«Салғастырмалы грамматика»



бет10/11
Дата30.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
#168561
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Демеулік шылаулар

Демеулік шылаулар – бұл екі тілде де тұтас сөйлемдерге, жеке дара сөздер немесе сөз тіркестеріне түрлі жалпы мағыналық, эмоционалдық, модальды-еріктік рең беретін көмекші сөздер. Демеулік шылаулардың көмегімен сөйлеуші берілген сөздегі неғұрлым маңызды сөзді ерекшелейді.

Мағынасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде демеулік шылаулар келесідей топтарға бөлінеді:


  1. Сұрау демеулік шылаулары: орыс тілінде разве, неужели, ли.

Қазақ тілінде: ма, ме, ба, бе, па, пе; ше,ші.

  1. Лептік демеуліктері: ай,ақ, қандай, не деген, нендей. Олар мағынаның бейнесін күшейтеді немесе түсінікпен байланысты эмоционалды бағаны білдіреді: ну что за шейка, что за глазки! – не деген мойын, деген (нендей) көздер!

  2. Күшейтпелі: же, даже, ведь, таки, все таки, так вот, то-то, то, на, ни, еще т.б.

Қазақ тілінде осы тектес демеулік шылаулардың ерекше түрі жоқ.

    1. Болымсыз (орыс тілінде): не, ни, вовсе, не, далеко. Не, нет.

    2. Орыс және қазақ тілдерінде выделительно-ограничительные частицы – шектік-тежеу демеуліктері: лишь, только, единственно т.б.Ал қазақ тілінде бұл топқа жататындар: ақ, ғана, тек т.б.

    3. Орыс тілінде сілтеу демеулік шылауының тобы бар: вот. Вон, вот это.

Қазақ тілінде сілтеу демеулік шылауы жоқ. Сондықтан орыс тілінің сілтеу демеулік шылауына әдетте сілтеу одағайлары сәйкес келеді: міне, әне, кәне. Вот это мне и нужно – Міне, маған керегі де осы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.

  • Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  • Етістіктің грамматикалық категориялары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

13 тақырып: Синтаксис
Дәріс жоспары:

1.Сөз тіркесі, сөздердің байланысу түрлері.

2. Сөйлем. Сөйлем мүшелері.

3. Жай сөйлемнің түрлері.


Мақсаты: Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз тіркесі, сөздердің байланысу түрлері.Сөйлем. Сөйлем мүшелері.. Қазақ және орыс тілдеріндегі жай сөйлемнің түрлері

Мазмұны:


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.

  • Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  • Етістіктің грамматикалық категориялары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.


14 тақырып: Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері

Дәріс жоспары:


  1. Жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем.

  2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем.

Мақсаты: Қазақ және орыс салалас құрмалас сөйлемдердің жасалуы.

Ұқсастары мен айырмашылықтары анықтау.



Мазмұны:

Кемінде екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, крделі ойды білд іретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

Екі тілге де ортақ құрмалас сөйлемге тән белгілер:


  • Полипредикаттық;

  • Күрделі ой беріледі;

  • әр предикаттық орталықтың өз бастауыш, баяндауышы болуы шарт;

  • жай сөйлемдер бір-бірімен белгілі тұрақталған грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;

  • компоненттер арасында мағыналық қатынастар орын алады;

  • Ол мағыналық қатынастар қазақ тілінде - ...., ал орыс тілінде – обьектные, атрибутивные, обстоятельственные, перечислительные, разделительные, противительные, т.б. деп сараланады.

Екі тілде де жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілдерінде айтарлықтай айырмашылық жоқ:

    1. Жай сөйлемдердің бірінің баяндауыштарының тиянақсыз формада келіп байланысуы;

    2. Орын тәртібі арқылы байланысуы;

    3. Шылаулар арқылы байланысуы;

    4. Интонация арқылы байланысуы.

Тілдерде сонымен қатар мына мәселелер ерекше аталады:

Предикаттық бөліктердің еріктілік дәрежесі: толық еріктілік берілсе, жай сөйлемдер тек тнтонация арқылы құрмаласуы мүмкін. Мысалы: Грачи улетели, лес обнажился, поля опустели. Қазақ тілінде тең дәрежеде байланысқан сөйлемдер интонация арқылы құрмаласады: Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.

Ал еркінділік тек жартылай ғана берілсе, бір сөйлем келесі сөйлемнің міндетті түрде түсіндірілуін талап етеді. Никто не знает, чья рука положила эти цветы.

Мұнда «знает» етістігінің келесі сөйлемде кеңінен сипаттамасы беріледі.

Қазақ тілінде де сол типтес құрылымдар бар: Оның қорыққаны сонша – аяқ-қолы дірілдеп кетті. Екінші компонент «сонша» сөзінің бар мағынасын ашып тұрғандай.

Қазақ тілінде

1. Салалас құрмалас сөйлем

2. Сабақта құрмалас сөйлем

3. Аралас құрмалас сөйлем

Орыс тілінде

1. Сложносочиненные предложения

2. Сложноподчиненные предложения

3. Бессоюзные предложения



Құрмаластың құрамында сөйлемдердің орналасу реті, кейбіреулерінде жай сөйлемдер оңай ауыса алатын болса, кейбіреулерінде ондай еркіндік жоқ. Мысалы: Спали в риге, так как в избе было душно. – Так как в избе было душно, спали в риге.
Қазақ тілінде:

Шұға шын ауруға айналған соң, Есімбек жұмасарайын деді.

Есімбек жұмсарайын деді, себебі Шұға шын ауруға айналды.

Орыс тілінде құрмалас сөйлемдер құрылыс бойынша ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Мысалы:



  1. Мало в Мещере пахотной земли, а болот хватает.

Бұл құрылысы бойынша ерікті түрі. Оның моделінде «а» жалғаулығы бар, пахотная земля – болото сөздері арқылы қарсылық мән тудырып тұр.

  1. Чего другого, а болот в Мещере хватает.

Мұнда лексикалық қарама –қайшылық жоқ, бірінші компонент есімдікті айналым.

Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштарының тиянақты - тиянақсыздығына байланысты, олардың арасында орнаған синтаксистік байланыс пен грамматикалық мағыналарына байланысты салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлем деп бөлінеді.

Орыс тілінде сложносочиненные және сложноподчиненные деп бөлінеді.

Екі тілде де құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін салалас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:



  1. Жалғаулықты салалас

  2. жалғаулықсыз салалас

Қазақ тілінде салалас құрмалас сөйлемнің 8 түрі бар:

  1. Шартты салалас

  2. салыстырмалы салалас

  3. түсіндірмелі салалас

  4. ыңғайлас салалас

  5. себептес салалас

  6. кезектес салалас

  7. талғаулы салалас

  8. қарсылықты салалас.

Ал, орыс тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдер жалғаулықтары арқылы жасалады: и, да, но, а, или, либо, то...,то... және т.б.

Қазақ тіліндегі салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерңне тоқталсақ.

Құрамыедағы жай сөйлемдері бастауыштарының іс - әрекеті біртектес, мезгілдес, орайлас бір сарынды мағыналық қатынаста айтылған салалас құрмалас сөйлем ыңғайлас салалас деп аталады. Шылаулары: және, да, де, әрі. Мысалы: Тойда біреулер өлең айтады да, біреулер би билейді. (жалғаулықты салалас). Әкем – дәрігер, шешем – мұғалима. (жалғаулықсыз салалас).

Құрамындағы салалас сөйлемдердегі істің, оқиғаның өзара қарама-қарсы мәнде жұмсалатын салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. Компоненттері арасындағы қарсылық мағынаның орын алуына мыналар әсер етеді:



  • Оқиғаның мазмұн желісі;

  • Компоненттеріндегі баяндауыштардың бірі – болымды, екіншісі – болымсыз тұлғамен берілуі немесе антоним сөздерден болуы;

  • Қарсылық мәнді шылаулардың қолданылуы;

  • Компоненттер құрамында жеке сөздердің қолданылуы;

Мысалы: Тәңірберген бірер рет тіл қатып еді, Еламан үндемеді. (жалғаулықсыз). Алдымызда жүз саржан шамасында Есімбектің үйі тұр, бірақ Шұға көрінбеді. (жалғаулықты салалас).

Соңғы сөйлемі алғашқы сөйлемде айтылған іс - әрекет, жай-күйінің мазмұныны кеңейтіп, нақтылап, түсіндіріп келген салаластың түрін түсіндірмелі салалас деп атаймыз. Оның жасалуының негізгі екі жолы бар:

1. Алғашқы сөйлемнің баяндауышы сілтеу еімдігінен немесе сілтеу есімдігінен жасалған үстеуден болып, екінші сөйлм сол баяндауыштың мазмұнын түсіндіру мақсатында келген түсіндірмелі салаластар: Оның қорыққаны сонша – аяқ-қолы дірілдеп кетті.

2. Алғашқы сөйлемде белгілі бір іс-әрекет, жай – күй хабарланып, екінші сөйлем алғашқы сөйлемдегі бір сөзді нақтылап түсіндіру мақсатында жұмсалатын түсіндірмелі салалас: Екі адам келе жатыр: бірі – Нұрбол, екіншісі – Айбек.

Компоненттерінің мағыналық қатынасы өзара себептестік мәнде келген салаластың түрін себептес салалас деп атаймыз. Сырыңды досыңа айтпа, оның да айтатын адамы болады. (жалғаулықсыз түрі). Күріш тұқымы суға қолмен себіледі,өйткені сеялка сға жүре алмайды. (жалғаулықты түрі).

Компоненттерінде баяндалатын оқиғалар бірінен кейін екіншісі кезектесіп орындалатын салаластың түрін кезектес салалас деп атаймыз.Кезектес салаластың тек жалғаулықты түрі болады. Мысалы: Бірде қар жауады, бірде ұйтқып боран соғады.

Талғаулықты салалас компоненнтеріндегі іс-әрекеттің тек біреуі ғана талғанып барып жүзеге асатындығын білдіретін салаластың түрі: Не мен барамын, не сен барасың.

Компоненттердің мағыналары өзара шарттастық мәнде келетін салаластың түрін шартты салалас деп атаймыз: Осыдан қолыма түссінші, сазайын тарттырармын. Шартты салаласты жасайтын жалғаулық шылау ретінде Қ. Есенов «әйтпесе» шылауын көрсетеді: Сен келісіміңді бер, әйтпесес мен саған жоқпын.

Компонеттеріндегі жай-күйлер, оқиғалар өзара салыстырыла берілетін салаластың түрін салыстырмалы салалас деп атаймыз: Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас.

Орыс тіліндегі салалас сөйлемдер жалғаулықтарына, олардың беретін мағынасына қарай 5 түрге бөлінеді:



    1. ССП с соединительными союзами (байланыстырушы мәнді жалғаулықтары бар СҚС);

    2. ССП с разделительными союзами (бөлуші, ажыратушы мәнді жалғаулықтары бар СҚС);

    3. ССП с противительными союзами (қарсылық мәнді жалғаулықтары бар СҚС);

    4. ССП с присоединительными союзами (жалғастырушы мәнді жалғаулықтары бар СҚС);

    5. ССП с пояснительными союзами ( түсіндірмелі жалғауықтары бар СҚС).

Байланыстырушы мәнді жалғаулықтар бар СҚС байланыс қатынасы туады. Мұндай сөйлемдер біртекті және әртекті құрамды деп бөлінеді.

Бірінші топтағы сөйлемдер и, да, ни...ни жалғаулықтар арқылы байланысып, байланыстырушы – санамалау қатынасын орнатады. Бір мезгілде не бір-бірінен кейін орындалатын әрекеттер санамаланып айтылады. М:

Урожайный сгибается колос,

И пшеница стеною встает.

И подруги серебряный голос,

Нашу звонкую песню поет. немесе

Я не могу расти в покое: ни солнца мне не виден свет, ни для корней моих простору нет.

Екінші топтағы сөйлемдер и, да, также, тоже жалғаулықтары арқылы байланысып, байланыстырушы – кеңейтуші, байланыстырушы – нәтижелі, және т.б. әртекті қатынас орнатады.

Байланыстырушы – кеңейтуші сөйлемдерде екінші сөйлемі алғашқысының мазмұнын аша түседі. Мысалы: Ввели новые графики, и это новое введение значительно повысило производительность труда.

Байланыстырушы- нәтижелі сөйлемдерде екінші сөйлем біріншісіндегі орындалатын әрекетінің нәтижесін көрсетеді. Екінші бөлігінде поэтому, потому үстеулері, следовательно, значит қыстырма сөздері, и жалғаулығы қолданылады. Мысалы: Потемки все более сгущались, и предметы теряли свои контуры.

Ажыратушы жалғаулықтары бар СҚС (или, иль, либо, то..то, не то ... не то, то ли ... толи) ажыратушы, бөлуші қатынастар орнап, не кезектеседі, не талғайды.


  1. Таңдау, талғау қатынастары или, либо, не то.. не то, то ли.. то ли жалғаулықтары арқылы жасалады. Олар жеке тұрып та, қайталанып та қолданыла береді.

  2. Кезектесетін сөйлемдерде предикаттық бөлігінде баяндалатын оқиғалар түрлі жоспарлы уақытта жүзеге асады, яғни кезектеседі: То солнце тусклое блестит, то туча черная висит.

Қарсылықты мәнді жалғаулықтары бар СҚС (а, но, даже, зато, однако) қарсылық мәнді қатынас орнап, олардың әр түрлілігі немесе сәйкессіздігі баяндалады. Құрылысындағы ерекшеліктеріне сәйкес олар екі түрге бөлінеді:

    1. салғастырмалы

    2. қарсылықты

Салғастырмалы сөйлемдерде құбылыстар белгілі қатынаста салғастырылып, мәйкессіздігіне қарамастан бір – бірін жоққа шығармайды, бірігіп өмір сүреді: Низ башни был каменный, а верх деревянный.

Қарсылықты сөйлемдерде қарсылықты қатынастардың түрлі типтері беріледі: қарсылықты-шектеуші, қарсылықты-толықтырушы, т.б. Мысалы: Я с ними вечно бранюсь, но все-таки я их очень люблю.

Жалғастырушы мәнді жалғаулықтары бар СҚС. Сөйлемдегі жалғастырушы қатынастар былайша сипатталады: 1. бұл қатынаста екінші предикативті бөлігі сөйлеу процесінде туғандай, біріншісінің толықтырушысы секілді. 2. екінші сөйлемнің толықтырушы сипаты жалғастыршы конструкцияның интонациондық өзгелігін шарттайды: жалғаулық алдында дауыс төмендейді, пауза бар (жазуда ол нүктелі үтір немесе сызықшамен берілуі керек). 3. кейде жалғаулықтарға кейде үстеу, есімдіктер жалғанады. 4. жалғану кезінд бұл жалғаулықтар өзінің негізгі мағынасын өзгертуі мүмкін. Мысалы: Ты сегодня должен поговорить с отцом, а то он будет беспокоиться о твоем отъезде.

Түсіндірмелі жалғаулықтары бар СҚС екінші бөлігі алғашқысымен түсіндірмелі- жалғастырушы о именно, то есть жалғаулықтары арқылы байланысады: Мы спали, то есть сестра спала, а я лежал с открытыми глазами.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің шырай формасы.

  • Екі тілдегі сын есімнің септелуі.

  • Сын есімдердің жасалу жолдары

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктер.

  • Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты.

  • Етістіктің грамматикалық категориялары.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі флексияға

  • Аффиксоидтер және интерфикстер.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі синтетикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі аналитикалық тәсіл.

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі лексика-семантикалық тәсіл.

Әдебиеттер: 1,2,4,6,7,9,10,12.

15 тақырып: Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері

Дәріс жоспары:
1. Шартты, амал, себеп, мақсат, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлем

2. Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлем.



Мақсаты: Шартты, амал, себеп, мақсат, қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемдің жасалуы.Салғастырып отырған тілдерде баламасы жоқ сабақтас құрмалас сөйлемдерді анықтау.

Мазмұны: Құрамындағы бағыныңқы, басыңқы сыңарларының алғашқысының баяндауышы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз.

Қазақ тіліндегі сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері:



  • Мезгіл бағыныңқылы;

  • Себеп бағыныңқылы;

  • Қарсылықты бағыныңқылы;

  • Шартты бағыныңқылы;

  • Мақсат бағыныңқылы;

  • Қимыл-сын немесе амал бағыныңқылы;

  • Түсіндірмелі;

  • Салыстырмалы.

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мезгілін, болу уақықытын көрсетеді: Ет желініп бола бергенде, Сәмет кіріп келді.

Бағыныңқы сөйлемдегі басыңқының себебін анықтайтын сөйлемді себеп бағыныңқылы сөйлем деп атаймыз: Қаламыз курорт болғандықтан, онда өнеркәсіп орындары жоққ тән.

Бағыныңқы сөйлемі басыңқыдағы іс, оқиға мазмұнына қарама – қарсы мағыналық қатынаста келетін сөйлем қарсылықты бағыныңқы сабақтас сөйлем деп аталады: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмас, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем баяндалған іс-қимылдың мағыналық жақтан бір-бірімен өзара байланысы негізінде жасалады: Енді жол түссе, ол орманды толық игеруге елдің күші жетеді.

Бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі іс-әрекеттің мақсатын білдіретін сабақтастың түрін мақсат бағыныңқылы сабақтас деп атаймыз: Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.

Бағыныңқы сабақтас басыңқыдағы іс-әрекеттің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіретін сөйлем қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас деп аталады: Жұлығынан аяғы шығып, алба–жұлба болып, бүрсеңдеп, бір әйел кірді.

Көпшілік сабақтастың бағыныңқы компоненті өз басыңқысын әр түрлі мағыналық жақтан сипаттай келсе, түсіндірмелі сабақтаста мұндай көрініс керісінше болады, айқындылық, түсіндірушілік қызмет басыңқының үлесіне тиеді. Мысалы: Бастан-аяқ мәнін ойласа, бұл өзі – Жігітектен кешірілу сұраған сөз. Мұнда біріші сөйлемнің баяндауышы әрқашан шартты рай тұлғасында жасалады, екі қанаттағы баяндауыштар да осы шақтық ұғымда болады.

Компоненттеріндегі берілген оқиғалар мен жай-күйлер өзара салыстырыла келген сабақтастың түрін салыстырмалы сабақтас деп атаймыз: Ауыл қандай әбігер болса, Жұлдыз да сондай әбігер.

Ал, енді орыс тіліндегі сабақтастың түрлеріне тоқталатын болсақ.

Толықтауыш бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными обстоятельственными) екі түрге бөлінеді: 1. мекен бағыныңқылы сабақтас кеңістіктегі қатынастарды білдіреді: Там, где ветры слизали снег, земля по ночам гулко лопается; 2. мезгіл бағыныңқылы сабақтас мезгілдік қатынастарды білдіреді: Пока ему заваривали крепкий чай, он сидел и молчал, продолжая думать.

Шартты бағыныңқылы сабақтас ( СПП спридаточной частью условия) сөйлемдерде реалды және ирреалды қатынастар берілуі мүмкін. Реалды шарт сөйлемдерде если, коли, когда, раз жалғаулықтары арқылы беріледі: Когда командир не робеет, солдаты за ним в огонь и в воду пойдут. Ирреалды шарт сөйлемдерде если бы, когда бы жалғаулықтары арқылы беріледі: Если бы мне предложили что-нибудь из двух: быть трубочистом в Петербурге или быть здешним князем, то я взял бы место трубочиста.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас (СПП с прдаточными цели) сөйлемдерде соңғы сөйлем алғашқысына чтобы, для того чтобы, с тем чтобы, затем чтобы жалғаулықтары арқылы байланысады: Я разбудил Пашку, чтобы он не свалился с дрог.

Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде (СПП с придаточными сравнения) реалды (как, подобно тому как) және болжамды салыстырулар (как будто, будто, словно, точно, как если бы) орын алады: Мелкие листья ярко и дружно зеленеют, словно кто их вымыл.

Себеп бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными прчины) сөйлемдерде себептік мағынаның түрлі реңктері берілуі мүмкін. Бағыныңқылар себеп мәндегі жалғаулықтар арқылы бекітіледі: потому что, оттого что, так как, из-за того что, вследствие того что в связи с тем что, поскольку, ибо және т.б.

Жол беруші бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными уступительными) сөйлемдердің бағыныңқысында басыңқыда айтылған оқиғалардың нәтижеге әкелу мүмкіндігін айтады, бірақ ол гәтиже болмайды. Оның жалғаулықтары – хотя, несмотря на то, что; невзирая на то, что; пускай, пусть, даром что. Мысалы: Он выглядит чистым и опрятным, несмотря на то, что одежда его изрядна поношена.

Нәтиже бағыныңқылы сабақтас (СПП с придаточными следствия) сөйлемдерде бағыныңқы сөйлемдер басыңқыға так что жалғаулығы арқылы байланысып, әрдайым екінші позицияда болады. Мысалы: Снег становился белее и ярче, так что ломило глаза.

Бағынышты-жалғастырушы бағыныңқылы сабақтас (СПП с прдаточными подчинительно-присоединительными) сөйлемдерде бағыныңқы басыңқыға отчего, почему, кейде зачем есімдіктері арқылы байланысады. Мысалы: Пала роса, что предвещало завтра хорошую погоду.

Қазақ тілінде де, орыс тілінде де құрмалас сөйлемдер көп бағыныңқылы болып бөлінеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрамында бағыныңқы сөйлемдер үнемі екі жай сөйлемнен ғана құралмайды, олардың ішінде екі, үш не одан да көп сөйлемдерден құралатыны да аз кездеспейді. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болған–ды. Көп бағыныңқылы сабақтастың екі түрі бар:


  1. Бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей байланысқан сабақтас жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас деп аталады: Көрік өзі қызып, балға өзі соғылып, жлғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тұр.

  2. Бағыныңқы сөйлемдері басыңқымен тікелей байланыспай, өзара, бір-біріне тізбектеле, өзімен тетелес тұрған бағыныңқылы сөйлемдермен құрмаласатын сабақтастың түрін сатылы көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп атаймыз. Мысалы: Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік.

Орыс тілі де осыдан алшақ кетпейді. Бағыныңқылардың неге байланысты екені және өзара қандай қарым-қатынаста болғандығына байланысты олардың негізгі екі типі анықталады.

1.Сатылай байланысқан бағыныңқы сөйлемдері бар көп компонентті сабақтас сөйлемдер: Скажи ему, чтобы держался до тех пор, пока не дам приказа отступать.

2. Бір басыңқыға қарайтын көп компонентті бағыныңқы сабақтас сөйлемдер. Мұның екі типі бар: а) біртекті өзара байланысқандар. Мысалы: Но кажется, что песня все еще длится, что ей не будет и конца. ә) әртекті өзара байланысқандар. Мысалы: Те из молодогвардейцев, которых водили на пытки последними, что в тюрьму приехал обербургомистр.

Қазақ тілінде сонымен қатар көп басыңқы сабақтас құрмалас сөйлем деген түрі де бар. Бір бағыныңқы сөйлемге бірнеше басыңқы сөйлемдердің әрқайсысы өз бетімен тікелей байланысуы арқылы жасалған сабақтас көп басыңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Мысалы: Әттеген-ай, ең болмаса, енді бір он бес күн артқа салсақ, құтырған қазатарға қанды көбік жұтқыза шайқасар едік, Орынбор әскері де заулап жетер еді.

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдердің аралас құрмалас деген түрі де бар. Құрамындағы жай сөйлемдері бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысқан құрмаластың түрін аралас құрмалас сөйлем деп атаймыз. Аралас құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілері:



  1. Аралас құрмалас сөйлем білдіретін ой салалас пен сабақтастағы ойдан күрделірек болады.

  2. Аралас құрмалас сөйлем салаласа және сабақтаса құрмаласқан үш және онан да көп сыңарлардан жасалады.

Аралас құрмаластағы жай сөйлемдер өзара екі түрлі жолмен байланысады:

  1. Ешбір жалғаулық шылаусыз: Кеше іңірде жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік ауылынан құйғытып шыға келген жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты.

  2. Жалғаулық шылау арқылы байланысады: Қарттардың айтуынша, ол жаққа ешкім барған емес, сондықтан бұрынғы жолы өшіп, тек сорабы қалған.

Орыс тіліндегі жалғаулықсыз сөйлемдер.

Жоғарыда айтылып өткендей, көптеген жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдердің мағынасы нақтыланбай, семантикасы жалғаулықтардың болмауынан анық болмайды. Дегенмен, бұлар өзіндік құрылысы мен грамматикалық мағыналары арқасында бірнеше құрылымдық-семантикалық түрлерге жіктеледі.

Санамалау мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай сөйлемдер екі топқа бөлінеді: 1. бір мезгілде: Катятся ядра, свищут пули, нависли хладные штыки. 2. әр мезгілде: Лошади тронулись, колокольчик зазвенел, кибитка полетела.

Таралушы-жалғастырушы мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай типтегі екінші бөлік кеңейтеді: 1. алғашқысының бір мүшесі; 2. толық алғашқы сөйлемді. Мысалы: Мы остановились у ворот, там был пост.

Салғастыру мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұнда алғашқы сөйлемдегі хабар мен екінші сөйлемдегі хабар салғастырылады: Справа был болотистый лес, слева – красноватые столбы утесов.

Түсіндіру мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Мұндай типтегі сөйлемдерде алғашқысының жай – күйін екінші сөйлем түсіндіреді. Мысалы: Предметы теряли свою форму: все сливалось сначала в серую, потом в темную массу.

Шартты және мезгіл мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Бұл сөйлемдер бірінші және екінші сөйлемдердің баяндауыштарының модальді формаларының қатынасымен сипатталады: Досидела бы до конца- он бы тебя до дому проводил.

Объектілі мағынасындағы жалғаулықсыз сөйлемдер. Сөйлемнің алғашқысында сөз, ой, сезімнің қабылдануымен байланысты сөздер айтылып, екіншісінде оның мазмұны ашылып, объектісі айтылады. Я тебе определенно скажу: у тебя есть талант.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет