Салеметсіздер ме, оқушылар? Бүгін біз химия пәнінен алған білімімізді қорытындылап,ортаға салмақпыз. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Оқушылар топпен жұмыс жасау үшін «Химия» және «Элемент» атты 2 топқа бөлініп келіп отыр.
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын, кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы алқасына жүгінсек,
Берер дейміз әділдікпен жеңісті,- деп әділ қазыларымызды сайлап алайық.
Сайыстың жоспары
Таныстыру (ұран, төсбелгі)
I. Жорға. ( сұрақ-жауап)
II. “Алтын кілт” ойыны
III. “Мадақтауға лайықсың ба?”
IV. Формула құрайық
V. Қай реакция типі? Тәжірибе
VI. Химияның заңдары
VII. Көкпар (есеп шығару)
VIII. үй тапсырмасы (химия пәнінен білгенім ... )
Шығармашылық жұмыстарын қорғау
Топтардың таныстыру рәсімі.
Топ аты: «Химия» Топ аты: «Элемент»
Ұраны: Ұраны:
Химия қызық ғылым, Барлық заттың бөлшегі ,
Ішінде маржан ілім. Элементтен жаралған.
Үйреніп формуланы, Әр элемент жеке атом,
Аламыз терең білім. Ғылым болып таралған
|