Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар! Сіздерді мектеп әкімшілігі атынан 1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
1 қыркүйек барша халықтың, әсіресе, балалардың көптен күтетін мерекесі!
Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізген оқу орындарына мақтанышпен келген мектеп қабырғасын жаңа ғана аяқтаған түлектер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата - аналар.
Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда. Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың қарадомалақ балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды.
Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.
Балалар жылы аясында «Мектепке жол»акциясы өткізілді.Онда 38 оқушыға көмек көрсетілді.Оның ішінде «Егінші»ЖШС-12 балаға,»Мырзабай ахун» ауылдық округі БПҰ төрағасы С.Оспанова-1 оқушы,Ауыл әкімшілігі ұжымы-1 оқушы,Аудандық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Г.Аханаева-4 оқушы,жеке кәсіпкер Нұржан Ә-2 оқушы,»Толыбай»ш/қ төрағасы Тәуіпбайұлы Ғ-1 оқушы,№ 122 орта мектеп ұжымы-14 оқушыға,»Бірлік»ш/қ төрағасы Елеуішов Ә-1 оқушы,Ауыл кітапхана меңгерушісі Тілеуова С-1 оқушы,Ауылдық емхана ұжымы-1 оқушыға демеушілік жасады.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әлеуметтік осал отбасылар «Жалпыға міндетті білім беру» қоры арқылы үйдегі әр оқушыға көмек ала алатынын хабарлады. Сонымен бірге, көмек көлемі әр мұқтаж оқушы үшін кемінде 37 389 теңге болды.Біздің ауылымызда 28 отбасының 73 баласына 37 389 теңгеден көмек көрсетілді/әр балаға/ Балалар жылына орай ұлттық құндылықтарды жаңғырту, дәріптеу, ел руханиятын көтерген тұлғалардың тағылымды шығармашылығымен таныстыру және балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау мақсатында «Жазғы лагерь»кезеңінде Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы бойынша оқушылар әңгімедегі кейіпкерлер бейнесіне талдау жасап,олардың ішкі жан дүниесін ашуда өз көзқарастарын білдірді.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Биыл Ата Заңымызға 27 жыл толып отыр. Тәуелсіздік жылдары еліміздің бас құжатына бірнеше рет өзгеріс енгізілді. Ал соңғы түзетулер биылғы 5 маусымда бүкілхалықтық референдум арқылы енгізілген болатын. 1995 жылы 30 тамызда қабылданып, 2022 жылдың 8 маусым күні соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Конституциясы 10 бөлім, 99 баптан тұрады.
· Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті;
· Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі;
· Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ;
· Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
· Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ;
· Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады;
· Сенаттағы президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылды;
· Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді;
· Тұңғыш президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталды.
Жалпы құқықтық жағынан алғанда негізгі өзгерістердің бірі — Конституциялық Соттың құрылуы болды. Азаматтарымыздың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қорғайтын орган болғандықтан, Қазақстан Республикасы нормативтік құықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарау басты міндеті болып табылады. Бұл өзгерістер еліміздің болашағын айқындайтын басты өзгерістер
Мектеп партасында отырған әрбір баланы білімді, дарынды, өнерлі, интеллектуалды етіп тәрбиелеу күн тәртібінен түспейді.
Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани-адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген тұлға болуы керек.
Осы мақсатқа жету жолында мектеп ұжымы қажырлы еңбек етуде. Оның дәлелі- өткен оқу жылының қорытындылары.
2021-2022 оқу жылында 11-сыныпты 12 оқушы аяқтады,оның 8-і ҰБТ ға қатысты.Мектептегі білім сапасының басты көрсеткіштерінің бірі - бұл мектеп түлектерінің ҰБТ - дағы көрсеткен білім деңгейі. ҰБТ -ға қатынасқан 8 түлектің барлығы да жоғары балл жинап, 6 түлек мемлекеттік грант иегері атанса,2 оқушы ақылы негізде оқуғам түсті. Арнаулы оқу орнына 3 оқушы грантқа,1 оқушы ақылы негізде қабылданды.Биылғы оқу жылында орта балл 83,5 пайыздық көрсеткішке жетті..
Биылғы оқу жылындағы өзгерістер мен жаңашылдықтардың маңыздыларын назарларыңызға ұсынамыз. Алдағы оқу жылының негізгі жаңалығы – жазғы каникулдар бір аптаға қысқарады. Енді оқушылар 31 мамырға дейін оқиды. Осылайша, 1-сыныптар 35 апта оқыса, 2-11 (12) сыныптар 36 апта бойы білім алады.