Сабақты зерттеу мен іс-әрекетті зерттеу – тиімді оқыту кепілі



бет1/2
Дата02.12.2022
өлшемі1.44 Mb.
#466301
түріСабақ
  1   2
Жанар конференция


Түркістан обл Келес ауданы
№44 «Сырдария» жалпы орта мектебі

« Сабақты зерттеу мен іс-әрекетті зерттеу –


тиімді оқыту кепілі»

Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі


Педагог-зерттеуші: Бакирова Жанар

Бірге жиналу -бұл бастама,


Бірге қалу -бұл алға жылжу,
Ал бірге жұмыстану -бұл жетістік.
Генри Форд


Еліміздің болашағы халқының тілін, рухани қадір-қасиетін, салт- дәстүрін, байлығын сақтайтын білімді ұрпақ. Сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы, білім берудегі қалыптасқан дәстүрді жетілдіріп, шетелдік мемлекеттердің білім беру жүйесіндегі озық тәжрибелердің тиімді жақтарын еліміздің білім беру жүйесіне енгізу өмір талабының бірі болып отыр. Қоғамның дамуына байланысты қай елдің болмасын білім беру жүйесінің алдына үлкен міндеттер қойылады. Себебі білім беруді дамыту арқылы мемлекеттің өркендеуіне жол ашылады. Ендеше біз білім беруді жаңашаландырып, оның жаңа жүйесін жасауымыз керек. Бұл жүйе бұрынғы дәстүрлі жүйеден ерекше болуы тиіс. Демек ол ой елегінен, зерттеуден өткізілген тәжрибелерде құрылу қажет.
Сабақты зерттеудің (Lesson Study) тиімділігі неде?
Біріншіден, мұғалімдердің тұрақты түрде бірлесе жұмыс жасауында. Джон Хэттидің атақты метаталдауы есімізде ғой: оқушылардың оқуына ең тиімді ықпал жасайтын фактор мұғалімдердің бірлесе тиімді жұмыс жасауы еді ғой? Тек күнделікті бірлесе жұмыс жасап қана мұғалімдер кәсіби тұрғыдан өседі, жұмыста туындаған проблемаларын шешеді. Мен тіпті мұғалімдердің бірлесе жұмыс жасауын міндеттеп тастауды (мысалы, барлық мұғалімдерді сабақты зерттеу топтарының жұмысына қатысуды міндетті жасау арқылы), мұғалімдердің жеке жетістіктерін марапаттамай, тек бірлескен жұмыстарының нәтижелерін қолдауды ғана ұсынар едім.
Екіншіден, сабақты зерттеу негізінде мұғалімдердің өз тәжірибесін рефлексиялау жатыр. Бәрімізге де аян: жаңа білім тек рефлексия арқылы ғана пайда болады. Яғни, сабақтағы оқушыларға ұсынған әрбір тапсырма мен әрбір сабақ оқушылардың өз білгендері мен әрекеттерін талдаумен, өздеріне есеп берумен, өзін-өзі бағалаумен аяқталуы керек. Егерде шәкірттер әрбір қомақты әрекетінен кейін «Мен/біз қалай жұмыс жасадым/жасадық? Жетістік пен кедергілер қандай болды? Олардың себептері қандай? Не үйрендім/үйрендік? Енді не істеу керек? Бұл білімдерді қалай толықтыруға, дамытуға болады?» деген секілді сұрақтарға жауап іздестіргені олардың білімдерін саналы түрде қалыптастыратындығы анық.
Мұғалім де өзінің әр сабағын зерттеу лабораториясына айналдырып, сабақ бойы эксперименттер қойып, тәжірибелер жасап, туындаған қиындықтар мен проблемаларды шешуге ұмтылып, сабақ аяқталғаннан кейін оған көз жүгіртіп, оның қалай өткендігін, ондағы жетістіктер мен кедергілерді анықтап, оларды шешу жолдары туралы ойланып, бұл сабақты және, кеңірек алғанда, өз тәжірибесін жақсарту жолдарын талдағаны жөн. Осындай рефлексиялық әрекеттер арқылы ғана мұғалімдер өз біліктілігі мен шеберліктерін еш тоқтаусыз дамытып отырады. Сол себепті де сабақты зерттеу (Lesson Study) мұғалімдердің күнделікті қолданатын әрекеттерінің біріне айналуы қажет. Бұл жұмыс бір күнге де тоқтамайтын әрекет болғандықтан, оны қашықтан оқу жағдайында да шегермеген дұрыс!

