Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.
І. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мәдениет мұрасын, тарихын құметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсінік беру.
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, карта, қосымша тарихи әдебиееттер, интерактивті тақта.
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, география, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Өткен сабақты пысықтау
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Бекіту, қорытындылау, бағалау
5. Үйге тапсырма беру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Балалар біз өткен сабақта Отандық трарихтың ең негізгі тарауларының бірі Қазақстанның ХIV-ХV ғасырлардағы мәдениеті тақырыбын өткенбіз, сол тақырыпты қарай меңгергендерінді білу үшін мына сұрақтарға жауап беріп көрейік.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Жоспары:
-
Сәулет өнері.
-
Қ.А.Иасауидің кешенді кесенесі.
-
Алашахан кесенесі. Көккесене.
-
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі.
-
Отырар.
-
Қолданбалы өнер.
-
Пысықтау сұрақтары.
-
Сәулет өнері – Х – ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджахатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан.
-
XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері- Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түкістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адламдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған.
Диуани хикмет222222
-
Алашахан кесенесі – ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға.Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшклігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген.
-
Көккесене – Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында Төменарық деген жердің Солтүстік Батысында 8ш жерде орналдасқан бір күмбезді кесене. Сырт беті кілем сияқты өрнек үлгісімен жасалған. Өкінішке орай бүгінгі күні тек жұрнағы ғана қалған.
-
Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. А.Иасауи кесенесінің Шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған. Төбесіндегі күмбезі а.Иасауидың кесенесінің ішінен табылған. Қалай келгені белгісіз. 1485 жылы қайтыс болған ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екені жазылған. 1895 ж қараусыздықтан бұзылып кеткен, қалған бөлігі 1950- 1957 ж архиологиялық қазба жұмыстарынан кейін кірпіштері Ахмет Иасауи кесенесіне жөндеуге жұмсалған деген дерек бар. Зерттей келе кесененің астыңғы сағанасында 5 адамның мүрдесі табыгған. Ортасындағы Рабияның мүрдесі деген болжам бар.
-
Қолданбалы өнер- өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі,үлкен шығармашылықты қажет етеді. Кез келген сәулеттік құрылысты жасаған соң әрленуіне көңіл бөлу керек, болмаса шыққан шығын зая кетеді.сондықтан құрылысшылар әдемілеуде қолдынбалы өнерді пайдаланған.Жаңа үлгілері қалыптаса бастады, күмбез шатыр пайда болды. Күйген кірпіштен бір жағын түрлі- түсті әйнек сыр жағылған кірпішті пайдаланды. Оның сыры әлі күнге ашылмаған. Орта ғасырдағы құрылыс материалдарының сапалы жасалуынан сәулет өнерінің жоғары деңгейде болғанын көреміз.
-
Жаңа сабақты бекіту.
-
Сәулет өнері деген қандай өнер?
-
Алашахан кесенесі қай жерде, қандай ерекшелігі бар?
-
Қ.А.Иасауи кесенесін кім салдырған, құрылыс жүйесі?
-
Археологиялық зерттеуде қандай сә»улет өнерінің ескерткіштері белгілі болды?
-
Отрар қаласынан табылған қоғамдық құрылыс орындарын ата?
-
Қолданбалы өнер қандай өнер?
IV. Топпен жұмыс: Ескерткіштерге анықтама беру.
V. Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан тарихы анықтамасы 5-11 сынып, 2005 жыл
2. Қожа Ахмет Иасауи. Байниетова Сәуле 2007 жыл
3. Батырлар жыры. Көптомдық А. 1986-1990 жыл
4. Қазақстан архитектурасы А. 1959 жыл
5. Қазақ халқының қолөнері А.1995 жыл
VІ. Оқушыларды бағалау.
Оқушының қабілетіне қарай берген жауаптарын бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма.
§33 Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері.
а) Қожа Ахмет кесенесіне әңгіме жазу
ә) Отрар ойранының зардаптары туралы реферат жазу
Достарыңызбен бөлісу: |