5-дәріс. Мектептің білім беру үдерісінде білім алушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және тәрбиесін зерттеу
Жеке тұлғаны қалыптастырудың категориялық аппараты (адам, жеке тұлға, тұлға, даралық). Тұлғаның қалыптасуындағы даму, қалыптастыру, тәрбиелеу. Тұлғаның дамуының қозғаушы күштері. Тұлғаның дамуының, қалыптасуының негізгі факторлары. Тұлғаның даму тұжырымдамалары: биологиялық, әлеуметтік, биоәлеуметтік. Тұлғаның жас, психологиялық ерекшеліктері мен даму кезеңдері туралы түсінік және оларды мектеп тәжірибесінде зерттеу. Балалардың психофизиологиялық дамуындағы біркелкі емес проблемалар ("жас ерекшелік дағдарыстары", "дарынды балалар", акселерация). Педагогтың білім беру үдерісінде жеке, инклюзивті тәсілдерді есепке алуы.
Негізгі ұғымдар: тұлғаның қалыптасуы, тұлғаның дамуының қозғаушы күштері, тұлғаның даму факторлары, тұлғаның дамуының жас және психологиялық кезеңдері, білім беру үдерісіндегі жеке және инклюзивті тәсілдер.
Қарастырылатын мәселелер
1. Мектептегі білім алушының жеке тұлғасы қалыптастырушы факторлар.
2. Тұлға болмысының даму эволюциясының ғылыми сипаттамасы.
3. Жеке тұлғаның қалыптасу кезеңдерінің оқу-тәрбие процесіндегі көрінісі
4. Заманауи мектеп оқушысының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері мен проблемалары
5. Білім алушы тұлғасының дамуын, қалыптасуын және тәрбиесін зерттеу барысындағы озық тәжірибелер
1. Мектептегі білім алушының жеке тұлғасы қалыптастырушы факторлар.
Жеке тұлғаның қалыптасу мәселелері бойынша выготский Юнг К, Бенедикт Р, Рубинштейн С.Л, Леонтьев А.Н, Соковин В.А, Ядов В.А, Крутецкий В, Муканов М.М, Жарықбаев Қ.Б, Таубаева Ш.Т және басқа ғалымдар еңбектері құнды.
Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының обьектісі ғана емес, сонымен қатар субьектісі екенін ескеру керек. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психо-логияның ең маңызды заңдылығы болып табылады. Субъектінің әрекеті – жеке тұлға дамуының факторы.
Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсенділікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен (материалдық, рухани, қоғамдық) туады. Сыртқы орта мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторына жатады. Ішкі факторға бейімділік пен әуестік, адамның сезімдері мен күйзелістері және сыртқы ортаның ықпалынан пайда болатын қажеттіліктер жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактормен тығыз байланысты.
Оқушының белсенділігі іс-әрекеттің алуан түрінде көрінеді. Өмірдегі қарым-қатынас, таным, өзін-өзі жетілдіру, айналаны өзгерту және түрлі белсенділіктері дамиды. Қарым-қатынас бала белсенділі-гінің ең алғашқы белгісі. Ол түрлі қатынасқа түсу арқылы өзінің ең маңызды жақтарын дамытады. Бала өскен сайын оның танымдық белсенділігі тереңдей түседі. “Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?” – де-ген сұрақтарға жауап іздей бастайды. Мектептегі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен тереңдеуіне мүмкіндік жасай-ды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын өз бетінше білімді игеруге, оларды практикалық әрекетте пайдалану қабілетіне ие болады. Адам-ның әлеуметтік белсенділігі өзін қоршаған ортаға ықпал етеді, бол-мысты өзгертуге, қайта құруға бағытталады.
Тұлғаның дамуын зерттеу философия, педагогика, психология, әлеуметтану, медицина, мәдениеттану, этика, физиология т.б. ғылымдары кіріктіре жүргізеді. Адамның дамуы және оның тұлға ретінде қалыптасуы биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік тұрғыдан қарасты-рылады:
- биологиялық бағыт - адам табиғаттың бір бөлшегі, оның іс-әрекеттері мен мінез-құлқы көбінесе табиғи қажеттіліктерге негіз-деледі;
- әлеуметтік бағыт - адам биологиялық тіршілік иесі ретінде әлеуметтік топтардың қарым-қатынас ықпалынан әлеуметтенеді, қоғам-дық ортаға бейімделеді;
- биоәлеуметтік бағыт - жүре пайда болатын қасиеттерге негізделеді.
Жеке тұлғаның белсенділігінің бағыттары оқушының әр-алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады. Олар: білім алу - танымдық, еңбек, қоғамдық пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауық-тыру әрекеттері. Жеке тұлғаның мүмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуге мүмкіндік туғызатын қызмет - әрекетті ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру – баланың дамуын қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы. Кез келген тәрбиелік міндет белсенділікті арттыру арқылы шешіледі.
«Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олар-дың арақатынасына тоқталатын болсақ, тұлға – іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі, индивид көп адамдардың бірі, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырылады.
Тұлға ол субъект, объект те бола алады. Себебі, субъект тұр-ғысынан алатын болсақ тұлға саналы іс-әрекет ете алатын қабілетті тұлға болып табылады. Әлеуметтік ортада тұлға объекті ретінде білім, тәрбие ала отырып, әлеуметтенеді.
Тәрбиенің екі жақты сипаты болады: тәрбиешіден тәрбиеле-нушіге дейінгі тікелей байланыс - міндетті саналатын әрекет. Тәрбие-шінің қолында кері байланыстан алынатын мәлімет неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заңдылық мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің және тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыстың болуын қарастырады.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-же-тілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғам-дық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
«Жеке адам», «жеке тұлға» түсініктерінің сипаттамасы «дара-лық» түсінігімен толықтырылады. Даралық түсінігі бір адамды екін-шісінен айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Даралық бір адамның екіншісіне ұқ-самайтын өзіндік ерекшелігі мен өзгешелігін сипаттайды. Даралық, әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері, шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің өзіндік көріністерімен бөлектенеді.
Жеке тұлға даралығы – индивид тұлғасының және психолог-гиялық өзіндік ерекшелігі, қайталанбастығы, оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан, интеллектуалдығынан, қабілеттерінен көрініс береді.
Жеке тұлғаның әлеуметтенуі В.А.Соковиннің көрсеткеніндей, үш деңгейде жүзеге асады:
1) қоғамның жалпы индивидке ықпалы, қоғам өз байлығын және әлеуметтік құндылықтарын, арман-мұратын, мақсатын қарым-қатынас арқылы – оның «әлеуметтік ұйымдастырылған құрылымы» арқылы;
2) жалпы қарым-қатынас үдерісінде жеке тұлғаға ықпал ету жалпы ақпарат құралдары арқылы ;
3) жеке топ ішінде қоғамға ықпал ету қарым-қатынасы арқылы;
Кіші топта қарым-қатынас әрбір индивидтің шығармашылық өсуіне қосымша мүмкіндіктер жасайды. Мысалы, өз идеяларын, көз-қарастарын әсерлерін тексеруге; өзін-өзі түсінуге, өз жетістіктерін бағалауға және қателіктерін түсінуге көмектеседі.
Қазіргі таңда тәрбиенің негізі басты бағыты – тұлғаны қалып-тастыру. Тұлғаны қалыптастыру-үздіксіз жүргізілетін педагогика-лық үдеріс. Адам кәсіби мамандық иесі, оған дайындық барысында, мамандыққа сай білімін жалғастырғанда бірге жүреді. Тұлға дегені-мізге философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылымы тұрғы-сынан жан-жақты зерттеу жүргізіліп, әр қырынан өздерінің анықта-малық тұжырымын береді. Тұлға – ерік-жігерінің іске асуы, өз ойын еркін іске асырудың дайындығы және оның іске асуының нәтижесі. Ерік-жігертетігідегеніміз- адамның өзіне тән жеке бас қасиет-терін іске асыруы.
Тұлға дегеніміз – сезімнің, әсердің ішкі күшінің - сүйініштің бойға жинақтаған көрінісі. Шынайы патриот тұлға – жалпы адамзаттық құндылықтардың негізін салушы және таратушы (С.Л.Рубинштейн). Жан-жақты мәдениетті тұлға деп өз мәдениетіне де, өзге мәде-ниетке де тәнті адам деп танимыз. Төл мәдениетті терең білу оған басқа мәдениеттерге қызығушылыққа іргетас қаласа, көп мәдениетті білу өз мәдениетін мақтан тұтуға негіз салады.
Достарыңызбен бөлісу: |