Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту. Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап



бет1/10
Дата15.02.2024
өлшемі46.32 Kb.
#491832
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ЖЖЕ


Тексерілді: ДТІЖО
Күні: 21.09.2023
Класы: 4 «Ә»
Тақырыбы: Тұрмыстық жарақатты алдын алу
Мақсаты:
1.Жарақаттанудың алдын алу туралы түсініктерді пысықтау.
2.Жеке тұлғаны дамыту, жарақаттанудың алдын алу, алғашқы көмек көрсету түрлерін білуге, танымдық қиындықтарды жеңуге тырысу, сөз байлығын дамыту және күрделендіру.
3.Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, жарақаттануды болдырмау, алғашқы көмек көрсете білуге үйрету, еңбекке баулу.


Сабақтың түрі: Жаңа білім меңгерту.
Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекілік: Слайд, жарақаттанудың түрлері, алғашқы көмек заттары.


Жаңа сабақ:
Жарақаттанудың түрлері:
Күйік Үсік Сынық Жарақат Улану Қан кету
1.Күйік-теріге қайнап тұрған су, өте ыстық бу, қызған металл бұйымдары, шарпыған от, сондай-ақ электр тоғы әсер еткенде пайда болатын күйік жарақат түрлеріне жатады.
Күйік
Термиялық Химиялық

Термиялық күйік-көптеген қарулар:от шашқыш, өртенгіш бомба және басқа да түрлерімен жараланудан пайда болады.Тері және тері асты қабатының зақымдану тереңдігіне қарай 4 дәрежеге бөлінеді:


1. күйік-орнының қызаруы, кішкене ісінуі, қызаруы, күйген жердің ауруымен сипатталады.3-5 күннен кейін тері қабықтанып жазылуы басталады.
2. күйік-сарғыш, түссіз сұйықтық толған бөртпелердің пайда болуы және терінің ісінуімен сипатталады. ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 10-15 күнге созылады. ІІ дәрежелі күйіктерді тек медициналық мекемелерде емдеу қажет.
3. күйік-барлық зақымдалған терінің бір бөлігінің немесе толығымен жансыздануымен сипатталады. Күйіктің бетін қара немесе сұр түсті қабыршақ жабады.
4. күйік-тері, сонымен қатар тері асты май қабаты, сіңір, бұлшық ет, кейде сүйектің де жансыздануымен сипатталады. Күйік беті қара түсті қабыршақпен жабылады. ІІІ және ІV дәрежелі күйік кезінде іріңдеу процесі қатар жүреді. Жансызданған ұлпалар (некроз) бөлініп, 15-20 күнде түсе бастайды. Күйіктің жазылуы баяу және өте созылмалы болады.
Химиялық күйік-теріге қышқылдар (концентрлі сірке, азот, тұз, фосфор қышқылдары), сілтілер (күйдіргіш натрий, күдіргіш калий, сөндірілмеген әк) және басқа да заттардың әсерінен пайда болады.
Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-І-ІІ деңгейдегі күйік кезінде көмек суланып ісінуге қарсы бағытталған болуы керек, бұл үшін күйген жерді суық сумен, мұзбен салқындату керек,кейін құрғақ қатты таңғышпен таңып тастау қажет. ІІ-ІІІ дәрежелі күйік кезінде вазелині бар стерильді таңғышпен таңып тастау керек. ІV дәрежелі күйік кезінде стерильді таңғыш таңып дереу емханаға немесе күйік орталығына жеткізу керек.
Химиялық күйік алған кезде күйікті көп мөлшердегі сумен немесе марганецті қышқыл калийдің әлсіз ерітіндісімен жуу керек. Қышқылдардан болған күйіктерді ас содасының әлсіз ерітіндісімен,ал сілтілерден болған күйікті-бор қышқылының 2-4%-ды ерітіндісімен немесе сірке суының әлсіз ерітіндісімен жуған дұрыс.
2.Үсік-адам қатты аяз кезінде шалдығады. Әсіресе, дененің ашық жерлері: аяқ-қол, мұрын, құлақ, бет үсікке көбірек шалдығады. Бұл жағдайда үсіген жерлердегі тері ағарады және шымырлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет