«Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №548 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы



Дата24.02.2016
өлшемі8.35 Kb.
#15169

«Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №548 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы №1618 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Салалық арттырушы коэффициенттерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 маусымдағы №548 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., №29, 286-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) тау-кен металлургия саласында – кемінде 1,7;»;

7) тармақшадағы «2,0 болып бекітілсін.» деген сөздер «2,0;» деген санмен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) темір жол саласында – 1,05-тен 1,25-ке дейін болып бекітілсін.».



2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет