рефлексиялық кезеңінде диагностикалық құралдар арқылы олардың білім беру
субъектілерімен өзара әрекеттестік негізінде оқушынының жеке тұлғасын,
98
сынып ұжымын, оқу-тәрбие үдерісін басқару іс-әрекетінде оның өзін-өзі басқару,
өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі жүзеге асыруға қызығушылығы, құндылықты
бағдары, қабілетінің барлығы, ұмтылу және т.б. деңгейлері тексеріледі. Олардың
осы бағыттағы бастапқы деңгейінің анықталғандығы туралы 2.1 параграфында
жан-жақты баяндағанбыз.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың
танымдық кезеңінде оларды білім берудегі басқару саласынан білімдерін
толықтыру жүзеге асырылады.
Осы мақсатта 5B010000 – педагогикалық мамандықтар бойынша жалпыға
міндетті мемлекеттік стандарттың, пәндердің типтік оқу жоспарының, пәндердің
оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнына талдау жасалды. Соның неігізінде
бакалавриаттағы педагогикалық базалық және бейіндеуші пәндердің
бағдарламаларына қосымшалар енгізілді.
Базалық пәндер бойынша «Педагогика», «Білім берудегі менеджмент»,
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндері және бейіндеуші пәндер
арасынынан «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» курсы таңдап алынды.
Бакалавриаттағы педагогикалық базалық және бейіндеуші пәндердің
бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар мақсаты – студенттердіңбілім
берудегі басқарушылық саласынан тұтас теориялық білімдерін қалыптастыру,
басқару құндылықтарына оң қарым-қатынастарын және басқарушылық
құзыреттілігін көрсете алу іскерліктерін дамыту. Аталған қосымшалардың
мазмұны (кестелер 10-13) көрсетілген.
Оның міндеттері:
- студенттердің оқушының тұлғасының дамуын, сынып ұжымын, сабақ
үдерісін басқаруға қызығушылығын қалыптастыру және оның қоғам және адам
өміріндегі мәнін түсінуге тәрбиелеу;
- білім берудегі басқарудың ұғымдық аппараты мен негізгі принциптерін
меңгеру;
- басқарушылық құзыреттілік саласынан білімдерін толықтыру;
- мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің тұлғалық, педагогикалық,
менеджерлік құрамына талдау жасау іскерліктері;
- педагог-менеджер
тұлғасын
жете
меңгеру,
атқаратын
рөліне
эмоционалдық қатынастарын кеңейту;
- білім берудегі басқару саласынан меңгерген білімдерін практикада
пайдалануға тәрбиелеу;
- басқару іс-әрекетінде білім беру субъектілерімен өзара әрекеттестікке түсе
алу іскерліктері мен дағдыларын дамыту.
99
Кесте 10–«Педагогика» пәнінің бағдарламасының мазмұнына қосымша
Пәннің тақырыптық жоспары
Бағдарламаның мазмұнына қосымша
І бөлім. Педагогикалық мамандыққа
кіріспе
1-тақырып. Қазіргі жағдайдағы білім
берудің басымдылық рөлі
Басқарушылық
құзыреттілігі
қалыптасқан
педагогқа қоғамның сұранысы. Жоғары
педагогикалық оқу орындарының студенттердің
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастыру
мүмкіндіктері
2- тақырып. Педагогикалық кәсіп пен
іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандартында
мұғалімнің
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастыру қажеттігі және оған сәйкес
педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық
қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар.
Басқарушылық іс-әрекет – педагогикалық іс-
әрекеттің ерекше түрі. Басқарудың функциялары.
3-тақырып. Педагогтың тұлғасы
және оның кәсіби құзыреттілігі
Басқарушылық құзыреттілік ұғымының мәні.
Педагог-менеджер
құрылымы
және
оның
сипаттамасы.
4 - тақырып. Педагогтың үздіксіз
кәсіби өсуінің факторлары
Педагогтың
тұлғалық,
педагогикалық,
менеджерлік құзыреттерінің мәні. Үздіксіз білім
беру барысында педагогтың басқарушылық
құзыреттілігін дамыту мәселесі.
ІІ бөлім. Педагогиканың теориялық-
әдіснамалық негіздері
1 - тақырып. Педагогика адам туралы
ғылым жүйесінде
Оқушы тұлғасының дамуын басқару, сыныпты
басқару, сабақ үдерісін басқару – педагогтың
басқарушылық іс-әрекетінің негізгі нысаны
ретінде.
2 - тақырып. Педагогикалық
зерттеудің әдіснамалық негіздері мен
әдістері
Болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастырудың
әдіснамалық
тұғырлары:
жүйелілік,
тұлғалық,
тұлғалық-бағдарлық,
аксиологиялық, жекелік-креативтілік және т.б.
2-тарау. Тұтас педагогикалық
үдерістегі тәрбие
1-тақырып. Тұтас педагогикалық
үдерістегі тәрбиенің мәні мен
мазмұны
Педагог менеджердің демократиялық стилі,
ізгілікті бағыты, ізгілік қасиеттері, эмпатиясы,
толеранттылығы.
Басқарудағы
мұғалім
мен
оқушының өзараәрекеттесуі
3-тарау. Оқыту - тұтас педагогикалық
үдерістің құрамды бөлігі
1-тақырып. Оқыту үдерісінің
маңызы
Сабақ
үдерісін
басқару
–
педагогтың
басқарушылық іс-әрекетінің нысаны ретінде.
«Педагогика» пәнінің бағдарламасының мазмұнына қосымшада болашақ
педагогтар кестеде көрсетілгендей мынадай тақырып мазмұнын меңгереді:
Басқарушылық құзыреттілігі қалыптасқан педагогқа қоғамның сұранысы.
Жоғары педагогикалық оқу орындарының студенттердің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктері.
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандартында мұғалімнің басқарушылық
құзыреттілігін қалыптастыру қажеттігі және оған сәйкес педагогтың білімі,
білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар.
Басқарушылық іс-әрекет – педагогикалық іс-әрекеттің ерекше түрі. Басқарудың
100
функциялары. Басқарушылық құзыреттілік ұғымының мәні. Педагог-менеджер
құрылымы және оның сипаттамасы. Педагогтың тұлғалық, педагогикалық,
менеджерлік құзыреттерінің мәні. Үздіксіз білім беру барысында педагогтың
басқарушылық құзыреттілігін дамыту мәселесі.
Оқушы тұлғасының дамуын басқару, сыныпты басқару, сабақ үдерісін
басқару – педагогтың басқарушылық іс-әрекетінің негізгі нысаны ретінде.
Болашақ педагогтың
басқарушылық
құзыреттілігін
қалыптастырудың
әдіснамалық
тұғырлары:
жүйелілік,
тұлғалық,
тұлғалық-бағдарлық,
аксиологиялық, жекелік-креативтілік және т.б.
Педагог менеджердің демократиялық стилі, ізгілікті бағыты, ізгілік
қасиеттері, эмпатиясы, толеранттылығы. Басқарудағы мұғалім мен оқушының
өзараәрекеттесуі. Сабақ үдерісін басқару – педагогтың басқарушылық іс-
әрекетінің нысаны ретінде.
Студенттердің осы қосымшада меңгерілген білімдері «Білім берудегі
менеджмент» пәнінің бағдарламасының мазмұнына қосымша арқылы
толықтырылады (кесте 11).
Кесте 11 – «Білім берудегі менеджмент» пәнінің бағдарламасының мазмұнына
қосымша
Пәннің тақырыптық жоспары
Бағдарламаның мазмұнына қосымша тақырыптар
1
2
Бағдарлама мазмұны.
1-Бөлім. Білім берудегі
менеджменттің теориялық-
әдіснамалықнегіздері
1-тақырып. Менеджмент басқару
туралы ғылым
Педагогтың басқарушылық іс-әрекеті – білім беру
саласындағы менеджменттің құрамдас бір бөлігі.
Болашақ педагогтардың басқарушылық
құзыреттілігінің құрамы
2-тақырып. Педагогикалық
менеджмент педагогикалық
жүйелердібасқарудың теориясы және
технологиясы ретінде.
Педагог-менеджердің басқару іс-әрекетіне
қатысты теориялық тұжырымдар мен
технологиялар
2- Бөлім. Мектептің тұтас
педагогикалық үдерісін басқару
1-тақырып. Мектеп басқарудың
педагогикалық жүйесі жәненысаны
ретінде
Педагогтың басқару функциялары: ақпараттық-
аналитикалық, мотивациялық-мақсаттық,
жоспарлық-болжамдық, ұйымдастыру-
орындаушылық, реттеу-түзетушілік
2-тақырып. Мектептің тұтас
педагогикалықүдерісін
диагностикалау
Педагог-менеджер-сарапшы,
диагностикалаушы, бағалаушы рөлінде
3-тақырып. Мектептің тұтас
педагогикалық үдерісін жоспарлау
Жоспарлау – педагог-менеджердің оқушы
тұлғасының дамуын, сынып ұжымын, сабақ
үдерісін басқарудың функциясы ретінде
4-тақырып.Мектептегі әдістемелік
қызмет және мұғалімдерді
аттестациялау
Педагогтың шеберлік дағдылары – басқарушылық
құзыреттілігінің құрамдас бөлігі
101
11 – кестенің жалғасы
1
2
3- Бөлім. Мектептің педагогикалық
ұжымын басқару
1-тақырып. Педагогикалық
ұжым басқарудың объектісі
менсубъектісі ретінде
Сынып ұжымы – педагогтың білім беру
сапасын басқарудың объектісі ретінде. Ізгілік
қабілеттер, эмпатия, толеранттылық –
педаготің басқарушылық құзыреттілігінің
құрамдас бір бөлігі
2-тақырып. Педагогикалық қарым-
қатынас және басқару этикасы
Педагогтың басқарушылық құзыреттілігі.
Коммуникативтік дағдылар педагогтың
басқарушылық құзыреттілігінің құрамдас бір
бөлігі ретінде
4-тақырып. Білім беру менеджерінің
көшбасшылығы және көшбасшылық
қасиеті.
Көшбасшылық қабілеттер - педагогтың
басқарушылық құзыреттілігінің құрамдас бір
бөлігі ретінде
Аталған қосымшада оқытылатын тақырыптар мазмұны болашақ педагогқа
педагог-менеджердің басқару іс-әрекетіне қатысты теориялық тұжырымдар мен
технологияларды, функцияларын (ақпараттық-аналитикалық, мотивациялық-
мақсаттық, жоспарлық-болжамдық, ұйымдастыру-орындаушылық, реттеу-
түзетушілік), рөлдерін (сарапшы, диагностикалаушы, бағалаушы және т.б.)
меңгертуді қамтиды. Қосымшада педагог-менеджердің оқушы тұлғасының
дамуын, сынып ұжымын, сабақ үдерісін басқаруының негізгі функциясы –
жоспарлау іс-әрекетіне аса мән беріледі.
Сынып ұжымын – педагогтың басқару объектісі ретінде жан-жақты
түсіндіріп, оның нәтижелі болуы басқарушылық шеберлік дағдыларының
дамуынан талап етілетіндігі ашылады.
Педагогтың басқарушылық құзыреттілігінің құрамдас бөліктеріне ізгілік
қабілеттерге, эмпатияға, толеранттылыққа, коммуникативтік дағдыларға,
көшбасшылық қабілеттерге басым көңіл бөлінеді.
Сонымен «Білім берудегі менеджмент» пәнінің мазмұнына жасалған
қосымша сабақ үдерісін басқару мақсаттары мен міндеттерін дамытуды
ұсынады.
Осы қосымшаны оқу барысында студенттер теориялық білімді теориялық
басқару және ұйымдастыру теориясы бойынша меңгереді, оқушының жеке
тұлғасын, сыныпты, сабақ үдерісін басқару идеясын қалыптастырады, оның
формалары мен технологияларын, алғашқы басқару дағдыларын меңгереді. Бұл
пән оқытушы мен студенттің өзара әрекеттесу үдерістерін басқарумен, жеке
дамуымен, оқыту жүйесіндегі білім алушының орнын өзгертуге бағытталған.
Оқу сабақтарында студенттер басқарудың негізгі тұжырымдамаларымен
және тәсілдерімен, басқару технологияларымен, стратегияларымен, негізгі
ерекшеліктерімен, қазіргі заманғы әдістерімен, білім беру сапасын басқару
негіздерімен танысады.
102
Кесте 12 – «Бағалаудың өлшемдік технологиялары»пәнінің бағдарламасына
қосымша
Пәннің тақырыптық жоспары
Бағдарламаның мазмұнына қосымша
2-тақырып: Білімді бақылау мен
бағалаудың дәстүрлі жүйесі
Мұғалімнің сабақ үдерісін басқаруда оқушының
жетістігін бақылау мен бағалаудың алатын орны
мен рөлі. Мұғалімнің пән мазмұнын жетік меңгеру
себептері мен салдарлары
3-тақырып: Бағалаудың өлшемдік
технологиялары
Оқушының тұлғасын, сыныптың ұжымын, сабақ
үдерісін басқаруға мұғалімнің педагогикалық
білім, білік, дағдыларының қалыптасуы
қажеттілігі
4-тақырып: Бағалау іс-әрекетінің
проблемасы
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында
оқушылардың оқу жетістігін бағалауды басқару.
Осы бағытта оқушылармен, ата-аналармен, пән
мұғалімдерімен біргелікте атқарылатын іс-
әрекеттерді алдын ала жоспарлау, ұйымдастыру,
нәтижелерін талдау, түзетулер енгізу
6-тақырып:Өлшемдік (критериалды)
бағалау
Оқушының қалыптастыру және жиынтық
бағалауға мотивациясын дамыту. Мұғалімнің
оларға, ата-анасына бағалау ерекшеліктері
бойынша түсіндіру, ақыл-кеңес беру жұмстарын
басқару.
7-тақырып: Өлшемдік оқыту
кезеңдері
Мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің
зияткерлік құрамының қалыптасуы. Оқу
нәтижелерін талдау, салыстыру, бағалау,
қорытындылау, рефлексия, түзетулер енгізу және
т.б.
8-тақырып: Тақырыпты толық
меңгеру өлшемін тұжырымдау. Оның
оқу
мақсаттары. Оқу мақсаттарының
қызметтері
Мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің
танымдық білімдері мен зияткерлік біліктерінің,
коммуникативтік іскерліктерінің мазмұны.
Олардың оқушының іс-әрекетін бағалаудағы
маңызы.
10-тақырып: Бағалау принциптері
Мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің
коммуникативтік құрамының қалыптасуы.
Мұғалім мен оқушының өзараәрекеттесу
принциптерінің бағалауда маңыздылығы
11-12 тақырыптар: Бағалаудың
кезеңдері мен құралдары.
Жиынтық бағалау нәтижелерін
түзету (модерациялау)
Мұғалімнің оқушының оқу жетістігін бағалауды
басқарудағы білім, білік, дағдылары.
14-тақырып: Оқушылырдың өзін-өзі
және бірін бірі бағалауы
Мұғалімнің оқушының оқу жетістігін бағалауын
өзін-өзі басқаруын тәрбиелеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |