Сахна мерекелік безендірілілген. «Күз келді» әуенімен сахнаға жүргізушілер шығады. 1-жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар,қадірлі қонақтар, оқушылар! 5-7 сынып оқушылары арасында өтетін «Алтын күз»



бет1/3
Дата15.10.2023
өлшемі18.28 Kb.
#480794
  1   2   3
алтын күз5-7


Сахна мерекелік безендірілілген. «Күз келді» әуенімен сахнаға жүргізушілер шығады.
1-жүргізуші:

Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар,қадірлі қонақтар, оқушылар! 5-7 сынып оқушылары арасында өтетін « Алтын күз» сайысына қош келдіңіздер! Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілін бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз-даланың дархан дастарханы. Күз - байлық, молшылық.




2-жүргізуші:
Күз — мереке, Күз — ырыстың белгісі,
Қайтып барады мекеніне жыл құсы.
Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз,
Шат – шадыман халқымыздың тұрмысы.


1-жүргізуші:
Ақ көңілді, ақ пейілді жайыңыздар,
Үлгі тұту әрқашан ойымыз бар,
Қырандай қанат қаққан ұл-қыздарға
Қол соғып, қошеметтеп қойыңыздар,- дей келе ендігі кезекте бүгінгі сайысқа қатысушы топтарды сахна төріне шақырайық.


2-жүргізуші:

5-сынып «Алтын күз»тобы


6а-сынып «Күз ханзадалары мен Күз ханшайымдары»тобы
6б-сынып «Алтын дән»тобы
7а-сынып « Сабантой»тобы
7б-сынып « Берекелі Алтын күз»тобы


1-жүргізуші:
Әділқазы алқасына бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, - дей келе бүгінгі сайысымызға қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1_________________________________________________________________


2________________________________________________________________
3_________________________________________________________________

-Ал,енді, сайыскер командаларға сәттілік тілей отырып,өздерін таныстыруға дайындалуға рұқсат берейік. Топтар өнерлерін сыныптарының өсу ретімен,яғни 5-сыныптан бастап көрсетеді.




2-жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы,көрермендер, «Алтын күз» сайысының бағдарламасымен таныс болыңыздар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет