Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдісі: сұрақ жауап,сарамандық,инновациялық технологияны дамыту



Дата19.06.2016
өлшемі87.28 Kb.
#146892
түріСабақ
Есенбекова А. Б

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін

мектебінің технология пәні мұғалімі

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы


Тақырыбы: «Тігін бұйымдарын құрастыру. Алжапқыш тігу.»
Мақсаты:

Білімділік: Тігін бұйымдарының сызбасын дамыту.Маңыздылығын білу және түрлерін анықтау.

Дамытушылық: Пайдалану өңдеу дағдыларымен біліктілігін бекіту.Өз бетімен жұмыс жасау.

Тәрбиелік: Еңбекке баулу,өз ара көмекке, әсемдікке,төзімділікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап,сарамандық,инновациялық технологияны дамыту.

Көрнекілігі: Технологиялық карта,сканворд,сызба түрлері,компьютер,интерактивті такта

Пәнаралық байланыс: математика,сызу,информатика

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды түгендеп, құрал-жабдықтарды тексеру



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар екі топқа бөлінеді

1-топқа карторчкамен сұрақтар беріледі

2-топқа ауызша сұрақтар беріледі.


Сұрақтар:

  1. Тігін машинасының түрлерін ата? (қол, аяқ, тоқ, арнайы машиналар)

  2. Тігін машинасының алғашқы жобасын кім ұсынды? (Леонардо да Винчи)

  3. Талшықтан жіп шығару процесін не деп атайды? ( иіру)

  4. Мата алу процесін не деп атайды? (тоқу)

  5. Матаның ұзына бойымен орналасқан жіпті қалай атайды? (негізгі) Көлденеңінен жатқан жатқан жіпті қалай атайды? (арқау)

Интерактивті тақтамен жұмыс



  1. а) мақта

ә) зығыр

  1. а) мақтаның өңделу жолдары

ә) зығырдың өңделу жолдары

  1. а) киім пайдалануына қарай неше түрге бөлінеді? (тұрмыстық, өндірістік, формалық)

ә) тұрмыстық киімдерге қандай киімдер жатады? (күнделікті, сәндік, ұлттық, үй, спорттық)

б) өндірістік киімдерге қандай киімдер жатады? (арнайы, санитарлық)

в) Формалық киімдерге қандай киімдер жатады? (мектеп, әскери)
1-тапсырма: (Слайд арқылы көрсетіледі)


  1. а) тақтады мақтаның суреті шығады

ә) зығырдың суреті шығады

Олар қандай өсімдіктер екенін айту керек.



  1. а) мақтаның өңделу жолдары

ә) зығырдың өңделу жолдары
2-тапсырма: -Енді карточкадағы сұрақтарға жауап алайық?

Оқушылар сұрақтарды оқып, жауаптарын береді


4-тапсырма: (Слайд арқылы көрсетіледі)

Тігін жұмыстарына арналған құрал-саймандар.



  1. Түймелікті тесетін қүрал

  2. Оймақ қандай қызмет атқарады?

  3. СМ таспа

  4. Үтік жастықшасы

  5. Инелер


ІІІ.Жаңа тақырып

  1. Тақырыптың мақсатымен таныстыру.

  2. Алжапқышты құрастыру, сызбасын сызу.




  • Енді алжапқышқа тоқталып өтелік.

Үйде немесе мектепте аспаздық жұмыстармен шұғылданған кезде алжапқыш қолданамыз. Алжапқыш көйлектің алдын ластанудан сақтайды. Алжапқышқа арналған мата қандай болу керек? (слайд арқылы көрсетіледі)







Түксіз жеңіл






Мата






Тез жуылатын тігісі мықты
Олардың шыттан, зығыр матадан, сәтеннен тіккен дұрыс. Бұл матадан тігілген бұйым тез жуылады жақсы үтіктеледі.

Алжапқышты бірнеше үлгімен тігуге болады. (тақтаға үлгі шығады) Ол тігіншінің қиялына байланысты.

Алжапқышты тікпес бұрын оның сызбасын құрастырып, үлгі дайындайды. Ол үшін адам денесінің өлшем бірлігін сантиметрлік таспамен түсіріп алады. Белін алдын ала жіппен буып қояды. Өлшем алынатын адам тіке тұру қажет. Денені өлшегенде таспаны қатты тартуға немесе босаңсытуға болмайды. Ұзындық өлшемдерін толық жазып алады. Айналым мен ен өлшемдерін жазады.

Тігін бұйымдарын дайындау мына конструкция бойынша орындалады. (слайд)

Конструкция

Өлшем алу

Сызба алу

Пішу жұмыстары



Көктеу

Ақаумен жұмыс

Машинамен жұмыс



Ылғалды жылумен өңдеу Дайын бұйым






р/с

Шартты белгілер

өлшем алу ережелері

Өлшемнің атаулары

Менің өлшемдерім

1

Құ

Бел сызығына қалаған ұзындыққа дейін

Кеуденің ұзындығы




2

Бұ

Бел сызығына қалаған ұзындыққа дейін

Бұйымның ұзындығы




3

Жб

Бел сызығы қынаған жіп бойынша

Жартылай бел айналымы




4

Жмқ

Жамбас үсті нүктелері бойынша

Жартылай бөксе айналымы





р/с

Шартты белгілер

Бөлшектермен атаулары

Есептеу формуласы

Есебі (см)

1

К

Тік бұрыш сызу







2

КК1

Неізгі тордың ені

Жбөк. А:2+10

44:2+10=32

3

КБ

Кеуденің ұзындығы

Құ

14

4

БТ

Бұйымның ұзындығы

Бұ

40

5

КК2

Кеуде бөлігінің жоғарғы сызығы

Құ:2

14:2=7

6

ББ2

Кеуде бөлігінің төменгі сызығы

ББ2+2

7+2=9

7

Б2 Б4

Белдіктің ұзындығы

Жбөк +25

32+25=57

8

Б2 Б3

Белдің ені

5-6




9

А1 А3

Аспа баудың ұзындығы

45–50




10

А А1

Аспа баудың ені

5–6







р/с

Шартты белгілер

Бөлшектермен атаулары

Есептеу формуласы

Есебі (см)

1

К

Тік бұрыш сызу







2

КК1

Неізгі тордың ені

Жбөк. А:2+10

44:2+10=32

3

КБ

Кеуденің ұзындығы

Құ

14

4

БТ

Бұйымның ұзындығы

Бұ

40

5

КК2

Кеуде бөлігінің жоғарғы сызығы

Құ:2

14:2=7

6

ББ2

Кеуде бөлігінің төменгі сызығы

ББ2+2

7+2=9

7

Б2 Б4

Белдіктің ұзындығы

Жбөк +25

32+25=57

8

Б2 Б3

Белдің ені

5-6




9

А1 А3

Аспа баудың ұзындығы

45–50




10

А А1

Аспа баудың ені

5–6



Б2

Б Б1 Б Б1

А А2


А1 А3
Б Б2
Б1 Б3

ІV. Бекіту сұрақтары:



  1. Алжапқыш не үшін қажет?

  2. Алжапқыш қандай матадан тігіледі?

  3. Өлшемді қалай алады?

  4. Тігін бұйымдарын дайындау қалай орындалады?


V. Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет