1 дәріс Тері топографиясы



бет1/5
Дата27.01.2020
өлшемі1.14 Mb.
#447880
  1   2   3   4   5
Лекция

1 дәріс

Тері топографиясы

Тері – жануарлар денесінің сыртқы қабаты. Тері түктен, жүнді жабыннан, қыртыс (эпидермис), өзең (дерма) мен тері асты жасушаларынан (шел қабаты) тұрады.

Мехтік теріні жүнді жабын және тері өзеңі деп екіге бөледі. Илеу кәсібін меңгеру үшін ең алдымен оның құрлысымен толығырақ танысу қажет. Себебі, ол алдыңғы операцияларды елестете алу үшін керек.

Былғары өндірісінде өзеңді қолданады, ал түк пен эпидермисті бөлектейді. Мехта өзең эпидермиспен және түкпен бірге өңдейді.

Эпидермис - жүнді жабын астында орналасқан беткі қабат. Ол өте жұқа, терінің 1/20 бөлігін құрайды және бірнеше эпителиальды тор қатарынан тұрады. Мехті өңдегенде біз міндетті түрде осы қабатты сақтауымыз керек. Өйткені, ол түк қалташығымен тығыз байланысқан және оның бүлінуі түктің өзеңмен байланысының әлсіреуіне әкеліп соғады.

Өзең - бұл терідегі беріктілігімен де, қалыңдығымен де ерекшеленетін ең негізгі қабат. Ол колаген, эластин және ретикул талшықтарының өрілуінен пайда болады.

Колаген талшығы - ақуыз колагеннен пайда болады, оның қайнатқан кезде желімге айналуы негізгі қасиеті болып табылады.

Эластин талшығы - колаген талшығынан аздаған бұйралығы мен біраз қалыңдығымен өзгешеленеді. Олар өзеңнің төменгі бөлігі, тор шекарасында орналасқан.

Ретикул талшығы - негізінен ретикулин ақуызынан тұрады. Ол барлық өзеңді өткізетін және эпидермиспен шекараласқан қабатқа қалың тор түзеді.

Өзең екі негізгі қабаттарға бөлінеді: емізікше және торлы.

Емізікше қабат өзеңнің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Көбінесе, малдардың осы жерінде жүн тамыры бекиді. Осыған тер мен май бездері кіреді. Бұнда колаген талшықтары жұқалау. Олар түк қалташығына қарсы бағытталған.

Торлы қабат - өзеңнің төменгі қабаты. Ол былғары мен теріден өнделген барлық терінің беріктігін анықтайды. Ол біркелкі колаген талшықтарының өрілімдерінен тұрады. Біз осы қабаттың иілгіш, жұқа болуын қадағалаймыз. Қабат жұқалығы малдың жай-күйін анықтайды, күту жағдайына, сою уақытына, малдың түріне байланысты құбылады. Талшықтардың өрілу топтары терінің қай жерінде орналасуына байланысты сипатталады.





Былғарының гистологиялық құрылысы.

1 – эпидермис; 2 – былғары; 3 - өзең;



4 – гипоөзең; 5 – жүн қылшығы; 6 – жүнді фолликула ұшы; 7 – жүн тамыры; 8 – тер ағымы; 9 - май безі; 10 – жүн бұлшығы; 11 – жүнді фолликула; 12 – май безі; 13 – жүн түбірі; 14 – жүн емізікшесі; 15 – тері асты тамыры; 16 – тері асты май қабаты.



Жүнсіз былғары эпидермисі.

1 – мүйізікше қабат; 2 – жылтыр қабат; 3 – бидай қабат; 4 - өстік жсуша қабаты; 5 – цилиндрлік қабат; 6 – қосылыс тіні; 7 – тер безінің шығу ағымы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет