Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, дастанның тақырыбы, идеясы мен мазмұнын меңгерту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушыларды пікірлерін ашық айта білуге, бір – бірімен пікір алыса білуге, талдауға , ой – өрістерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды жасауға машықтандыру..
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: портрет. Сызба - нұсқалар
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
«Ой қозғау» стратегиясы.
А) Суырып салмадегенімізне?
Ә) «Өлең сөзің даналығы» сөзіне талдау жасау
Жамбыл - жылдан ұзақ жасаған ақын.
3. «Топтастыру» стратегиясы
Ақынның ақындық, тұлғалық бейнесін жасау.
2. Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
Жамбыл Жабаев (28.02.1846ж. Жамбыл облысы, Хан тауының етегі -22.05.1945ж.) –халық ақыны. Балалық шағы Жетісу өңірінде – осы күнгі Алматы облысының Жамбыл ауданында өткен. Анасы Ұлдан мен нағашысы Қанадан әнші, күйші өнерпаздар екен. Жамбыл жастайынан осындай өнерлі ортада өсіп, ер жеткен. Ол нағашысының соңына ере жүріп, қобыз, домбыра тартуды үйренеді. Жабай баласының бұл беталысын ұнатпай, оған тоқтам салуға тырысқан. Өнерге ұмтылған жас малшы, жалшылар бас қосқанда, түнгі күзет кезінде батырлар жыры, ертегі, аңыз әңгімелер тыңдап, оның кейбірін өзі өлеңдетіп жүрген. Сүйінбай ақынға шәкірт болып, одан бата алған, бірқатар өлең, дастандар үйренген. Содан былай ол: «Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп, жырды өрбіте түскен. Басқа да көптеген атақты ақын-жыршылармен кездесіп, достасқан. Жамбылдың енді бір үлкен мектебі – қазақ фольклор қазынасы болды. Ол жастайынан-ақ «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» және қырғыздың «Манас» эпосынан үзінділері, Шығыстың «Рүстем» дастанын, «Көрұғлыны», «Жүсіп – Зылиқаны» жатқа жырлады. Сүйінбай ұстазынан Сұраншы, Өтеген батырлар туралы аңыздарды үйренеді. Айтыс өнеріне Жамбыл жастайынан араласқан. Шілдехана, жиын-тойларда қыз-жігіттермен түре, сүре айтысқа түсіп, қарсыластарын көбінде жеңген. 16-17 жасынан-ақ ел аузына ілігіп, «ақын бала» атанды. Бұл жөнінде «Менің өмірбаяным» деген өмірбаяндық толғауында былай деген. «Топ десе он жетімде тартынбадым, семсердей майдандағы жарқылдадым». Жамбыл – көптеген ақындармен айтысып, жеңіске жеткен, халқымыздың ақындық өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан ақын. Өзінің айтуынан, шәкірттерінің жадында сақталғандарынан жазылып алынып, хатқа түскендері мыналар:Жамбыл мен Айкүміс, Бақтыбай мен Жамбыл, Бөлектің қызы мен Жамбыл, Жамбыл мен Сара ақын, Майкөтпен дидарласу, Жамбылдың Шыбыл шалға айтқаны, Жамбыл мен Бөлтірік, Жамбыл мен Сарыбас, Құлмамбет пен Жамбыл, Жамбыл мен Доспанбет, Жамбыл мен Шашубай. Бұлардың бәрі жинақтарына еніп, зерттеулер мен мақалаларда талданып келеді.
Жамбылдың ақындық, айтыскерлік даңқын шығарған – Құлмамбетпен айтысы.
Достарыңызбен бөлісу: |