздерімен композициялық құрылымы бойынша талдайды
6. Шешімі. Аянның ауылдағы достарымен қимай қоштасып, қаладағы балалар үйіне жіберілуі.
5. Шарықтау шегі. Майдандағы ағасынан қара қағаздың келуі.
4. Шиеленісуі. Аянның тобығын тайдырып алуы. Бапайдың Аянға немқұрайлы қарауы.
3. Дамуы. Аянның әжесі қайтыс болып, оны Бапай атты туысы қасына алады.
    • Басталуы

    • Соғыс кезінде әжесі мен Аянның ауылға көшіп келуі

2. Байланысуы
Аян мінезінің жайлылығы арқасында ауыл балаларымен тез тіл табысады.
3. Талдау (жоғарғы деңгей)
(жасырын жәйттерді ашады)
Әңгіме желісі бойынша жалпақ-жіңішке сұрақтар қою, өмірмен байланыстыру

Жіңішке сұрақтар

Жауабы

Жалпақ сұрақтар

Жауабы

«Жусан иісі» тақырыбы әңгіме мазмұнын аша алды ма?


Иә/Жоқ

Әңгіме кімнің атынан баяндалады, автор мен Аянның арасында қандай байланыс бар?

Автор атынан баяндалады,
балалық шақтағы досы.

Қазіргі қоғамда Аянмен тағдырлас балалар бар ма?

Бар/Жоқ

Сізге салса «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аянның басындағы қайғыны жеңілдету үшін немесе жоқ қылу үшін шығарманың қай жеріне өзгеріс енгізер едіңіз?

Соғысты болдырмау немесе әжесін аман қалдырып,әкесін майданнан аман қайтару

Автордың әңгімені осылайша аяқтауы сізге ұнады ма?

Иә/Жоқ


Өмірде Аян секілді аяғын тайдырған, тірексіз қалған баламен кездессеңіз не істер едіңіз?

Шамам келгенше қол ұшын берер едім

4. Синтез (жинақтау)
(жоғарғы деңгей) Кластер әдісі арқылы
Аянның басындағы қиыншылықтың себебі
шарасыздық
жоқшылық
жалғыздық
жетімдік
соғыс
ІІІ. Рефлексия
(кері байланыс)
Соғыс кезіндегі жетімдік
Балалар соғыс кесірінен ата-аналарынан, тіреушілерінен айырылып жетім қалған, жоқшылық көріп, өмірдің ащы кездерін бастан өткізген.
Қазіргі жетімдік
Қол-аяқтары сау әке, аналардың жауапкершілігі жоқтығының кесірінен балалар тірі жетім қалуда.
Ұқсастықтары
Бейкүнә балалар тағдыр тауқыметін жастай көруде.
Сергіту сәті
Әнші Жеңіс Ысқақованың «Жусан иісі» әнін тыңдату, ауылға деген сағынышымызды еске түсіру.
«Баяғыда бір жетім бала болыпты...»
тақырыбында ертегі құрастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет