Сидагалиева Алия Мураткановна
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Атырау облысы Атырау қаласы №31 мектеп-гимназия
Тақырыбы: Ә.Нұрпейісов «Балықшылар» әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі
Мақсаты: а) Оқушыларға Ә.Нұрпейісовтің «Балықшылар» шығармасын оқыта отырып, ондағы іс-әрекеттермен таныстыру, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту.
б) Оқушылардың сөйлеу шеберліктерін, өз ойларын ашық айта білу қабілеттерін дамыту. в) Оқушыларды ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа, татулыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Топтастыру, «Тұжырым» кестесі, «Эйлер» шеңбері, «Бір типті
кейіпкерлерді топтау» әдісі
Сабақтың көрнекілігі: кестелер, тірек сызбалары, үлестірмелі дидактикалық карталар
Техникалық құралдар: мультимедиалық слайдтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Тұжырым» кестесі
№
|
Іс-әрекеттер
|
Қасиеттер
|
1
|
Балықшылар-өз алдына бір тайпа ел.
|
Татулық, бірлік
|
2
|
Федоров балықшыларды күннің райына қарамай теңізге шығарады.
|
Әділетсіздік
|
Төмендегі сұрақтар бойынша шығарманы қорытындылау
-
Балықшылардың тұрмыс- тіршілігі қандай?
-
Мөңкенің көңілі неге жабырқау?
-
Еламан кімдер үшін қорлыққа төзді?
-
Федоровтың мейірімсіздігі неде?
-
Федоровпен балықшылар неге келіспей қалды?
-
Ашынған Еламанның әрекеті қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Шығарманың мазмұнын қорытындылай отырып, шығармадағы бір типті кейіпкерлерді топтастыру, өзіндік белгілерін таныту
ІҮ. Кейіпкерлер портретін сомдау
№
|
Кейіпкердің сырт тұлғасы
|
Кейіпкер
|
Кейіпкердің ішкі жан дүниесі
|
1
|
Шашы жалбыраған,ұзын бойлы, сары жігіт
|
Андрей
|
|
2
|
Үсік шалған екі беті қап-қара, еріндері шыт-шыт, жанарында жылылық сезіледі
|
Еламан
|
|
3
|
Еңгезердей ірі, қол-аяғы серейген ұзын, қабағы қатулы,сұп-сұр, жұқа еріндері тісіне жабысып, сүзетін бұқаша басын бауырына алып, тұздай көк көзінің астынан кірпік қақпай қадала қарады.
|
Федоров
|
|
Шығармадан кейіпкерлер портретін табу
Балықшы Еламан Қатігез орыс байы Федоров
Ү. Дәптермен жұмыс
Кейіпкерлердің шығармада берілген іс-әрекеттеріне қарап, оларға мінездеме беру
Еңбекқор Қатыгез
Еламан Әділ Федоров Қиянатшыл
Қайратты Әділетсіз
ҮІ. Шығармадағы оқиға болған жер – Арал теңізінің жағалауы. Аралдың қазіргі жағдайы туралы түсінік беру
«Қайраңдағы кеме»
Қазіргі Арал
Ауданы- 20 км кв; Тұздылығы- 40%
Бұрынғы Арал
Ауданы – 60 км кв
Тұздылығы – 9-14%
ҮІІ. Шығарма мәтінімен жұмыс.
-
Өңеші кең, балықшылардың балығын кемітіп есептейтін кім?
-
Күннің райын бай-бәйбішенің қасы мен қабағындай білетін кім?
-
“Тіліңді алмаса,ау-құралдарыңды тартып ал.Өңкей тақыр кедейлер, тентіреп кетеді.Тіпті еңбекақыны кем төле.”
-
Біз үшін отқа түсіпсің.Ағаеке, енді қайттік?!
-
Әлиза, мықты едің ғой, шыда!
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау:
Кейіпкер бейнесін толықтай ашу мақсатында мәтіннен үзінділер оқу.
1.Еламан- балықшы. 1. Федоров - қиянатшыл
2.Еламан – ұйымдастырушы, еңбек адамы 2. Федоров - әділетсіз
3.Еламан – күрескер, айыпкер 3. Федоров – құрбан
ІХ. Оқушылардың білімін бағалау.
Х. Үй тапсырмасы:
1. Жазушының тілі арқылы берілген кейіпкер портретін қылқаламмен салу
2. «Аралым-ардағым» тақырыбына шығарма жазу, Арал теңізі жөнінде деректер жинау
Достарыңызбен бөлісу: |