Action Research (Іс-әрекетті зерттеу) дегеніміз не ?
Іс-әрекетті зерттеу дегеніміз бұл зерттеуге қатысатын адамдар өздерінің тәжірибесін де, түсіну сапасын да жақсарту мақсатында жүргізетін әлеуметтік мәселені зерттеу.
(Winter G Muun-Giddings 2001)
Іс-әрекеттегі зерттеудің сипаттамалары әртүрлі болғанымен, олардың барлық түрлері үшін ортақ элементтері де бар деуге болады. Уотерс-Адамс (2006) өз жұмысын осы ортақ элементтерді өзара салыстырып, сипаттауға арнаған:
— Іс-әрекеттегі зерттеуді өз тәжірибесін түсінуге және жетілдіруге тырысатын мұғалімдер жүзеге асырады. Бұл іс-әрекеттегі зерттеуге жекелік сипат беріп, білім беру тәжірибесі жүргізілген жағдайды сын тұрғысынан ойластыруға немесе оны мойындауға әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда зерттеу іргелі сипатта бола алмайды.
— Іс-әрекеттегі зерттеу жоспарлау, әрекет ету және әрекет туралы ойлану үдерісі арқылы жүзеге асады. Бұл оны «әрекет-рефлексия» циклі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.

— Іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибе туралы деректерді жинақтауды қамтиды.
— Іс-әрекеттегі зерттеу өз тәжірибелерінде өзгеріс енгізуді жоспарлап, ол іске асырылған өзгерістердің тиімділігін көруге тырысатын мұғалімдер үшін тән.
— Іс-әрекеттегі зерттеу жүйелілік және ғылымилық қағидаттарына сәйкес келеді.
-Іс-әрекеттегі зерттеу барысында талдау жүргізіп, білімді қалыптастырған адамдар өз тәжірибелерінде жүзеге асырады.
Өз тәжірибелерінде жүзеге асыру барысында төмендегідей жұмыс кезеңдерін қадағалайды:
Қолданған іс-әрекеттерін сипаттайды;
Жинаған фактілерін талдайды;
Есептер жүргізіп, күтілетін нәтижелердің үлгілерін анықтайды;
Зерттеуге алынған сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерімен алынған деректерді талқылап, талдайды;
Алынған деректерді қандай түрлі түсініктермен беруге болатынын бастапқы деректермен салыстырады;
Алынған нәтижелер тұрғысынан сынып ахуалы туралы болжамдар мен диагносикалау нәтижесі қайта қарастырылады;
Фактілер мен пайымдаулар негізінде қорытынды шығарылады.
Сынып оқушыларын зерттеуде қарастырылатын тәсілдердің негізі:
— Оқу, тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің әрбір актісі адами мағынамен, құндылықтар және мақсатпен толтырылған, қысым жасалмаған, кәдімгі еркін өмір оқиғалары мен үдерістері ретінде қарастыру.
— Сыныптағы жекелеме оқушылардың әлемді және өзін-өзі тану мүмкіндігі зерттеледі, білмеуден білуге қарай жүру үдерісі, өзі туралы білім мен танып жатқан заттарына арақатынасы зерделенеді.
— Зерттеудің мақсаты мен пәнін, оны жүргізудегі тәсілдер мен бағдарларды ең үздік нәтижені көрсететін құралдар мен әдістерді анықтауды көздейтін субъекті қызметінің қисынды ұйымдастырылуы.
— Мұғалімдер мектеп зерттеуімен айналысу арқылы өз сыныптары туралы білім түзеді.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыныпты зерттеу үдерісі оқу үдерісімен ықпалдасып, оның жетілуіне ықпал етіп, мұғалімнің оқуын дамытып, оқушының оқу тәжірибесін жақсартады.
Мұғалім оқыту стратегияларымен, сыныпты басқару, материалдарды пайдалану және оқушыларды оқытуға байланысты мәселелерге жауап іздеуі мүмкін. Бұл істе мұғалімдерге әдіскер, директор немесе ата-аналар көмектесуі мүмкін. Жеке іс-әрекеттегі зерттеулердің кемшіліктерінің бірі оның нәтижелерін басқалар талқылай алмайды, талқылау үшін мұғалім басқа мұғалімдерді кездесуге шақырып, конференцияларда таныстырылым жасауға немесе ақпараттық таратылымда, журналдар мен ақпараттық бюллетеньдерде жазба материалдарын беруге тиіс. Бірлескен іс-әрекеттегі зерттеуге екі мұғалім немесе бірнеше мұғалімдер тобы және сынып немесе әдістемелік бірлестіктің өзекті проблемаларын шешуге қызығушылық танытқан басқа адамдар қатыса алады. Бұл проблема бір сыныпта ғана кездесуі мүмкін немесе көптеген сыныптарда кездесетін жалпы мәселе болуы ықтимал. Бұндай зерттеу жүргізетін мұғалімдерді мектепке қатысы жоқ адамдар, мәселен университет немесе қоғамдық серіктестіктер өкілдері қолдауы мүмкін. Мектептің кеңейтілген іс-әрекеттегі зерттеуі жалпыға ортақ мәселелерге бағытталады, мәселен:
— мектеп қызметіне ата-аналардың араласуы және осыған байланысты ол маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндігінше көп ата-ананы тартудың қолайлы тәсілдерін анықтау;
— мектеп өзінің ұйымдастыру немесе басқару құрылымына қатысты мәселелердің шешімін іздеуі. Проблеманы зерттеудің іс-шаралар жоспарын жасап, деректерді жинау және талдау, сондай-ақ бекітілген зерттеу жоспарына сәйкес шешім қабылдау үшін мектеп қызметкерлерінің тобы бірлесе жұмыс істейді
Әдістемелік бірлестік мүшелерімен бірге жұмыс бағыттары жүйеленді. 1. Ашық оқу сағаттары. 2. Мұғалімдердің кәсіби білімдерін көтеру 3.Түрлі жобалар 4. Ата-аналармен жұмыс 5. Қоғамдық іс-шараларға қатысу. 6. Іс әрекетті зерттеу жұмыстары жүргізілді Әр мұғалімнің оқытуда проблемалық тақырыптары және сол проблемаларды шешу әрекеттері жоспары жасалып талқыланды. Іс-әрекетті зерттеуге түсінік беріп өтетін болсақ іс-әрекетті зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады. Оқытудағы жаңашылдықты бағалайды. Сабақты зерттеу әдісін қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсетіп нақтылық енгізді. 1-топ Lesson Study дегеніміз не? Қандай мақсатта өткізіледі? 2-топ Lesson Study өткізу үшін қандай тақырыптарды зерттеуге болады? 3-топ Lesson Study сабақтарын қалай өткізуге болады? Өткізу ережелері қандай? 4-топ Сабақты жоспарлауда неге назар аудару керек? 5-топ Сабақты бақылау қалай жүзеге асырылады? 6-топ Сабақтан кейінгі талқылау қалай жүргізіледі? Осы сұрақтармен жұмыс жасай отырып мынадай қорытынды шығарылды.
Іс әрекетті зерттеу сабақтарының Lesson Study ден айырмашылығы




Қазақстанның ашық сабақтары

Жапонияняң Lesson Study

Қазіргі біздің іс әрекетті зерттеу сабақтарымыз

Уақыты

міндетті

міндетті

Келісім бойынша

Сабақты бақылау

Ашық сабақты бақылау ерікті.

Ашық сабақ үшін сабақ жоспары бойынша жиналыс сабақтан кейінгі кеңесу

Ерікті келісілген топтан команда құру. Мұғалім келісімін алу,сыныпты таңдау

Қатысу

жоқ

Кесте жасау және Lesson Study үшін таңдау

Зерттеу тобы мүшелері міндетті және сабақтары жоқ мұғалімдер қатыса алады. Әркім өз бақылау және бақылайтын оқушы туралы мәліметтерді сабақты зерттеуден кейінгі талықылау формасының үлгісін салады.

Бақылаушының мақсаты

Мұғалімге пікір қалдыру

Бақылау дағдысын жақсарту. Мұғалімге пікір қалдыру

Бақылау,дағдыны жақсарту үшін бірігіп ойласу, әрі қарай неге,қалай істеу керектігіне жұмыс жасау.

Сабақтан кейін талқылау

Тек мұғаліммен ғана талқылау

4-6 адамнан тұратын топтарда талқылау,топ болып талқылау қорытындысында нәтижелерді талқылау

Топ болып талқылау кестесі арқылы нәтижелерді талқылау,оқушы дауысын есепке алу міндетті,байланыс жазу.Нәтижелерді талқылау

Сабақты зерттеу әдісі оқыту мен оқу үдерісін жақсарту кепілі болып табылады.Сабақты зерттеу үдерісінде әріптестерді қолдау тәсілдерін түсінеді. Мұғалімдер сабақты зерттеу үдерісінің маңыздылығын, сабақты зеттеуді оқуды,оқытуды және мұғалімдердің тәжірибесін дамыту және жетілдіруге арналған құрал ретінде қолдану мақсатында әріптестермен өзара ықпалдасу әдісі бойынша жұмыс жүргізеді.
Әр мұғалім өз сыныбына және әр пәнге SWOT талдау жасай отырып оқытудағы проблемаларды анықтап, сол проблемаларды шешу жолдарымен жұмыс жүргізуді қолға алды. Бастауыш пән бірлестігі «Оқу мен оқытуда диолог арқылы жеке тұлғаның сөйлеу дағдысын қалыптастыру» дағдысы бойынша жұмыс жүргізіді
Математика жаратылыстану бағыты бойынша пән бірлестігі «Оқыту арқылы оқушылардың тыңдалым дағдысын тиімді әдіс-тәсілдер арқылы дамыту» бойынша жұмыс жасады. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттығ әдістемелік бірлестігі « Сөйлеу мәнеріндегі айтылым, оқылым дағдыларындағы кедергілерді диологтық оқыту арқылы шешу» жолдары бойынша жұмыс жасап іс-әрекетті зерттеу сабақтарын өтті.

Бастауыш сыныптарда оқытуда анықталған проблемалық тақырыптар жазылым дағдысы бойынша сөздерді тасымалдау және буынға дұрыс бөлу, көбейту мен бөлу амалдарын баған түрінде орындауда кездесетін қиындықтармен бірге мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырып,дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету бойынша жұмыс жасалды.Әр апта сайын әдістемелік және директор жанындағы кеңесте талқылынып, бірлестіктің рейтнгісі шығарылып отырылды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет